
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 1 379,5 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,2% құрайды.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін белсенді субъектілердің саны 277 688 бірлікті немесе 2021 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 138,8%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар ағымдағы 1 105,7 млрд. теңгені немесе 2021 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,6%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 421,6 млрд. теңгені және 2021 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,1%-ға өсті.
Тұтыну бағасының индексі жыл басынан қазан айында 17,3% - ды құрады, оның ішінде азық - түлік тауарлары бойынша – 20,6%, азық-түлік емес тауарлары бойынша 13,7%, ақылы қызметтер бойынша 16,5%-ды құрады.
Мемлекеттік бюджетке 3117,2 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар 105,2% орындалды, оның ішінде республикалық бюджетке – 2 219 млрд. теңге (болжам 102,1%), жергілікті бюджетке – 898,2 млрд. теңге (болжам 113,9%) түсті.
2022 жылдың 3 тоқсанында бір қызметкерге орташа айлық жалақы 338 636 теңгені құрады және номиналды түрде 19,4 1%-ға, нақты түрде 2,9%-өсті.