Лого

Меню

Страницы

Статья

Депутаттыққа кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті республикалық бюджеттен қаржыландыру жөніндегі түсініктеме

Депутаттыққа кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті республикалық бюджеттен қаржыландыру жөніндегі түсініктеме

 

Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен (бұдан әрі – сайлау туралы КЗ) реттеледі.

Сайлауды қаржыландыру туралы заңнаманың нормаларында мемлекеттік және мемлекеттік емес көздерден қаржыландыру деген екі түрі көзделген.

Мемлекеттік қаржыландыруға қатысты.

 Сайлау туралы КЗ-ның 28-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді.

2023 жылғы 19 ақпанда ОСК отырысында партиялық тізімдер бойынша үміткерлерден басқа, (https://www.election.gov.kz/rus/normativno-pravovaya-baza-yborov/postanovleniya-tsik-rk.php) Республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттығына кандидаттар үшін шығыстардың мөлшері белгіленді.

 Республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың белгіленген шығыстары республикалық бюджет қаражатынан жергілікті атқарушы органдарының шоттары арқылы қаржыландырылады.

Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу тәртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы айқындады (25.08.2018 ж. №12/202 қаулы).

Ақшалай қаражат бөлініп, 2023 жылғы 20 ақпанда тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жеткізілді.

ОСК сайтында "әдістемелік материалдар" бөлімінде "сайлау ұйымдастырушыларына және сайлау процесінің өзге де қатысушыларына арналған Әдістемелік нұсқаулық"орналастырылған. https://www.election.gov.kz/rus/banners/index.php?section=methodolog_materials&ID=8239

Кандидат АСК-на кандидат пен қызмет көрсетуші арасында жасалған шартты, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің актілерін, кандидат (немесе олардың сенім білдірілген адамы) қол қойған жүкқұжаттарды мен шот-фактураны ұсынады.

Газетте мақалалар жарияланған кезде, теледидар мен радиода сөз сөйлегенде, көлік шығындарында, сондай-ақ үй-жайды жалға алған кезде орындалған жұмыстардың актілері ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген талаптар бюджет заңнамасының нормаларынан туындайды (бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының 162-тармағы, ҚР Қаржы министрінің 04.12.2014 ж. № 540 бұйрығы.), онда міндеттемелер келісім-шарт (бұдан әрі-келісім-шарт) нысанында азаматтық - құқықтық мәмілелер жасасумен де, оларсыз да қабылданады.

Мемлекеттік емес қаржыландыруға қатысты.

Сайлау туралы КЗ-нің 34-бабына сәйкес, Парламент депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті белгіленген тәртіппен құрылатын сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында үгіт жүргізуге бөлінген республикалық бюджет қаражатын кандидаттың сайлау қоры шотына аудару қарастырылмаған.

Дата публикации
03 марта 2023
Дата обновления
03 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы