Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесудегі баяндамасы

Қайырлы таң, құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!

Сіздерді осы жылғы алғашқы кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.

Биыл – аудан тұрғындары үшін айтулы жыл.  Түрксіб ауданының құрылғанына 85 жыл толады. Осынау мерейтойлық датамен құттықтай отырып, Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық және толайым табыс тілеймін.

Біздің бірлескен жұмысымыздың арқасында көп шаруа атқарылды. Жылдар бойы қордаланған проблемалар шешілді.

Өткен жылы сіздердің аудандарыңыз қарқынды дамыды. Инвестиция көлемі 28%-ке (189,1 млрд. теңге, қалалық көрсеткіштің 13,5%), салық аударымдары – 1,5 есе (176,3 млрд. теңге) өсті. 5,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
(5 779 жұмыс орны, 72% тұрақты жұмыс орны). Аудан экономикасын дамытудың драйверлері – өнеркәсіп 9,1%-ке (357 млрд. теңге, қалалық көлемнен 20,8%) және құрылыс 10,2%-ке өсті (64,1 млрд. теңге, қалалық көлемнің 11,3%).

Енді әлі де шешілмеген бірқатар өзекті мәселелерге тоқталғым келеді.

  1. Инженерлік желілерді модернизациялау мәселелерінен бастайын.

2022 жылы 100 км-ден астам (102,6 км) сумен қамту
(53,1 км) және су бұру (49,5 км) желілері салынды және қалпына келтірілді. Баймағамбетов – Шемякин – Коминтерн –  Айтықов көшелерінің бөлігіндегі 21 км желі жаңғыртылып, «Жас Қанат», «Шуақты» және «Нижняя Пятилетка» шағын аудандарында 82 км жаңа желілер салынды. Осы шағын аудандардағы қалған 47 км желі бойынша жұмыстар жалғасуда және биыл аяқталады. Бұл 6 мыңнан астам абонентті сапалы сумен және канализациямен қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, осы жылдың ІІ-ші тоқсанының соңына дейін «Жас Қанат» шағын ауданындағы
3 канализациялық насос станциясын орнатуды аяқтау  және «Авиатор» (12,6 км), «Әлмерек» (2-ші кезең, 9,9 км сумен қамту, 10,2 км канализация), «Маяк» (11,5 км сумен қамту, 22,5 км канализация) шағын аудандарында 64 км желіні салу жұмыстарын бастау, 1,5 мыңнан астам үйді қамту биылғы жылдың жоспарында көзделген.  

Өткен жылы Түрксіб ауданында 24 км жаңа электр желілері салынды. Сондай-ақ 13 трансформаторлық подстанция («Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының күшімен) реконструкцияланды. Желтоқсанда «Әлмерек»
(23,5 км), «Нұршашқан» (18 км) және «Шуақты» (5,5 км) шағын аудандарында электр беру желілерін жаңғырту аяқталады.

«Нұршашқан» және «Қайрат» шағын аудандарын тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін (2500-нан астам абонентті қамти отырып) биыл «Тұздыбастау» электр подстанциясы пайдалануға беріледі.

Бүгінгі таңда подстанцияның өзі салынған, жеке меншік аумақтар арқылы кабель желісін жүргізу үшін инженерлік коридорды (Талғар ауданынан Медеу ауданы арқылы Түрксіб ауданына - 7,8 км).   келісу мәселесі ғана қалып отыр.

Көшені жарықтандыру мәселелері бойынша.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Түрксіб ауданының 100 ішінара жарықтандырылмаған көшесі бойынша жұмыс жүргізілуде. 61 көшеде жарық қосылған, қалған көшелердің жұмыстары осы жылдың сәуір айында аяқталады.

Наурызда ұзындығы 7,5 км болатын 2 магистралды көшенің  (Бұқтырма көшесі, Бекмаханов көшесі) сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Тұрғындардың өтінімдеріне қарай осы жылдың соңына дейін «Әлмерек», «Нұршашқан», «Жасқанат» шағын аудандарында, Енисейская, Баканская және т.б. көшелерде 80 учаске бойынша қосымша сыртқы жарық желісін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.

  1. Қысқы кезеңнен кейін аудан көшелеріндегі жол төсемінің жай-күйі мәселесі өзекті болып отыр.

2022 жылы 13 км жолға (18 көше) орташа жөндеу және                    16  мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жүргізіліп,                 11 көшеде 9 км жаяу жүргінші тротуары салынды. 2023 жылы 24 км жолды орташа жөндеу, магистралды көшелерде (Бұқтырма көшесі, Майлин көшесі, Бекмаханов көшесі, Сүйінбай даңғылы және т.б)                20 мың шаршы метрден астам жолды ағымдағы жөндеу жоспарлануда.

Сондай-ақ, бұдан бұрын өздеріңізге уәде еткенімдей, биыл «Парасат» тұрғын үй кешенінің жанында Рысқұлов даңғылының бойымен және теміржол арқылы Ержанов көшесінің бойымен 2 жерүсті жаяу жүргінші өткелі салынады.

Өткен жылы 27 остановка кешені жабдықталып,                                               322 бейнемониторинг жүйесінің камерасы орнатылды. Биыл 15 жаңа остановка кешенін орнатамыз (осы жылдың қараша айының соңына дейін), ал 2023 жылдың І-ші тоқсанының соңына дейін жаңа бейнемониторинг жүйесінің камерасы орнатылатын адрестердің тізімі дайындалады. Бұл шамамен – 700 камера.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында бүгінгі күні аудан аумағында 81 «Сергек» кешені жұмыс істейді, 2023 жылдың сәуір айының соңына дейін қосымша                              96 «Сергек» аппаратық-бағдарламалық кешенін орнату жоспарланған.

  1. Әкімдік Түрксіб ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударады.
  2. Аудандағы оқушы орындарының тапшылығы қаладағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі (1748 орын, Алмалы ауданынан кейінгі ең төменгі көрсеткіш), бірақ ауданда құрылыс қарқынды жүріп жатқандықтан біз жаңа мектептер салып, бар мектептерді мүмкіндігінше кеңейтуге ниеттіміз.

Өткен жылы «Қайрат» шағын ауданында 1 500 орындық №211 мемлекеттік мектеп-гимназия салынып бітті. Ол өз жұмысын қыркүйек айында жаңа оқу жылынан бастайды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде осы жылдың II-ші жартыжылдығында Түрксіб ауданында 6 400 орындық 4 мектептің құрылысы басталады. Жұмыстар келесі жылы IV-ші тоқсанда аяқталады. Сондай-ақ 1050 орындық 2 мектепке қосымша ғимарат салу (450 орындық №195 орта мектеп, аяқталуы – 2023 ж. қыркүйек, 600 орындық №198 орта мектеп, аяқталуы – 2023 ж. қыркүйек), №83 гимназия филиалын реконструкциялау (басталуы – 2023 ж. ақпан, аяқталуы –
2023 ж. қазан)
және № 50 орта мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту жобалануда (басталуы – 2023 ж. ақпан, аяқталуы – 2023 ж. желтоқсан).

Қазіргі уақытта №70 арнайы балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталуда, ашылуы II-ші тоқсанға жоспарланған. Осы жылдың соңына дейін «Қайрат» шағын ауданындағы 260 орындық мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталады.

  1. Сапалы медициналық қызметтер көрсету үшін қазіргі уақытта «Нұршашқан» шағын ауданында 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынып жатыр, жұмыстар қыркүйек айында аяқталады. II-ші тоқсанда Айбасов көшесінде 200 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.

Сонымен қоса, II-ші тоқсанда «РВ-90» (2022 жылғы желтоқсанда шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты «АрхКомплекс» ЖШС-мен шарт бұзылды) және «Әлмерек» (ауданы 0,6 га жер учаскесін сатып алғаннан кейін) шағын аудандарында 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін конкурстар жарияланады.

«Қайрат» шағын ауданында 340 адам қабылдайтын емхананың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын маусым айында аяқтау жоспарланған.

Аудан тұрғындарына әлеуметтік және спорттық бағыттағы объектілерді «қолжетімді» ету үшін қарқынды жұмыс жалғасуда.

  1. II-ші тоқсанда «Жас Қанат» шағын ауданында жүзу, су добы, синхронды жүзу, баскетбол және басқа да түрлі спорт секциялары жұмыс істейтін, бассейні бар заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады. III-ші тоқсанда Р.Зорге көшесі, 2 «А» мекенжайында Әлеуметтік объектілер орталығы ашылады. Онда «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы, «Шыңға өрлеу», «Ардагерлер кеңесі» және «Мүгедектер қоғамы» әлеуметтік клубтары орналасады. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу үшін бюджеттен ақша бөлінді.
  2. Аудан тұрғындары үшін жайлы қалалық орта құру қала әкімдігінің ерекше бақылауындағы мәселе.
  3. 2022 жылы Жарбұлақ өзенінің арнасын кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 6,7 км іргелес аумақ абаттандырылды. Сондай-ақ өткен жылы «Аспан» паркінің (15 га) құрылысы аяқталып, «Маяк» (31 га) тоғайы абаттандырылды. Биыл «Слава Аэропорта» және «№6 оқушылар үйі» 2 скверін абаттандыру жұмыстарын жалғастырамыз. Сыртқы жарықтандыру желілерін, жасыл аймақтарды суару жүйесін, орындықтар, урналар орнатып, жаяу жолдарды жаңартамыз.
  4. Тұрақты су басуға бейім учаскелерді жою үшін өткен жылы Түрксіб ауданынан 10 учаске анықталды, оның 8-і төтенше жағдай желісінің жұмыстары шеңберінде жойылды. Қалған 2 учаске сәуір айының соңына дейін аяқталады.

2023 жылдың соңына дейін ұзындығы 41 км болатын  57 учаскеде арық желілері мен нөсер канализациясын салу, реконструкциялау жұмыстары аяқталады.

  1. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 2022 жылы ауданда 800 млн. теңгеге 28 жоба іске асырылды. Оның шеңберінде ортақ пайдаланудағы
    14 орын, 10 балалар және спорт алаңдары абаттандырылды, 4 контейнер алаңы қазылып орнатылды. Осы жылы Түрксіб ауданында 91 жобаны іске асыру жоспарланған.

Менің тапсырмам бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыруға биыл қаланың барлық 8 ауданына қосымша 7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде сіздердің ауданға 875 млн. теңге бөлінді.

Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет.

Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 марта 2023
Дата обновления
30 марта 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы