Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қызметінің 2022 жылдың қорытындысы

Бірінші. Инвестициялар

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының ішінде негізгі капиталға салынған  инвестициялардың көлемі – 1 400 млрд. теңге. НКИ – 112,1%, бұл 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына қарағанда, 18%-ға артық.

Инвестициялардың негізгі көлемі: жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (626 млрд. теңге), көлік және қоймалау       (208,2 млрд. теңге), өнеркәсіп (113,5 млрд. теңге), сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда (113,2 млрд теңге) секілді салаларға тиесілі болды.

2022 жылғы қаңтар-қарашада 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ғимараттар мен нысандардың құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстарына бағытталған инвестициялық салымдардың 24,3%-ға артқаны байқалады.

12 айдың ішінде сыртқы инвестициялар – 179,8 млрд. теңгені (НКИ – 112,8%), ішкі инвестициялар – 1 220,6 млрд. теңгені (НКИ – 117,6%) құрайды.

Салымның ең көп өсімі Түрксіб (189,1 млрд. теңге, НКИ – 127,9%), Бостандық (386,9 млрд. теңге, НКИ – 128,2%) және Медеу (236,8 млрд. теңге, НКИ – 118,8%) аудандарында байқалды.

2022 жылдың 3-тоқсанының ішінде тікелей шетелдік инвестициялар – 5 989,7 АҚШ долларын құрады (өсім 2021 жылдың          3-тоқсанымен салыстырғанда – 27,5%).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ұсынған декомпозицияға сәйкес, Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша нысаналы индикатор 2023 жылға 1 848,6 млрд. теңге деңгейінде белгіленді.

2023 жылға 2000-нан астам жұмыс орнын (Молл Апорт, Алматы жылу оқшаулағыш зауыты және т.с.с.)      құра отырып, сомасы 257 млрд. теңгені құрайтын 22 ірі инвестициялық жобаны, оның ішінде,             700 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 18 млрд. теңгені құрайтын       8 индустриялық жобаны іске асыру, 40 жұмыс орнын құра отырып,       5 өнеркәсіптік паркті (2,7 млрд. теңге) іске қосу жоспарланып отыр.

2023 жылға арналған инвестиция ағынының көздерінің бірі өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобалар және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар болып табылады.

 

Екінші. Өнеркәсіп

2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің 13%-ға өсуі есебінен өнеркәсіптің 9,6%-ға (жалпы өңірлік өніміндегі үлесі – 6,1%, 2022 жылғы қаңтар-қарашадағы НКИ  – 110,3%) өсімі қамтамасыз етілді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқыны жоғары деңгейде (2022 жылғы қаңтар-қарашада – 14,8%)  сақталып отыр.

2022 жыл ішінде негізгі капиталға салынған  инвестициялардың көлемі – 1 400 млрд. теңгені, НКИ – 112,1%-ды құрады, бұл            2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 18%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялар 113,5 млрд. теңгені құрады.

Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында, бірінші кезекте, өнеркәсіптің машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсіптері және құрылыс материалдарының өндірісі секілді басым салаларын дамыту үшін құрылған және оларға арналған Алматы Индустриалды аймағы белсенді түрде дамуда.

2022 жылы 2 жоба, атап айтқанда, 65 жұмыс орны құрыла отырып, 4,6 млрд. теңгеге «Каз-Диа-Тест» ЖШС зауыты және            60 жұмыс орны құрыла отырып, 1,25 млрд. теңгеге «Weir         Minerals» ЖШС (МПП KazStroyTrade резиденті) іске қосылды, сондай-ақ 111 жұмыс орны құрыла отырып, жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге       4 жобаны («City Stone», «TEPLOSTIL», «Stroy Production», «ЭлектроБар») техникалық жағынан іске қосу жүргізілді, 220 жұмыс орны құрыла отырып, 1,3 млрд. теңгеге 3 шағын өнеркәсіптік парктің («QazaqPlast», «Alatau Industrial Park», «ALAESTATE») құрылысы аяқталды.

Бұдан басқа, 2022 жылы арнайы экономикалық аймағының қатысушылары 273 жұмыс орнын құрды, 8,6 млрд. теңге инвестиция тартты, бюджетке 3,5 млрд. теңге салық және басқа да төлемдер төледі, 60,7 млрд. теңгеге өнім өндірді және қызмет көрсетті, экспорттың көлемі 0,38 млрд. теңгені құрады.

 

Төртінші. Сауда

4.1. Қала экономикасының негізгі саласы – сауда (НКИ – 106,2%).

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының ішінде бөлшек сауданың НКИ 105,2%-ды, көлемі – 5 088,7 млрд. теңгені (Қазақстан Республикасындағы үлесі – 32,3%, көлемі – 15 763,8 млрд. теңге, НКИ – 102,1%) құрады.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сатылымы 93,4%-ды (үлесі – 31,5%, көлемі – 1 604,7 млрд. теңге), азық-түліктік емес тауарларының бөлшек сатылымы 111,9%-ды (үлесі – 68,5%, көлемі – 3 484 млрд. теңге) құрайды.

Көтерме тауар айналымының НКИ 106,6%-ды (Қазақстан Республикасындағы үлесі – 37,4%, көлемі – 34 883,1 млрд. теңге, НКИ – 106,3%), көлемі – 13 030,2 млрд. теңгені құрады.

Азық-түлік тауарлары көтерме сатылымының НКИ 109%-ды (көлемі – 2 685,3 млрд. теңге, үлесі – 20,6%), азық-түліктік емес тауарлары сатылымының НКИ 106,3%-ды (көлемі – 10 344,9 млрд. теңге, үлесі – 79,4%) құрады.

4.2. Бүгінде, қаланың жұмыс істеп тұрған 56 базарының шамамен 25,1 млрд. теңге инвестиция сала отырып және жұмыс орындарының санын 3,4 мыңға ұлғайта отырып, 32 базарына жаңғырту жүргізілді.

16 базарды жаңғырту бойынша жұмысы жүргізілуде, оның ішінде, 5 базарда (СМР-Байсат (2-кезең), Қазына (1-кезең), Кенжехан (2-кезең),   Барыс-4 (2-кезең), Өжет (2-кезең)) құрылыс жүргізілуде, 11 базар бойынша (ПСД – Үш Қоныр, Азия, Батыр, Саудакент, Таусамалы, Алматы-1, Арыстан, Тұлпар, Жібек жолы (2-кезең), Алтай (2-кезең), Береке) жобалау жұмысы жүргізілуде. Инвестицияның жалпы сомасы 1,8 мың жаңа жұмыс орындары құрыла отырып, 32 млрд. теңгеден астам соманы құрайды.

Анықтама үшін:

2020 жылы – 3 базарды (Ялян-2, Айнабұлақ, Керуен) жаңғырту жұмысы аяқталды;

2021 жылы – 6 базарды (Алатау-1 (4-блоктың құрылысы), Арлан (1- кезең), Рахат КЗ, Кәрім, Сары-Арқа (1-кезең), Керемет) жаңғырту жұмысы аяқталды;

2023 жылы – 2 базарды («Байсат» (2-кезең), «Қазына» (1-кезең)) жаңғырту жұмысын аяқтау жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, жаңғырту жүргізуге кедергі келтіріп отырған 7 базар бойынша түйткілді мәселелер бар.

Оның ішінде, 3 базардың («Барыс», «Ақбұлақ» Наурызбай ауданы, «Нұрсат») әзірленген жобалары бар, қазіргі уақытта, қаржыландыру көздерін (ЕДБ, мемлекеттік бағдарламалар және т.б.) іздестіру жұмыстары жүргізілуде, 1 базар (Сауран) ішінара қызыл сызықта орналасқан, Таусамалы базарының аумақ арқылы өтетін қуаты жоғары желілері  мен суды қорғау жолағы бойынша мәселесі шешілген жоқ, 1 базардың     (Барыс-IV) жер телімін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша сот ісінің барысына байланысты, аталған базардың жұмыс істеуі өзекті мәселе болып тұр, Рахат базары бойынша жалға алу мерзімінің өтуіне байланысты, жер телімін мемлекет меншігіне алып қою үдерісі жүргізілуде.

Бүгінгі күні, аталған базарлардың барлық меншік иелерімен кездесулер өткізілді, түйткілді мәселелер анықталды және оларды шешу үшін шаралар қолданылуда.

 

Бесінші. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар

5.1. Несиелеу бағдарламасының 2022 жылға арналған бюджеті 48,1 млрд. теңгені (2021 жылы – 47,8 млрд. теңге) құрады.

Несиенің жалпы сомасы 131,5 млрд. теңгені құрайтын            3 448 жоба қаржыландырылды.

Бизнесті қолдаудың негізгі бағдарламасы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба болып табылады.

Ұлттық жоба бюджеті 2022 жылы 22,5 млрд. теңгені құрайды. Аталған бағдарлама бойынша несие сомасы 105,2 млрд. теңгені құрайтын 3 164 жоба қаржыландырылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бюджеттік бағдарламасы     8,6 млрд. теңгені құрайды. Бүгінде, несие сомасы 12,4 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба қаржыландырылды. Алматы қаласының әкімдігі «Даму» қорымен бірлесіп, «Jana Business» өңірлік бағдарламасын іске асыруда.

«Даму» КДҚ» АҚ бірлесіп, «Almaty Business» өңірлік бағдарламасының шеңберінде «Jana Business» жаңа қосалқы        өнімі құрылды. Сөйтіп, жеңілдетілген несиелер бойынша барынша мөлшерлеме 7%-дан 6%-ға дейін төмендетілді. Несиенің барынша сомасы 100 млн. теңгені құрайды, несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін.

Бағдарламаның тағы бір жаңалығы өнеркәсіптік парк субъектілеріне 7 жылға дейінгі мерзімге сомасы 500 млн. теңгеге дейін жылдық 6% мөлшерлемесімен несие алу мүмкіндігін ұсыну болды.

Сауда операцияларының тиімділігін арттыру мақсатында «Jana Business» бағдарламасы жылдық 8,5% мөлшерлемесі бойынша факторингтік мәмілелерді қаржыландыру мүмкіндігін көздеуде.

Бағдарлама бюджеті 6,5 млрд. теңгені құрайды. Сомасы            4,7 млрд. теңгені құрайтын 58 жоба қаржыландырылды.

Сондай-ақ, 2019 жылы «Алматы Бизнес-2025» кешенді бағдарламасы әзірленді және бекітілді, оның шеңберінде, «Алматы Финанс» ЖШС және «Алматы» МҚҰ» ЖШС қаржы институттары құрылды.

Бағдарлама бюджеті 8,5 млрд. теңгені құрайды. 202 жоба қаржыландырылды.

Қала кәсіпкерлерін қолдау және дамыту, кәсіпкерлік қызметке белсенді түрде тарту мақсатында, 2019 жылғы қыркүйекте «Бірыңғай орталық» қағидаты бойынша кеңес беру қызметінің кең тізбесін ұсынатын «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы өзінің қызметін бастады.

2022 жылғы қаңтардан бастап, 2022 жылғы 30 қараша аралығында «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы тегін негізде 69 292 кеңес беру қызметін көрсетті; 1 090 бизнес жоспар/жобалар әзірледі;        45,3 млрд. теңге сомасына қаржыландыруға дейін 355 жобаны сүйемелдеді; 872 рұқсат құжаттарын берді. Бағдарламалар бойынша  6 863 тыңдаушы оқытудан өтті.

Алматы қаласы Агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2022 жылы республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлінді:

- несиелер және технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 522,5 млн. теңге бөлінді, ол 100% игерілді. Бөлінген қаражат 15 кәсіпорынның («AgroLifeHarvest» ЖШС, «Масло-Дел» ЖШС, «Van-2005» ЖШС, «Солнечный» сүт зауыты» ЖШС, «RG BRANDS KAZAKHSTAN» ЖШС, ЖК «Жұлдыз», «ТЕПЛОИНВЕСТ» ЖШС, «Макай» ЖШС, «PCD Group» ЖШС, «SMART AGRO KARKARA» ЖШС, «BRBAPK» ЖШС, «FRUIT ART» ЖШС, «Асылтұяқ» ЖШС, ЖК «Жасұлан», ЖК «Машучиван») бұдан бұрын мақұлданған шарттарын қамтамасыз етуге жолданды;

- инвестициялық субсидиялау бойынша – 400 млн. теңге бөлінді. Тапсырыстардың болмауына байланысты, сома республикалық бюджетке қайтарылды;

- Агроөнеркәсіп субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша – 175,1 млн. теңге бөлінді, ол 100% игерілді.

Алтыншы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру

2022 жыл ішінде Алматы қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 122,2%-ды құрады, бұл Қазақстан Республикасы бойынша 18-19 орындар (2021 жылы – 11 орын).

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру үшін Алматы қаласында кешенді жұмыс жүргізілуде.

Бірінші. Бағаларды тұрақтандыру үшін «айналым қарыздары» шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15 млрд. теңге бөлінді. Магнум желілерінің сөрелеріндегі бағаларды (5,8 млрд. теңге), сондай-ақ әлеуметтік нан («Рузинан Астана» ЖШС – 89,8 млн. теңге), сиыр еті («АсылЕт» ЖШС – 108,7 млн. теңге) және жұмыртқа («Когер» ЖШС – 1 млрд. теңге, «Алсад Қазақстан» ЖШС – 800 млн. теңге) өндірушілерінің сату бағасын бекіту жұмысы жалғасуда.

Бағаларды тұрақтандыру шараларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық 19 атауы қамтылды, қол қойылған шарттар мен келісімдер шеңберінде, еліміздің өңірлерінен 80 мың тоннадан астам өнім жеткізу жүргізілуде.

Бүгінде, 10 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу үшін «Small» (1,5 млрд. теңге) және «Тоймарт»    (500 млн. теңге) сауда желілеріне 2 млрд. теңге, сондай-ақ «Сары-Бұлақ» (жұмыртқа) құс фабрикасына 900 млн. теңге сомасында «айналым қарыздарын» беру мәселесі пысықталуда және Қызылорда облысының ірі күріш өндірушісіне («Най-Мир» ЖШС) 1,5 мың тонна өнім жеткізу үшін 630 млн. теңге бөлу мәселесі пысықталуда.

Бұдан басқа, 2023 жылғы қыркүйектен бастап, 2024 жылғы сәуір айының аралығындағы маусымаралық кезеңде іске асыру үшін         3,5 млрд. теңгеге шамамен 20 мың тонна көкөністі форвардтық сатып алу жоспарланып отыр.

Қосымша ретінде, Павлодар облысының көкөніс өндірушісімен  («Агро Сервис Аққу») қаңтардың соңына дейін 4 мың тонна картоп және 1 тонна сәбіз жеткізу туралы шартқа қол қою жоспарланып отыр,  сондай-ақ Алматы облысының «Алтай» шаруа қожалығымен          2023 жылдың наурыз-сәуір айларының кезеңінде қаланың сауда базарларына 750 тонна пияз жеткізу туралы келісім бар.

Сонымен бірге, бағаларды ұстап тұрудың жаңа тетіктерінің шеңберінде, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, 2023 жылдың сәуір-маусым айларының кезеңінде Ираннан, Өзбекстаннан  және Пәкістаннан келетін ерте пісетін көкөністерді (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) орталықтандырылған сатып алу ұйымдастырылатын болады. Аталған жобаны іске асыру үшін «Магнум» және «Small» желілеріне шамамен 1 млрд. теңге «айналым қарыздарын» бөлу жоспарланып отыр.

«Айналым қарыздарын» қайта пішімдеу шеңберінде бекітілген  баға бойынша (460 теңге/кг) 5,7 мың тонна қант сатып алу және сату үшін «Ақсуқант» қант зауытына 2,6 млрд. теңге бөлінуде.

Екінші. Көкөністердің бағаларын тұрақтандыру үшін ерте пісетін көкөністерді жеткізу жөніндегі келісімшарттарға қол қою мақсатында Түркістан облысына сапар ұйымдастырылды. Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша шамамен 3 мың тонна көкөніс (картоп –        1000 тонна, сәбіз – 600 тонна, пияз – 650 тонна, қырыққабат – 500 тонна) жеткізу туралы Меморандумға қол қойылды, олар маусымаралық кезеңде (мамыр-маусым) сауда желілері арқылы сатылатын болады.

Үшінші. Нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін   қала наубайханаларының ұн тарту кәсіпорындарына «Азық-түлік корпорациясы» АҚ қорынан астық жеткізуді ұйымдастыру мәселесі пысықталуда.

Алдын ала берілген деректер бойынша ақпан айынан бастап, желтоқсан айының аралығы кезеңінде қаланың 2 ұн тарту кәсіпорны (Алматынан, Рузинан) әрі қарай әлеуметтік нан пісіру үшін 13,4 мың тонна (айына 1,2 мың тонна) астық сатып алуға дайын.

Анықтама үшін: Алдын ала сатып алу бағасы бір тоннасы үшін 10 мың теңгеге (90 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін) көтерілді, соған байланысты, әлеуметтік нан бағасының көтерілу қаупі бар.

Төртінші. Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиясының шеңберінде тұрақты негізде көкөніс өнімдеріне (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) баға белгілеу бойынша отырыстар өткізіліп тұрады, азық-түлік базарлары мен «үй жанындағы» дүкендерге мониторинг жүргізіледі, көтерме сауда жасаушыларға және азық-түлік  базарлары мен «үй жанындағы» дүкендердің сатушыларына 15%-дық сауда үстемесін сақтау және көтерме сауда жасаушылардың тиімсіз тізбегін жою туралы түсіндіру әңгімелері өткізіледі, сондай-ақ жадынамалар таратылады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру бойынша жұмыс бақылауда қалып отыр.

 

Жетінші. Креативті индустрияны дамыту

«Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» бағдарламасы шеңберінде креативті индустрия мен IT-ді әрі қарай дамытудың қадамдары өңделді, атап айтқанда:

Креативті индустрияны дамыту үшін инфрақұрылым қалыптастыру;

Креативті индустриялардағы кәсіпкерлікті ынталандыру;

Креативті индустрияны дамыту үшін білімді, дағдыны және құзыретті қалыптастыру және тарату.

2025 жылға дейін халықаралық деңгейде 3 креативті хаб, IT-хаб және 2 бейне мен дыбыстық жазу студиясы түрінде инфрақұрылым құрылатын болады.

2022 жылдың басынан бері шығармашылық кәсіпкерлікті қалыптастыру мақсатында, бұрынғы трамвай депосының негізінде «Depo Evolution Park» жалпықалалық креативті кластерінің     құрылысы бойынша жұмысы жалғасуда. Бүгінде, жобалау-сметалық құжаттамасына түзетулер жүргізілуде және Алматы қаласы әкімінің кеңесінде берілген ескертулер өңделуде.

Сондай-ақ, «ALMATY CREATIVE» креативті индустрияны дамыту орталығы» ЖШС ашу бойынша жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Орталықтың негізгі міндеті Алматы қаласының креативті индустриясын дамытуға ықпал етудің кәсіпкерлік қызметі саласындағы қызметті көрсету болады. Бүгінгі күні, Орталықтың ұйымдастырушылық құрылымы мен жұмыс регламенті дайындалды. «Almaty Creative» ЖШС жарлығының жобасы, креативті индустрия саласындағы жобаларды іске асыруға арналған грант бөлу қағидасы әзірленді.

Бөлім маңызы бар бағыттар бойынша жұмыстар атқарды:

Әлеуметтік серіктестік.

2022 жылғы 28 ақпанда мемлекет Басшысының креативті экономиканы дамытуға және Алматы қаласының креативті экономиканы дамыту бойынша тәжірибесін басқа өңірлерге таратуға қатысты тапсырмасын орындау мақсатында, Маңғыстау облысының әкімдігі кәсіби Басқармаларының өкілдерімен креативті индустрия саласында тәжірибе алмасу бойынша кездесу өткізілді.

Сондай-ақ, «Наурыз» мейрамын мерекелеу шеңберінде шығармашыл кәсіпкерлерді қолдау және Алматы қаласында креативті экономиканы дамыту мақсатында, Арбатта «Creative Nauryz» жәрмеңкесі өткізілді.

Бөлім Балалар жылы шеңберінде шығармашылық қабілеттерге қолдау көрсету және дамыту мақсатында, «Жанұя» жетім-балаларға арналған мамандандырылған кешені үшін креативті кабинеттер ашуға бастамашылық жасады. Сөйтіп, 2022 жылғы 22 наурызда инвесторлардың қаражаттарын тарту есебінен «Интеллектум» жеке кабинеті ашылды және ол робототехника үйірмесіне қажетті жабдықтармен толық жарақтандырылды, сондай-ақ 10 музыкалық аспап сатып алынды.

Бөлімнің қолдауымен Grand Park сауда ойын-сауық кешенінің  қасбетінде Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің шығуына орайластырылған қабырға қолданбасының суретін салу бойынша науқан ұйымдастырылды.

Халықаралық ынтымақтастық.

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласымен дипломатиялық және экономикалық байланыстар жолға қойылды. Ағымдағы жылғы қыркүйекте Пусан қаласының әкімі делегациясының «Еуразиялық экспедициясы» барысында:

1) Пусан-Алматы қалаларының арасында достық және ынтымақтастық қарым-қатынастар орнату туралы келісімге;

2) Пусан қаласының экономиканы ілгерілету агенттігі мен Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Ағымдағы жылғы 22 қарашада Бөлім Алматы қаласы әкімдігінің ресми делегациясы ретінде «Fly Asia 2022 Asian Startup Festival» халықаралық форумына қатысты.

Сондай-ақ, British Council шақыруы бойынша Бөлім 2022 жылғы          23-24 қарашада Стамбул қаласында өткен креативті индустрия саласында саясатты әзірлеу бойынша Халықаралық форумына қатысты. Креативті индустрияның болашағы мен саясат шараларына қатысты әлемнің өзекті мәселелері талқыланды, олар жалпы алғанда, креативті экономиканы аса тұрақты түрде дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.

Еvent іс-шараларын өткізу.

Бөлім ағымдағы жылғы 1-5 қараша аралығында 30 халықаралық ұйымнан келген 130 спикердің қатысуымен өткен «Almaty Creative Week» 1-ші халықаралық форумын ұйымдастырды.

Форум жұмысының барысына білім беру және креативті     хабтар, Нидерландыдан, Франциядан, Италиядан, Германиядан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және т.б. елдерден келген креативті сегмент ұйымдары тартылды.

Форумның ресми сайтында 2000 адамды тарту (қамту) жоспары бар 4 131 адам тіркелді.

Өткізілген іс-шара шеңберінде, келесілер арасында:

- KFW (Қазақстан) және Caravan Cultura CreArt Agency (Нидерланды);

- AlmaU (Қазақстан) және Universal University креативті индустриялар Университеті (Ресей);

Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының атынан:

- Universal University креативті индустриялар Университетімен (Ресей);

- Креативті Кластерлер Одағымен (Ресей) ынтымақтастық туралы Келісімдер мен Меморандумдарға қол қойылды.

Жыл сайынғы негізде, «Creative Central Asia» форумын өткізу жоспарланып отыр, оның міндеті креативті экономиканы құруға және дамытуға ықпал ету, сондай-ақ Алматы қаласының креативті индустриясы мен шығармашылық әлеуетін дәріптеу және дамыту болып табылады.

Сондай-ақ, 2023-2024 жылдар кезеңіне «Креативті қала» краудфандингтік платформасының Тұжырымдамасы әзірленді, ол өз атынан дайын түрдегі сайттар мен қосымшаларды ұсынатын болады, бұл Алматы қаласында өзара іс-қимыл жасауға, тәжірибе алмасуға, оқытуға, креативті индустрияның жобалары мен іс-шараларын бірлесіп қаржыландыруға мүмкіндік беретін креативті индустрияның қызмет етуінің экожүйесін құрады.

Платформаны әзірлеу әрі қарай өнеркәсіптік пайдалану үшін «Almaty Creative» креативті индустрияны дамыту орталығы» ЖШС-не бере отырып, 2023 жылдың 2-тоқсанына жоспарланып отыр.

Платформа креативті кәсіпкерлер үшін ақпараттық-талдамалық портал болады.

 

Сегізінші. Ветеринария

Алматы қаласының эпизоотиялық саулығын қамтамасыз ету шеңберінде, келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

Бруцеллез ауруына жүргізілген диагностикалық зерттеулер  нәтижесінде, оң нәтиже көрсеткен 4 бас – ІҚМ, 5 бас – ҰММ, 1 бас – түйе анықталды.

Бүгінгі күні, ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қорында 2516 бас – ІКМ, 1733 бас – ҰММ, 163 бас – шошқа, 1338 бас – жылқы, 13 бас – түйе, 20 бас – біртұяқтылар (пони) қамтылған.

Ветеринариялық анықтама беретін мамандар «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетеді. Ағымдағы жылдың басынан бері барлығы 6069, оның ішінде, заңды тұлғаларға 1974, жеке тұлғаларға 4095 ветеринариялық анықтама берілді.

Алматы қаласының аумағында қаңғыбас және қараусыз қалған жануарларды аулауды жүзеге асыру үшін Кәсіпорынның 6 кезекші бригадасы (бір жүргізуші, аулау бойынша екі жұмысшы, 3 ветеринариялық дәрігер, 1 ветеринариялық фельдшер, күтіп-ұстау бойынша 3 жұмысшы,            3 күзетші) бар.

Бүгінгі күні, көшпелі затпен жабдықтау пунктінде ауланған иттерге арналған 99 вольер бар.

Ағымдағы жылдың он екі айының ішінде, 9062 – ит, 155 – мысық ауланды, 1453 – ит, 154 – мысық иелеріне қайтарылды, 622 – ит,     118 – мысық өлекселері жиналды, 6418 – ит, 118 – мысық жойылды.

Дата публикации
22 февраля 2023
Дата обновления
22 февраля 2023
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Выборы депутатов маслихата - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы