Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғары өсу қарқыны байқалады.

Экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және логистика, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 126,4%-ды құрады.

Өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 323,4 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі-2022 жылдың сәйкес мерзіміне 123,9%-ды құрады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі 24,1%-ға өсті.

Құрылыс 2,7%-ға ұлғайды, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 20,9 млрд. теңгені құрады. 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 423,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,2% - ға өсіп, 674 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 37% өсіммен 2 202,7 млрд.теңгені құрады. Көлік және қоймалау қызметтері – 8,5%-ға, ақпарат және байланыс қызметтері-7,7% - ға ұлғайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,9% өсіммен 148,7 млрд.теңгені құрады. Инвестициялардың өсуі кәсіпорындардың меншікті қаражатының 27,4%-ға (125 млрд.теңге) өсуінен қолдау тапты.

Инфляция жыл басынан 2,1%–ды құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларының бағасы 2,8%-ды, азық-түлік емес тауарлар бойынша-1,7% -ды, ақылы қызметтер бойынша – 1,8%-ға өсті.

Мемлекеттік бюджетке 882,6 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсіп, 37,1%-ға өсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 698,5 млрд. теңге (42,3% өсті), жергілікті бюджетке – 184,1 млрд. теңге (18,6% өсті) түсті.

Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 2023 жылдың қаңтар айында 2,1 есеге өсіп, 1 978,9 $млн. құрады. Бұл ретте экспорт  1,9 есеге ұлғайып, 4 446,4 $млн құрады. Импорт 1 532,5 $млн. құрап, 2,2 есеге өсті.

Жалпы, Алматы қаласы экономикасының дамуының оң үрдісі  2023 жылы да жалғасады деп күтілуде.

Дата публикации
03 апреля 2023
Дата обновления
03 апреля 2023
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы