Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы аясында 2022 жыл көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы анықтама

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттік органдар қызметінің маңызды және стратегиялық міндеті болып табылады, өйткені Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

2022 жылы Алматы қаласы бойынша 14,5 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді (бір жыл ішінде: 2021 жылы – 13,3 млн., 2020 жылы – 13 млн., 2019 жылы – 10 млн., 2018 жылы – 6.6 млн., 2017 жылы – 5.7 млн.). Электрондық қызметтердің жалпы үлесі 93,3% құрады.

Мұндай деректер деректерді өңдеу кезінде адам факторын жоққа шығаруға мүмкіндік береді.

Анықтама: 2022 жылы Алматы қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдар шеңберінде 14,5 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

1) көрсетілетін қызметті берушілер кеңсе арқылы (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен - 27 мың мемлекеттік қызмет;

2) көрсетілетін қызметті берушілер балама негізде кеңсе арқылы қағаз нысанда көрсеткен, бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 168,7 мың мемлекеттік қызмет;

3) көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 13,61 млн. мемлекеттік қызмет;

4) көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу жолымен көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz), – 172,6 мың мемлекеттік қызмет;

5) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетілген www.egov.kz, www.elicense.kz - 609,6 мың мемлекеттік қызмет.

«Е-gov» порталдың электрондық қызметтерінің ең көп саны   денсаулық сақтау (98,3%), әлеуметтік қызметтер (80,4%), білім беру (67,6%), сәулет (60,2%), азаматтық хал актілерін тіркеу (30,5%) және т. б. салаларда көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары үшін мемлекеттік қызметтердің 165 түрін көрсету көзделген, оның ішінде:

156 қызмет түрі «Электрондық үкімет порталы» арқылы қолжетімді;

(Қызметтің 85 түрі әкімдіктің мемлекеттік органы арқылы «балама» негізде қолжетімді).

Қызметтің 7 түрі – баламасыз «қағаз»;

Қызметтің 2 түрі – «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қағаз түрінде.

Қосымша құжаттарды талап етуге жол бермеуге ерекше назар аударылады. Көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсетуді регламенттейтін стандарттар мен бұйрықтардың талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді, мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттарды талап ету стандарттарда және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бұйрықтарда көрсетілген қажетті құжаттар тізбесіне тұрақты негізде және қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

Тұрақты негізде интернет-ресурстар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету жүргізіледі, тұрақты негізде цифрлық сауаттылықты арттыру жөніндегі іс-шаралар өткізіледі.

Сондай-ақ, 2022 жылы 112,8 мыңнан астам адамды қамтитын 1023-ке жуық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғалар саны – 44.

Алматы қаласының электрондық мемлекеттік қызметтері «e-gov» - тен басқа, мемлекеттік органдардың сайттары мен ақпараттық жүйелері арқылы көрсетіледі (www.balabaqsha.open-almaty.kz, www.bilimalmaty.kz, «ДамуМед» медициналық ақпараттық жүйесі, автоматты диспетчерлік ақпараттық жүйе, «емдеуге жатқызу бюросы» порталы және т. б.).

Мәселен, әкімдік bilimalmaty.kz порталы арқылы мектепке қабылдау кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мекенжай анықтамаларын талап ету практикасын жою мәселесін, сондай-ақ, тиісті ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы әлеуметтік көмектің әртүрлі түрлерін ұсыну пысықтады.

Осындай жұмыс халықтың әлеуметтік осал топтары санаты үшін «Оңай» жол жүру карточкаларын ресімдеу кезінде қалалық көлік саласында да жүргізілді, онда тұрғылықты мекен-жайын растау қажет.

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
16 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
16 октября 2026
Сайлау округтерінің орталықтары және телефон нөмірлері

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы