Лого

Меню

Страницы

Статья

2022 жыл бойынша Туризм басқармасының қызметі туралы есеп

2022 жылғы 3 тоқсандағы туризмнің статистикалық көрсеткіштері

Қала туристер үшін тартымды бағыт болып табылады, бұған туристік ағынның қарқынды өсуі дәлел. Мәселен, 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қалада туристердің жалпы саны 1,2 млн. астам адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе өсті). Ішкі туристер 1,4 есеге (1 млн.адамға дейін) ұлғайған кезде шетелдік туристер санының 2,8 есеге (270,1 мың адамға дейін) өсу үрдісі назар аудартады.

Орналастыру орындарының саны 17%-ға артып, 383 бірлікті құрады (оның ішінде – 5* – 8 (үлесі– 2%), 4*– 17 (үлесі– 4,5%), 3* – 6 (үлесі-1,6%), санатсыз (гост. сертификат жоқ.) – 238 (үлесі – 62,1%), - өзгелері (шале, үй. курорт  аймақтарында, хост., панс., лагерлер) – 114 (үлесі – 29,8%).

Алматы қаласының қонақ үйлерінде біржолғы сыйымдылық
24,3 мыңнан астам төсек-орынды құрады (13,3% өсім). Орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 37 млрд. теңгеден асты (2 есе ұлғайту).

Анықтама. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген статистикалық жұмыстар жоспары бойынша Қазақстан Республикасындағы, оның ішінде Алматы қаласындағы 2022 жылғы 12 айдағы орналастыру орындарының қызметі туралы ақпарат 2023 жылғы наурызда қолжетімді болады.

 

Туристік инфрақұрылымды дамыту

Таулы жерлерде туристік инфрақұрылымды жақсарту мақсатында бүгінде 1000 км-ден астам таулы жаяу бағыттар цифрландырылды, оның
650 км-ден астамы абаттандырылды, сондай-ақ 7 кемпинг аймағы құрылды. Барлық цифрланған бағыттар 2GIS және ViewRanger платформаларында қол жетімді.

Осы бағыттар бойында – ақпараттық стендтер, көрсеткіштер, ақпараттық қалқандар, ақпараттық бағаналар, орындықтар және күркелер орнатылды. Барлық навигациялық стендтерде QR кодтары бар, онда туристер бағыттың күрделілігімен, оның ұзақтығымен және өту уақытымен таныса алады.

Таулы және экологиялық туризмді дамыту шеңберінде Алматы қаласының Туризм басқармасы 2022 жылғы қыркүйекте «Іле-Алатау» МҰТП-да жалпы ұзындығы 150 км-ге жуық 12 тау бағытын абаттандыру жұмыстарын аяқтап,
3 кемпинг аймағын құрды.

Бұл бағыттарда түрлі-түсті индекстік белгілер, ескерту белгілері, демалуға арналған платформалар, көпірлер, қоршаулар және жабдықталған бағыттар (шекаралар мен турлар), сондай-ақ шатырларға арналған алаңдар, орындығы бар үстел, күркелер және әткеншектер (Алтыбақан) пайда болды.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таулы жерлердің шалғай учаскелерінде 2021 жылғы қарашада 15 тау үйшіктері орнатылды, онда туристер күтіп, алғашқы көмек апаттық жинағын (алғашқы медициналық көмек қобдишасы, мобильді құрылғыларды зарядтау станциясы, жылы көрпе және бүлінбейтін азық-түлік жиынтығы) ала алады.

Тау үйшіктерінде құтқарушылардың пультіне «SOS» спутниктік сигналын беру үшін дабыл түймелері орнатылған.

Сондай-ақ, 2022 жылдың желтоқсанында таулардағы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таулардағы шалғай учаскелерде 2 тау үйшіктері орнатылды.

Бұдан басқа, 2021 жылы Үлкен Алматы шатқалында 1 бақылау-құтқару пункті (бұдан әрі - БҚП), сондай-ақ 2022 жылғы маусымда Кіші Алматы шатқалында 2 БҚП орнатылды.

Бүгінгі таңда алғаш рет құрылған 32 адамнан тұратын тау-кен құтқарушылар жасағы орнатылған БҚП-де (Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында) орналасқан.

20 СГТ-дың бұдан әрі жұмыс істеу және қызмет көрсету үшін 2022 жылғы
20 маусымда Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы арқылы компанияның сенімгерлік басқаруына беру бойынша конкурс жарияланды, оның қорытындысы бойынша 2022 жылғы 7 шілдеде жеңімпаз – «ЭкоМед Сервис» ЖШС (бұдан әрі - Компания) анықталды. Компаниямен шарт 2022 жылғы 11 шілдеде жасалды. Компания 2022 жылғы 21 шілдеден бастап қабылдау-тапсыру актісін сенімгерлік басқаруға 20 СГТ қабылдады.

 

Туристік салаға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту

2022 жылы «RAAVAH Aparthotel 4*» апарт-қонақ үйі ашылды. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап экологиялық туризм саласында «Medeu Park Hotel» қонақ үй кешенін салу іске асыра басталды.

Сонымен қатар, 2023 жылы «Tenir Eco Hotel» эко-қонақ үйінің 2-кезеңін, сондай-ақ 2 визит-орталықты (БАО және Бутаковка) іске асыруды және 2 глэмпингты (Тұюк-Су және Бутаковка) жобалауды бастау жоспарлануда.

