
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 1 400 млрд. теңге. НКИ – 112,1%, бұл 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына қарағанда, 18%-ға артық.
Инвестициялардың негізгі көлемі: жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (626 млрд. теңге), көлік және қоймалау (208,2 млрд. теңге), өнеркәсіп (113,5 млрд. теңге), сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда (113,2 млрд теңге) секілді салаларға тиесілі болды.
2022 жылғы қаңтар-қарашада 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ғимараттар мен нысандардың құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстарына бағытталған инвестициялық салымдардың 24,3%-ға артқаны байқалады.
12 айдың ішінде сыртқы инвестициялар – 179,8 млрд. теңгені (НКИ – 112,8%), ішкі инвестициялар – 1 220,6 млрд. теңгені (НКИ – 117,6%) құрайды.
Салымның ең көп өсімі Түрксіб (189,1 млрд. теңге, НКИ – 127,9%), Бостандық (386,9 млрд. теңге, НКИ – 128,2%) және Медеу (236,8 млрд. теңге, НКИ – 118,8%) аудандарында байқалды.
2022 жылдың 3-тоқсанының ішінде тікелей шетелдік инвестициялар – 5 989,7 АҚШ долларын құрады (өсім 2021 жылдың 3-тоқсанымен салыстырғанда – 27,5%).
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ұсынған декомпозицияға сәйкес, Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша нысаналы индикатор 2023 жылға 1 848,6 млрд. теңге деңгейінде белгіленді.
2023 жылға 2000-нан астам жұмыс орнын (Молл Апорт, Алматы жылу оқшаулағыш зауыты және т.с.с.) құра отырып, сомасы 257 млрд. теңгені құрайтын 22 ірі инвестициялық жобаны, оның ішінде, 700 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 18 млрд. теңгені құрайтын 8 индустриялық жобаны іске асыру, 40 жұмыс орнын құра отырып, 5 өнеркәсіптік паркті (2,7 млрд. теңге) іске қосу жоспарланып отыр.
2023 жылға арналған инвестиция ағынының көздерінің бірі өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобалар және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар болып табылады.