Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесудегі баяндамасы

Қайырлы таң, құрметті Жетісу ауданының тұрғындары!

 

Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.

Біздің сіздермен тұрақты кездесулеріміз өз тиімділігін көрсетіп, қаламыздың ең өзекті мәселелерін шешудің нақты құралына айналды (өткен үш кездесудің және ауданды аралау қорытындысы бойынша 114 хаттамалық тапсырма берілді, 90% немесе 102 орындалды, 12-сі бойынша жұмыс жалғасуда). Мен сіздерге бей-жай қалмай, Жетісу ауданының ең өзекті мәселелерін шешуге көмектеспек ниеттеріңіз үшін алғыс айтамын.

Жетісу ауданы – Алматыдағы өнеркәсіп пен сауданың даму орталықтарының бірі. Мұнда мегаполистің экономикасына айтарлықтай үлес қосатын 900-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан.

Ауданның 2022 жылғы экономикалық даму көрсеткіштері оң динамика көрсетті. Өндіріс көлемі 12%-ке өсіп, негізгі капиталға салынған инвестициялар 26,5%-ке артты. Нәтижесінде,
7 мыңнан астам (5,5 мың тұрақты) жұмыс орны құрылды.

          Қала мен аудан әкімдіктерінің жұмысында қаламыздың тұрғындары үшін жайлы орта құру басым міндет болып табылады. Өткен кездесулерімізге жүргізілген талдау көрсеткендей, Жетісу ауданы үшін инженерлік желілерді модернизациялау, жолдар мен қоғамдық көліктің сапасын жақсарту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері – аса өзекті болып табылады.

Бұл мәселелердің кеше пайда болмағанын айта кету қажет. Сондықтан оларды шешу үшін бізге уақыт керек. Дегенмен, сіздердің қолдауларыңыз бен әкімдіктің белсенді жұмысының арқасында біз өткен жылдың қорытындысы бойынша өзгерістер мен нәтижелерді көріп отырмыз.

  1. Өткен жылы проблемалардың бірі шешіліп, Рабочий (жұмысшы) поселоктағы 22 көшедегі 47 км астам (47,6 км) сумен қамту (37,5 км) және су бұру (10,1 км) желілері «Алматы Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының балансына берілді. Олар 2019 жылы реконструкциядан өткен болатын. Бірақ мердігердің анықталған ақауларды жоюы қажет болғандықтан, балансқа беру бірнеше жылға созылды. Бүгінде 2 500 абонентті жаңа желілерге қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар, 2022 жылы 14,5 км сумен қамту (11,9 км) және су бұру (2,6 км) желісі реконструкцияланды.

 

Биыл, өздеріңізге уәде еткендей, 2 үлкен жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, олар – ауданның 68 көшесіндегі сумен жабдықтау желісін модернизациялау және су бұру желісін жүргізу (25,6 км. сумен жабдықтау, 72 км. су бұру).

Мердігер анықталды, дайындық жұмыстары жүргізілуде, құрылыс-монтаждау жұмыстарын сәуір айында бастап, 2024 жылдың ІІ-ші тоқсанында аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, осы жылдың наурыз айында Кемел шағын ауданының 33 көшесінде таратушы желіні салуға конкурс аяқталады (75,6 км). Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында басталады деп күтілуде.

Бұл жобаларды іске асыру Жетісу ауданындағы                     10 мыңнан астам абонентті сапалы сумен және канализациямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  1. Аудан тұрғындарын тұрақты электрмен қамту және сапалы көше жарығымен қамтамасыз ету әкімдік жұмысының маңызды бағыты болып қала бермек. Өткен жылы Палладин – Павлодарская – Боралдай көшелерінде тозған (80%-і тозған) электр желілері жаңартылып, Таймырская көшесінде
    1 мыңнан астам абонент үздіксіз электрмен қамтамасыз етілді (12 км кабель жүргізілді). Осы жылдың соңына дейін Кемел шағын ауданында 3 мыңнан астам абонент үшін 43,5 км электр желісін жаңартуды аяқтауды жоспарлап отырмыз (жұмыстардың 40%-і орындалды).

Көшелерге жарық жүргізу мәселелеріне келетін болсақ, былтыр ауданның бұрын ішінара жарықтанбаған 49 көшесінде жұмыстар аяқталып, 5 көшедегі жарық жаңартылды.

Бұл жұмыстар жалғаса береді. 2023 жылы тағы                      101 көшені жарықтандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған.

  1. Жол жабынының жай-күйі ауданның барлық тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселе болып отыр. Былтыр әкімдік ұзындығы 26 км-ден асатын 22 көшеге орташа жөндеу жүргізді (26,4 км, ауданы 33,4 мың шаршы метр 183 көше учаскесінде ағымдағы жөндеу). 2023 жылы ауа райы қолайлы болған кезде, осы жұмыстарды жалғастырамыз. 25 км жолға (28 көше) орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын жақсарту – біздің басты мақсатымыз.

2022 жылы аса сұранысқа ие 8 маршруттың (№40, 41, 70, 135, 52, 56, 69, 80) жылжымалы құрамы, жалпы саны                    117 жаңа автобус толығымен жаңартылды. Биыл біз жаңа автобустарды сатып алу барысында паркты жаңарту және жекелеген маршруттарды көбейтуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

 «Мектеп автобусы» жобасы аясында сіздердің аудандарыңызда мектеп оқушыларын тасымалдауға аса мұқтаж 4 мектеп таңдап алынды. Бұл № 80, 87, 112 және 193 мектептер. Осы мақсаттарға
16 арнайы автобус бөлінеді, оның 3-і осы наурыз айында балаларды тасымалдауды бастайды.

  1. 4. Ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жұмысы қарқынды жалғасуда. Мәселен, бүгінде Кемел шағын ауданында ауысымына
    200 адам
    қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып келеді. Қазіргі уақытта жұмыстар 80% орындалды. Құрылыс сәуір айында аяқталады деп жоспарлануда.

Өткен жылы әкімдік жеке меншіктен Нүсіпбеков және Омаров көшелеріндегі 2 ғимаратты сатып алды. Кейін оларда ауысымына 200 және 300 келушіге арналған емханалар ашылатын болады.  

Сонымен қатар біз Рабочий (жұмысшы) поселок жайлы ұмытқан жоқпыз. Бүгінде 40 мың тұрғынның 34 мыңға жуығы Алмалы ауданының емханаларына тіркелген. Әкімдік Райымбек даңғылының бойындағы ауданы 1,5 мың шаршы метрді құрайтын ғимаратты анықтады. Оны наурыз айының соңына дейін сатып алуға ниеттіміз. Онда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар сатып алынғаннан кейін 240 адам қабылдайтын емхана ашылады.

Аталған емханалардың ашылуы Жетісу ауданының тұрғындарына жақын жерден қызмет көрсетуге және жұмыс істеп тұрған үш емхананың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Мектептерге қатысты. 2022 жылы 2 мектепте
(300 орындық № 57, 575 орындық № 177) 875 орындық қосымша ғимарат пайдалануға берілді және №148 мектепке
200 орындық қосымша ғимаратты салу жұмыстары  басталды. Оны жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтаймыз.

Аудан мектептеріндегі оқушы орындарының жағдайы салыстырмалы түрде жақсы (бүгінгі күні шамамен 3000 орын тапшы). Бірақ халық санының өсуі мен ауданда тұрғын үйлердің қарқынды салынып жатқанын ескеріп, биыл Боралдай көшесінде («Жайлы мектеп» ұлттық жобасы) 1200 орындық жаңа мектеп пен бұрыннан бар мектептерге 450 орындық 2 қосымша ғимараттың құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз (№103 құрылыс-монтаждау жұмыстары сәуір айында басталады - 200 орын, №112 құрылыс-монтаждау жұмыстары - сәуір, 250 орын).

  1. Тұрақты су басатын учаскелердің проблемасына жеке тоқталып өтейін. Жетісу ауданы қаланың төменгі бөлігінде орналасқан. Сондықтан бұл сіздердің тараптарыңыздан көп шағымдар түсетін өзекті мәселелердің бірі. 2022 жылы әкімдік төтенше жағдай желісі бойынша ең көп су басатын 7 учаскені анықтады. Оларды жою үшін ұзындығы 2,6 км жаңа су бұру коллекторы салынды, арық желісі жүргізілді (1,3 км), 2 коллектор (1 493 м) және Есентай каналы (2 835 м) тазартылды.
  2. 2022 жылы ауданды абаттандыру жұмыстары жалғасты. Айнабұлақ 1, 3 микро аудандарының скверлері және Гүлдер паркі ағымдағы жөндеуден өтті. Суару жүйелері жөнделді, жаңадан жарық тартылды. Скейт-парктер ұйымдастырылған 2 жаңа жастар алаңы ашылды. Заманауи стритбол, баскетбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды.

Осы наурыз айында Кемел шағын ауданында жаңа парктің құрылысын бастап, жылдың соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз.  

Сондай-ақ III-ші тоқсанда Көкмайса микро ауданындағы Есентай өзенін абаттандыруды аяқтаймыз. (10 га, жаңа мердігер ағымдағы жылдың наурыз айында анықталады (ЭжҚОБ).

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2022 жылы ауданда 23 жоба іске асырылды, оның ішінде балалар мен спорт алаңдары жөнделіп, қоғамдық кеңістіктер ашылды. 2023 жылы сіздердің өтінімдеріңіз бойынша 800 млн теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарланған.

Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары!

Назар аударғандарыңыз үшін рақмет. Енді сұрақтарыңызға көшейік. 

 

 

 

 

Дата публикации
24 февраля 2023
Дата обновления
24 февраля 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
16 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
16 октября 2026
Сайлау округтерінің орталықтары және телефон нөмірлері

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы