
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 149,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар айына 119,6% құрайды.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін белсенді субъектілердің саны 304 446 бірлікті немесе 2022 жылғы қаңтар айына 44,8%-ға өсті.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 21,9% -ға өсіп, 64,7 млрд. теңгені, оның ішінде жекеменшік 21,3% – ға 63,7 млрд.теңгеге өсті (үлесі-98,5%).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар айына 100,5%-ға өсті.
Тұтыну бағасының индексі жыл басынан 1,0% - ды, оның ішінде азық - түлік тауарлары бойынша – 1,4%, азық-түлік емес тауарлары бойынша 0,9%, ақылы қызметтер бойынша 0,6% – ды құрады.
Мемлекеттік бюджетке 353,2 млрд. теңге салықтар және міндетті төлемдер түсті, 2022 жылғы қаңтар айына 39,4% өсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 262,9 млрд. теңге (50,4% өсіммен), жергілікті бюджетке – 90,3 млрд. теңге (14,9%өсіммен) түсті.
2022 жылдың 4 тоқсанында бір қызметкерге орташа айлық жалақы 394 213 теңгені құрады және номиналды түрде 19,8%-ға, нақты түрде 0,3%-өсті.