Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесудегі баяндамасы

Қайырлы таң, құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!

 

Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Біздің өткен кездесуімізде мен сіздерге қаланы басқару жүйесін децентрализациялауға байланысты Әуезов ауданында болатын өзгерістер жайлы айтып өттім. Осы жылдың 1 сәуірінен бастап 15 функция Алматы қаласының аудандық әкімдіктеріне берілді. Бұл Әуезов ауданының бюджетін 2 еседен астам
(10,1 млрд. теңгеден 23,4 млрд. теңгеге дейін) және штат санын
21 адамға (37 бірліктен 58 бірлікке дейін) ұлғайтуға мүмкіндік берді. Алайда, қайталап айтамын, ең бастысы – децентрализация бұдан әрі аудан әкімдерінің тұрғындар алдындағы жауапкершілігін арттыруға көмектеседі және жедел шешім қабылдап, әрекет етуге мүмкіндік береді.

Енді «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасындағы өзгерістер туралы. Бұл бағдарламаның тиімділігін және қала тұрғындарының оң пікірлерін ескере отырып, мен 2022 жылы оны қаланың барлық 8 ауданында іске асыру үшін
7 млрд. теңге қосымша қаржыландыру бөлу туралы шешім қабылдадым. Әуезов ауданына қосымша
875 млн. теңге бөлінді.

Енді қазіргі кездегі сіздердің аудандарыңыздың  негізгі мәселелері мен проблемаларына тоқталып өтейін.  

  1. Инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша. Аудандағы ең проблемалы 4 учаскеде: «Достық» шағын ауданын (жобалау-сметалық құжаттама сараптамадан өтті, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы – осы жылдың шілде айы), «Арычная, Ықылас, Западная» көшелерін (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау және сараптама қорытындысын алу – сәуір айының соңы, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы – осы жылдың III-ші тоқсаны), «Мамыр-4» шағын ауданын (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау және сараптама қорытындысын алу – маусым, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы  – осы жылдың IV-ші тоқсанының басы) және «Саин - Шаляпин - Жандосов - Қарғалы өзенінің бөлігін (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау және сараптама қорытындысын алу – тамыз, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы – 2024 жылдың II-ші тоқсаны) сумен қамту және канализация желісін салу мен модернизациялау жұмыстары жүріп жатыр. Біз жобалау кезеңін аяқтап қалдық, әрі қарай конкурстық рәсімдер өткізіледі және құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.

Осы жобаларды іске асыру 2024 жылдың соңына дейін 11 мыңнан астам тұрғынды сапалы сумен және канализация жүйесімен қамтамасыз етеді. 

  1. Аудандағы жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту мақсатында шұңқырларды жауып, жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жалғастырамыз. Биылғы жылға жалпы ұзындығы 12,8 км болатын 14 көше мен өтпе жолдарды орташа жөндеу жоспарланған. Жұмыстар мамыр айында басталып, қараша айында аяқталады.

Анықтама үшін: 2023 жылы Қалалық мобилділік басқармасы қаланың
220 көшесінде ұзындығы 200 км жол жабынын орташа жөндеуді жоспарлаған. Қазіргі уақытта ведомстволық сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жобалар ведомстволық сараптама порталына жүктелді. Барлығы
26 жоба, оның 12-сінің оң қорытындысы шықты, 4-уі Автомобиль  жолдары комитетінде, 4у-і Астана сарапшыларында, 3-уі Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Алматы филиалында, 3-уі пысықталуда. Әуезов ауданы бойынша оң қорытынды алынды. Қалалық мобилділік басқармасы орташа жөндеуге конкурс жариялау үшін құжаттар дайындауда. Әуезов ауданы бойынша орташа жөндеу жұмыстарының басталуының болжамды мерзімі биылғы мамыр айының соңына жоспарлануда.

 

Децентрализация шеңберінде биылғы жылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізетін болады. Әуезов ауданы бойынша сомасы 250 млн. теңгеге жалпы ауданы 23 мың м2 жөндеу жоспарланған.

Жұбанов көшесін (Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін) ұзартуға жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. Сатып алуға жататын 307 учаске анықталды (2023 жылға арналған сатып алу жоспары – 50 учаске). Бүгінде мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде (аяқталу мерзімі – ағымдағы жылдың мамыр айы).

Бұл көлік жүктемесін айтарлықтай төмендетуге және қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Жыл басында аудандағы үнемі су басатын
7 учаскеден тек 2 проблемалық учаске
(Абай даңғылы, Момышұлы көшесінің бойы) қалды. Осы жылдың наурыз айында біз осы учаскелерді жойып, осылайша Әуезов ауданының магистралды көшелеріндегі су басу проблемасын шештік.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялау жұмыстары шеңберінде 7, 8, 10, 12, Жетісу-1,2,3,4 шағын аудандарындағы 161 ауланы абаттандыру және жөндеу жалғасуда. Осы жылдың қараша айында жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осы аулаларды абаттандыру (161 аула – 17%, ауданда барлығы 966 аула) жоғарыда аталған микро аудандарда тұратын 60 мыңға жуық тұрғынға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
  2. Дамыған әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қалалық және аудандық әкімдіктердің жұмысындағы басым бағыт болып табылады.

2 мектепті: №122 мектеп пен «Білім инновация лицейін» сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу аяқталды. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін №127 және 141 мектептерде осындай жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Алматы қаласының әкімдігі мен құрылыс компаниялары арасындағы меморандумның аясында осы жылдың қазан айында бұрынғы «Белкамит» зауытының аумағына 900 орындық мектеп салып бастауды жоспарлап отырмыз (құрылыс салушы – «Qazaq stroy»).

«Мамыр-1» шағын ауданында (мердігер ұйым – «Шах» ЖШС) ауысымына 200 адамды қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып келеді. Бүгінгі таңда жұмыстар 90%-ке аяқталды. Объект мамыр айында пайдалануға беріледі.

«Қуаныш» микро ауданында ауысымына 300 адам қабылдайтын №18 емхананың жаңа негізгі ғимаратын салу үшін жер учаскесін сатып алу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта жер учаскесінің құны иесімен келісіліп жатыр.

Анықтама үшін: алдын ала 14.04.2023 жылға дейін бағалау дайын болады. Сомасына келіскен жағдайда тиісті қаражат бөлу үшін мәслихатқа бюджеттік өтінім жіберіледі (осы жылдың мамыр айының соңына дейінгі мерзім), сомасына келіспеген жағдайда жер учаскесі тамызда сот тәртібімен сатып алынатын болады.

 

Бұл объектілердің құрылысы осы емхананың шамадан тыс жүктемесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.

  1. Аудандағы өзекті мәселелердің бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып қала бермек. Видеомониторинг жүйелері желісін кеңейту жобасы аясында ауданда адамдар көп жиналатын орындарда тағы 700-ге жуық камера орнату жоспарлануда.

Жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында аудан көшелерінде 65 «Сергек» кешені жұмыс істейді (357 бейнекамера: оның ішінде желілік - 45, қиылыстарда - 20).  Сонымен қатар 2023 жылдың бірінші тоқсанында аудан көшелерінде тағы 84 «Сергек» кешені (484 камера) орнатылды. Осылайша, аудандағы «Сергек» кешендерінің жалпы саны 149-ға жетеді.

  1. Жайлы қалалық ортаны дамыту шеңберінде Ақсай-2 шағын ауданындағы абаттандырылған сквердің үлгісі бойынша Ақсай-4 шағын ауданындағы скверді жөндеуді жоспарлап отырмыз.

«Таугүл» микро ауданында демалысты тиімді өткізетін орындар болмағандықтан Шалов бульварында көлік қозғалысын шектеп, заманауи жаяу жүргіншілер аймағын ұйымдастыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді (ұзындығы – 660 м, ауданы – 3,7 га). Жұмысты шілде айында бастап, жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Менің тапсырмам бойынша ақпан айынан бастап «Сайран» көлінің түбін (ауданы – 50 га) механикалық тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар мамыр айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Көлдің түбін тазалағаннан кейін аумағын реконструкциялап, абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік сараптама осы айда шығады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарын тамыз айында бастап, 2024 жылдың III-ші тоқсанында аяқтаймыз.

Енді сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге көшейік.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
13 апреля 2023
Дата обновления
13 апреля 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы