
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ
Алматы қаласындағы су құбыры желілерінің ұзындығы 3,6 мың км, кәріз желілерінің ұзындығы 1,9 мың км құрайды.
2022 жылы шамамен 60 мың адамды қамти отырып, сумен жабдықтау және кәріз желілерінің 16 объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарының 18 шағын аудандары бойынша 153,9 км сумен жабдықтау және 118,1 км су бұру желілері салынды, сондай-ақ сумен жабдықтау желілерінің тозуы 56,2%-дан 55,8%-ға және кәріз желілерінің тозуы 58%-дан 57,5%-ға дейін төмендеді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 99%, халықты Ағынды суларды тазартумен қамту бойынша 92,7% құрады.
50 мыңнан астам халықты сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында Қарғалы өзенінде су өндірудің жобалық қуаттылығы тәулігіне 15 мың м3 су тартудың құрылысы жүргізілуде, жұмыстарды 2023 жылдың маусым айында аяқтау жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ақсай өзенінде (жобалық қуаты тәулігіне 22 мың м3) су тарту құрылысы бойынша жұмыстар басталды, сондай-ақ Ерменсай ш/а су жинағыш ЖСҚ әзірленуде. (жобалық қуаты-тәулігіне 9 мың м3).
Жаңа су көздерін салу қосылған аумақтарда 150 мыңнан астам азаматты қамтуды қамтамасыз етеді.
2023 жылы 41 нысан бойынша 217,1 км су құбыры және кәріз желілерін салу жоспарлануда (оның ішінде 17 нысан – Қарасу, Боралдай, Шаңырақ-2, Шаңырақ-1, Өжет, Самғау, Алғабас 1 және 2 кезек, Қазыбаев, Рысқұлов д., Тәтібеков, Райымбек д. көшелерінің квадратындағы желілер, Шұғыла, Ақжар, Қарғалы, Жас Қанат ш/а кәріз-сорғы станциясы және сумен жабдықтау және су бұру желілері, Шуақты, Кенсай ш/а Шоқай көшесі бойында, Кастетская, Моңгольская, Есентай, Қожамқұлов, Рахманинов, Бруно және Халиулин көшелерінің кәріз құрылысы).
Нәтижесінде сумен жабдықтау желілерінің тозуы 55,8%- дан 55,5%- ға дейін және кәріз жүйесі 57,5%- дан 57,2%- ға дейін төмендейді деп күтілуде.
ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ
Қала бойынша газ желілерінің жалпы ұзындығы 5 995,9 км құрайды.
2021 жылы қаланы газбен жабдықтау жүйесін дамыту шеңберінде 36,7 км желі қайта жаңартылды, 2 мыңнан астам үй газға қосылды, нәтижесінде халықтың газбен қамтамасыз етілуі 99,2% құрайды.
2022 жылы "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ АлӨФ инвестициялық бағдарламасы бойынша газға қосылу үшін 23,2 км газбен жабдықтау желілерін салу жоспарланған болатын
355 Жеке тұрғын үй, алайда, конкурс қорытындысына шағымдануға байланысты құрылыстың басталуы 2023 жылға ауыстырылады.
ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Жылу желілерінің ұзындығы: 1 352,33 км, оның ішінде:
Магистральдық жылу желілері (МЖЖ) – 292,12 км;
Тарату жылу желілері (ТЖЖ) – 1 060,21 км.
2022 жылы "Оңтүстік аудандық қазандықты" (Бостандық ауданы) қайта жаңарту және "Премьера" қазандығын (Наурызбай ауданы) кеңейту жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 14,5 км жылумен жабдықтау желілерін қайта құру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.
ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Алматы қаласы бойынша электр желілерінің ұзындығы – 8,6 мың км, (тозуы 65% немесе 5,6 мың км).
Қазіргі уақытта Алматы қаласының электр желілеріндегі өткір проблемалардың бірі тозған 0,4-6-10кВ кабельдік желілердің техникалық жай-күйі болып табылады.
2021 жылы энергия тиімділігін арттыру мақсатында "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ іс-шаралар өткізді:
– ТП-10(6)/0,4 кВ қайта құру – 159 дана;
– РП-10кВ қайта құру саны – 8 дана;
– №5А-1 ҚС БМЗ РП-10кВ монтаждау – 1 дана;
– КЛ-10кВ құрылысы – 97,9 км;
– ТП телемеханика шкафтарын монтаждау саны – 181 дана.
Сондай-ақ, 2022 жылы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ 6кВ кабельдік электр желілерін шамамен 102 км 10кВ-қа ауыстырды.
Сонымен қатар 25 км электр желілері жаңғыртылды
Электрмен жабдықтау саласында 400 мың тұрғынды қамтитын 2 электр қосалқы станциясының құрылысы жүзеге асырылуда, оның ішінде "Алмагүл" қосалқы станциясы 2023 жылғы мамырда, "Тұздыбастау" қосалқы станциясы 2023 жылғы шілдеде аяқталады.
Сондай-ақ, 2023 жылы 540 мың тұтынушыны қамти отырып, 6 ауданда электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жоспарлануда.
ЖАРЫҚТАНДЫРУ
Сыртқы жарықтандыру желілерінің ұзындығы: 4 815 км, 185 мың шам.
Жарықтандырылмаған көшелерді жарықтандыру мақсатында 2022 жылдан бастап қаланың 511 учаскесінде сыртқы жарықтандыру желілерін орнату жұмыстары жүргізілуде (6 854 – шамдар, 6705 – тіректер, желілердің ұзындығы – 210 км.). Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін қаланың жарықтандырылуы 85% құрайды. Ағымдағы жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және 2025 жылға қарай қала аумақтарын жарықтандырумен қамту 100% құрайды.
Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап ескі сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде, осы жоба шеңберінде 2 912 тірек, 4 345 LED шам орнатылады. Жаңғырту аяқталғаннан кейін қала бойынша жарықдиодты шамдардың үлесі 70% құрайды.