 

Туризмді ілгерілету

Маркетингтік ілгерілету шеңберінде 5 халықаралық «ATM Dubai» (Дубай қ.) және «SATTE» (Нью-Дели қ.), «Top Resa» (Париж қ.), ITB Asia (Сингапур қ.), IBTM (Барселона қ.) көрмелеріне қатысты. Алматы қаласының туроператорларымен 300-ден астам меморандумға қол қойылды.

Бұдан басқа, Алматы қаласының туристік әлеуетін халықаралық нарықта ілгерілету мақсатында Эр-Рияд, Эд-Даммам, Джидда (Сауд Арабиясы), Нью-Дели және Мумбай (Үндістан Республикасы), Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск,  Омбы (РФ), Дубай, Абу-Даби (БАӘ), Рим, Милан (Италия) жалпы
1,5 мыңнан астам адамды қамти отырып, 12 Road-show аясында Алматы қаласының туроператорлары 20 мыңнан астам шетелдік туристерді қабылдауға меморандумдарға қол қойды.

Үндістандағы роудшоуда Алматы қаласы Туризм басқармасы Нью-Дели қаласындағы Үндістанның туристік агенттіктер қауымдастығы (TAAI-Travel Agent Association of India), сондай-ақ Мумбай қаласындағы үнді туроператорлар қауымдастығы (IATO - Indian Association of Tour Operators) арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2022 жылдың сәуір айында Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі KITF-2022 «Туризм және Саяхат» туристік көрмесі өткізілді, оған әлемнің 22 елінен 2 мың кәсіпқой, 200 компания қатысты. Осы көрме аясында 1200-ден астам келісімшартқа қол қойылды. Көрмеге 4700-ден астам адам қатысты.

Таулы және экологиялық туризмді дамыту үшін 2022 жылдың 2-5 қыркүйек аралығында Таулы туризм бойынша халықаралық фестиваль «Mount Fest 2022» ұйымдастырылды. Фестиваль аясында Тау велосипедінен, скайраннингтен, туриададан жарыстар, балалар скаут лагері, сондай-ақ Йохан Эрнст Нильсон, Мақсұт Жұмаев, Юрий Кошеленко, Виталий Шкель және т. б. халықаралық сарапшылардың қатысуымен семинарлар ұйымдастырылды. Фестивальдің жалпы қамтылуы 8000 нан астам адамды құрады.

MICE туризмін дамыту аясында жалпы саны 400-ден астам қатысушыны қамтитын 5-ші Халықаралық қонақ үй форумы өткізілді. 
10 халықаралық сарапшы қатысты. Форум бағдарламасы барысында халықаралық сарапшылардан білім беру шебер-класстары және қонақ үй бизнесінің әлемдік трендтері (капсулалық қонақ үйлер, мобильді қонақ үйлер, жаңа технологиялар және т.б.) бойынша тұсау кесер өткізілді.

29-30 қазан аралығында Халықаралық деңгейдегі аспаздар мен Парсы шығанағы елдерінен (БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар), Ресейден келген food блогерлерінің қатысуымен Almaty Food Fest халықаралық гастрономиялық фестивалі өткізілді. Жоба идеясы: аймақтық гастрономиялық туризмді (wine and food tourism), жалпы аумақтарды дамыту құралы ретінде және туристік индустрияға қатысушыларды қолдау. Іс-шараны қамту 10 мың адамды құрады.

Алматы агломерациясындағы туристік нысандарды танымал ету, әлеуметтік және балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында 600 аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, мүмкіндігі шектеулі балалар және ересектерге экскурсиялар өткізілді. Мақсаты: әлеуметтік, балалар-жасөспірімдер және өлкетану туризмін дамыту.

Сонымен қатар, зейнеткерлік жастағы 500 азаматқа экскурсиялар ұйымдастырылды. Жоба 2025 жылға дейін белсенді ұзақ өмір сүру жол картасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

 

ICCA-ға кіру

2022 жылдың 1 тамызынан бастап Алматы қаласының әкімдігі ICCA (International Congress & Convention Association) Халықаралық конгресстер және конференциялар қауымдастығының мүшелігіне кірді.

ICCA мүшелігі халықаралық аренада Алматыда MICE туризмін дамыту жоспарының бөлігі болып табылады. Қауымдастықпен ынтымақтастық қаланы халықаралық аренада ілгерілетуге, маркетингтік көрсеткіштерді жақсартуға және мемлекет тарапынан ең аз инвестициялармен MICE сегментінде бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жәрдемдеседі.

Қауымдастықпен серіктестік сонымен қатар ICCA-ға мүше түрлі туристік қауымдастықтармен жаңа ұзақ мерзімді қатынастар құруға мүмкіндік береді.

Анықтама: 88 түрлі елдегі 950 қала ICCA мүшелері болып табылады.
2022 жылғы 6-9 қараша аралығында Алматы қаласы алғаш рет Польшаның Краков қаласында өтетін жыл сайынғы іскерлік
ICCA (Халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығы) конгресіне қатысты.

Дата публикации
22 февраля 2023
Дата обновления
22 февраля 2023
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы