
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 9 наурызда Алматы қаласы, Абай даңғылы 8, Қазақ ұлттық аграрлық университеті ғимаратының 2 қабатындағы акт залында сағат 10.00-де "Сайлау заңнамасының новеллалары" тақырыбында семинар болатынын хабарлайды. Іс-шарада комиссия мүшесі Е. Қалымбайұлы баяндама жасайды.
Депутаттыққа кандидаттарды, саяси партиялардың өкілдерін, кандидаттардың сенімді адамдары мен аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің бақылаушыларын қатысуға шақырамыз.