
Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!
Сіздерді осы жылғы бірінші кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!
Бүгінгі кездесуімізді бастамас бұрын, алдымен қаламыздың аруларын өткен Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Баршаңызға, құрметті ханымдар, зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін!
Біз Сіздермен бірге Алмалы ауданындағы өмірді жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқардық және өз атымнан сіздердің қолдауларыңыз бен немқұрайлы болмағандарыңыз үшін алғыс білдіргім келеді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алмалы ауданында экономикалық дамудың оң динамикасы байқалады. Тауар айналымының жалпы көлемі 23%-ке өсіп, 3,6 трлн теңгені құрады. Ауданда 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Салық түсімдерінің көлемі 32%-ке өсіп, 852 млрд теңгені құрады.
Алмалы ауданы біздің қаламыздың тарихи орталығы және инфрақұрылым жағынан дамыған аудандардың бірі болып табылады. Алайда, соған қарамастан, мұнда инженерлік желілерді модернизациялау, жол-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сондай-ақ абаттандыру және тарихи келбетін сақтау мәселелері өзекті болып отыр.
Қазір мен өздеріңізбен өткен жылы атқарған жұмысымыздың нәтижелерімен және осы 2023 жылға белгіленген жоспарларымызбен бөліспекпін.
Өткен жылы ауданда 58,5 км электр желілері ауыстырылып, 60 подстанция реконструкциядан өтті. Биыл тағы 50 км желі жаңартылып, 28 подстанция реконструкцияланады. Бұл аудандағы электр желілерінің орташа тозу деңгейін 81%-тен 61%-ке дейін төмендетеді.
Биылғы жылы тағы 5 км тозған су құбыры желілерін жаңартып, жеке сектордағы 6 көшенің бойындағы 2 км-ден астам (2,3) канализация желісін жаңадан салуды бастауды жоспарлап отырмыз.
Өткен қыста ауданның жылу желілерінде 4 ірі апат тіркелді. Сондықтан биыл біз ауданның тозған жылу желілерін жөндеу жұмыстарының көлемін 2 есе арттыруды алдымызға міндет етіп қойып отырмыз.
Әуезов көшесі Райымбек даңғылына дейін ұзартылды. Сондай-ақ тұрғындардың өтініші бойынша 3 көшеге бір бағыттағы қозғалыс енгізілді.
Тұрғындардың тілектерін ескере отырып, әкімдік өткен жылы 2 автобус маршрутының қозғалыс схемасына өзгерістер енгізді, 10 жаңа остановка жабдықталды. Осы жылдың қыркүйек айына дейін тағы 7 жаңа остановка орнату жоспарланған.
Жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында биыл Алмалы ауданының аумағынан өтетін 18 маршрутқа
309 жаңа автобус сатып алу жоспарда бар (Алматыэлектротранс – 226 бірлік, жеке меншік тасымалдаушылар – 83 бірлік, №12, 30, 56, 80, 124, 59, 70, 77, 118, 32, 92, 37, 44, 99, 18, 19, 17, 13 маршруттарда).
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы Байсейітова (5), Абылай хан (2), Тілендиев (1), Бөгенбай батыр (1), Төле би (1), Розыбакиев (1), Құрманғазы (1), Гоголь (1) көшелеріне 13 жаңа светофор орнатылды. Қажеттілікке байланысты әкімдік осы жылдың мамыр айының соңына дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастап, тағы 16 светофор объектісін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді жоспарлап отыр.
Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2022 жылы 541 СВМ бейнекамерасы орнатылды. Қосымша 700-800 жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда. Жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында қазіргі 178 «Сергек» кешеніне 2023 жылдың бірінші тоқсанында тағы 38 кешенді қосу жоспарланған.
Өткен жылы бұған дейін жарықтанбаған ауданның
14 көшесіне сыртқы жарықтандыру желілерін салу бойынша жұмыстар аяқталды және Байтұрсынов (Мақатаев көшесінен Абай даңғылына дейін) пен Розыбакиев (Райымбек даңғылынан Абай даңғылына дейін) көшелерінде сыртқы жарықты модернизациялау жүргізілді. Биылғы жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін және алдағы уақытта жарықтандыру желісін салу үшін жарықтанбаған 10 көшеден тұратын тізім әзірленді.
2022 жылы тұрақты су басатын 12 учаскенің
9-ы жойылды. Наурыз айының соңына дейін Мақатаев көшесіндегі коллекторды тазарту және Райымбек даңғылының бойындағы ұзындығы 2 км каналдың құрылысы аяқталады.
Сонымен қатар, әкімдік 52 учаскеде 34 км арық желісін реконструкциялау мен салу жұмыстарын жүргізуде.
Бұл жұмыстарды 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін ауданда мектептерге қосымша ғимараттар салу және жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Мәселен, өткен жылы 2 мектептің (№34 және 144 гимназиялар) 850 орындық 2 қосымша ғимараты пайдалануға беріліп, Қабанбай батыр көшесінде 850 орындық жеке мектеп (Прометеус) ашылды.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесі қиылысындағы учаскеде
1,5 мың орындық жаңа мектептің құрылысын бастап, 2024 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ ауданның екі мектебіне әрқайсысы
300 орындық қосымша құрылыстар салу жобалары әзірленуде. Шілде айында № 15 гимназияны сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу аяқталады және тамыз айына дейін № 136 мектеп-гимназияны күрделі жөндеу, сейсмикалық күшейтуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.
Мектепке дейінгі білім беру саласында өткен жылы
290 орындық 5 жеке меншік балабақша ашылып,
№7 балабақшаны сейсмикалық күшейту аяқталды.
Мәуленов көшесі, 57 мекенжайдағы қайтарылған бұрынғы балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, сейсмикалық күшейтуге арналған жобалау-сметалық құжаттама мамыр айында сараптамадан шығады,
2023 жылдың күзінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталады.
Медициналық инфрақұрылымды жетілдіру шеңберінде 2024 жылы бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратында заманауи «Қалалық балаларды оңалту орталығы» ашылады. Ол үшін әкімдік IV-ші тоқсаннан бастап ғимаратты қайта жаңартуды бастайды, 2024 жылы жұмыстарды аяқтайды.
Жыл соңына дейін Әйтеке би көшесіндегі ескі ғимаратты бұзу арқылы ревматологиялық орталықтың орнында 500 келушіге арналған жаңа емхана салу жобасы әзірленетін болады. Объектінің құрылысын
2024 жылдың көктемінде бастауды жоспарлап отырмыз.
Қоғамдық кеңістікті жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мамыр айында Күләш Байсейітова атындағы жаяу жүргіншілер көшесінде өткен жылы басталған жөндеу жұмыстары аяқталады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Әлия мен Мәншүк скверін реконструкциялау жұмыстары және тағы
6 сквер мен Дүйсенов көшесіндегі жаяу жүргіншілер көшесін жаңғырту мен көгалдандыру жұмыстары басталады.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша ауданда 800 млн. теңгеге
39 жоба орындалды. 2023 жылы тұрғындардың өтініштері бойынша ең көп дауыс жинаған 17 жоба іске асырылатын болады.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін ескере отырып, мен осы жобаларды іске асыруға биыл қаланың барлық сегіз ауданына қосымша 7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдадым.
Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет. Сіздердің сұрақтарыңызға көшуге дайынмын.