
2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің 13%-ға өсуі есебінен өнеркәсіптің 9,6%-ға (жалпы өңірлік өніміндегі үлесі – 6,1%, 2022 жылғы қаңтар-қарашадағы НКИ – 110,3%) өсімі қамтамасыз етілді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқыны жоғары деңгейде (2022 жылғы қаңтар-қарашада – 14,8%) сақталып отыр.
2022 жыл ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 1 400 млрд. теңгені, НКИ – 112,1%-ды құрады, бұл 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 18%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялар 113,5 млрд. теңгені құрады.
Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында, бірінші кезекте, өнеркәсіптің машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсіптері және құрылыс материалдарының өндірісі секілді басым салаларын дамыту үшін құрылған және оларға арналған Алматы Индустриалды аймағы белсенді түрде дамуда.
2022 жылы 2 жоба, атап айтқанда, 65 жұмыс орны құрыла отырып, 4,6 млрд. теңгеге «Каз-Диа-Тест» ЖШС зауыты және 60 жұмыс орны құрыла отырып, 1,25 млрд. теңгеге «Weir Minerals» ЖШС (МПП KazStroyTrade резиденті) іске қосылды, сондай-ақ 111 жұмыс орны құрыла отырып, жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге 4 жобаны («City Stone», «TEPLOSTIL», «Stroy Production», «ЭлектроБар») техникалық жағынан іске қосу жүргізілді, 220 жұмыс орны құрыла отырып, 1,3 млрд. теңгеге 3 шағын өнеркәсіптік парктің («QazaqPlast», «Alatau Industrial Park», «ALAESTATE») құрылысы аяқталды.
Бұдан басқа, 2022 жылы арнайы экономикалық аймағының қатысушылары 273 жұмыс орнын құрды, 8,6 млрд. теңге инвестиция тартты, бюджетке 3,5 млрд. теңге салық және басқа да төлемдер төледі, 60,7 млрд. теңгеге өнім өндірді және қызмет көрсетті, экспорттың көлемі 0,38 млрд. теңгені құрады.