
2022 жылы 211 164 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 106 654 мемлекеттік қызмет – «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, 57 370 мемлекеттік қызмет – Мемлекеттік корпорация арқылы,
47 140 мемлекеттік қызмет – мемлекеттік орган арқылы көрсетілді.
І. Аз қамтылған азаматтарға жәрдемақы төлеу және әлеуметтік көмек көрсету.
Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде айқындалады: 2022 жылғы 4 тоқсанға күнкөріс деңгейі 49 577 теңге, кедейлік шегі –34 704 теңгені құрайды.
АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмекке жіктеледі.
АӘК төлеуге 2 438,8 млн. теңге бөлінді (РБ – 1 939,7 млн. теңге, ЖБ-499,1 млн. теңге).
31.12.2022 ж. АӘК 5 234 отбасына (26 036 адам) 2 439,1 млн. теңгеге төленді, оның ішінде:
шартсыз ақшалай көмек – 1 537 отбасына (5 764 адам) 782,3 млн. теңгеге, отбасының 1 мүшесіне шаққанда орташа мөлшері 10 858 теңгені құрады;
шартты ақшалай көмек -3 921 отбасына (21 220 адам) 1 656,8 млн. теңгеге, отбасының 1 мүшесіне шаққанда орташа мөлшері 6 246 теңгені құрады.
АӘК алушылар 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған табиғи қолдауды (балалар тағамы және тұрмыстық химия жиынтығы) қамтитын кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі. 6 670 балаға 477 млн.теңге (РБ – 401,9 млн. теңге, МБ – 75,1 млн. теңге) бөлінді. 31.12.2022 ж. жағдай бойынша 7 662 бала қамтамасыз етілді, оларға 477 млн. теңгеге 70 390 азық-түлік себеті берілді
1) жан басына шаққандағы орташа табысы 3 АЕК-тен аспайтын азаматтарға жарты жылда бір рет 7 АЕК (22 260 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек:
- зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, зейнеткерлік жасқа жеткен зейнеткерлерге;
- бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінен зардап шегетін 1 топтағы мүгедектерге;
- ҰОС жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 22.06.1941-09.05.1945 ж.бастап кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын, ҰОС тылындағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға.
8 390 адамға 371 млн. теңге бөлінді. 31.12.2022 жылға көмек 372,2 млн.теңгеге 9 099 адамға төленді.
2) біржолғы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа табысы 2 АЕК-тен аспайтын азаматтарға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 20 АЕК (63 600 теңге). 7 594 адамға 485,4 млн.теңге бөлінді. 31.12.2022 жылғы жағдай бойынша 512 млн. теңгеге 8 238 адамға көмек көрсетілді.
3) біржолғы әлеуметтік көмек – өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен, баспанасынан айрылған, бүлінген, елеулі зиян келген отбасына 200 АЕК-ке дейін (636 000 теңге), сондай-ақ отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда әрбір қайтыс болған адамға 50 АЕК (159 000 теңге) мөлшерінде көрсетіледі. Бөлінген қаражат - 42 адамға 22,5 млн. теңге. 31.12.2022 жылғы жағдай бойынша 47 адамға 22 млн. теңге төленді.
4) сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 (10 812 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
Бөлінген қаражат – 342 адамға 4,8 млн. теңге. Көмек 366 адамға 4,9 млн. теңгеге көрсетілді.
5) ай сайынғы әлеуметтік көмек – 6,5 АЕК (20 670 теңге):
90 адамға 18,9 млн. теңге қарастырылған. 31.12.2022 ж. 19 млн. теңгеге 90 адамға төленді.
6) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға 12 АЕК (38 160 теңге) мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.
729 адамға 178,3 млн. теңге қарастырылған. 31.12.2022 ж. әлеуметтік көмекті 175,9 млн. теңгеге 817 адам алды.
7) жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан тұрғын үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 100 % шығыны мөлшерінде, бірақ 3 (үш) нүктеден көп емес:
Шығындарды өтеу біржолғы болып есептеледі және қайта көрсетілмейді. 20 адамға 7,6 млн. теңге бөлінді. 31.12.2022 ж. көмек
21 адамға 6,9 млн. теңгеге көрсетілді.
8) ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ инфекциясы бар балаларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 есе мөлшерінде (ҚР бойынша – 72 036 теңге) ай сайынғы көмек. Бекітілген бюджет - 54 адамға 45,7 млн. теңге. 31.12.2022 жылға көмек 55 балаға 45,9 млн. теңгеге көрсетілді.
9) ҰОС Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек, 4 725 адамға 522,5 млн. теңге бөлінді.
Аталған көмек көрсетілді:
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 75 млн. теңге сомасына 75 адам (1 млн. теңгеден);
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге – 156,5 млн. теңге сомасына 1 565 адам (100 мың теңгеден);
- Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттерде соғыс қимылдары жүргізілген кезеңінде қаза тапқандардың отбасыларына – 2,8 млн. теңге сомасына 28 адам (100 мың теңгеден);
- басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне –287,8 млн. теңге сомасына 2 878 адам (100 мың теңгеден);
- еңбек майданына қатысушыларға – 468,6 млн. теңге сомасына 9 371 адам (50 мың теңгеден);
- қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдеріне – 455 адам, сомасы 22,7 млн. теңге (50 мың теңгеден).
10) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға 150 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. 715 адамға 107,3 млн. теңге бөлінді, көмекті 633 адам 94,9 млн. теңгеге алды.
11) санаторлық-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеуді 114 адам (зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін тұлғалар) 12,9 млн. теңгеге алды.
31.12.2022 ж. жағдай бойынша 670 зардап шегушіге 415 млн. теңге төленді.
IІ. Мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер медициналық-әлеуметтік мекемелерде және үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мүгедек адамдарға, оның ішінде мүгедек балаларға, қарттарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетіледі.
31.12.2022 жылғы жағдай бойынша 8 609 адамға қызмет көрсетілді (кезектілік - 37 адам, оның ішінде «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – 17 адам, ҮЕҰ – 20 адам).
Стационар жағдайында 1 481 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде:
– 833 адам - бірінші, екінші топтардағы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға («Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы»);
– 155 адам - 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар бірінші, екінші топтағы («Алатау» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы);
– 130 адам - 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар («Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығы);
– 44 адам – «Демеу» ОО жанындағы дербес тұру үйлерінде («РУХ» бейімдеу, оңалту және абилитациялау орталығы ЖМ, «Психоаналитикалық қауымдастық»ҚБ).
«Қамқор» әлеуметтік үйінде 55 адам тұрады.
Жартылай стационар жағдайында 1 553 адамға қызмет көрсетілді:
– 474 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан адамдарға («Шапағат» ОАО – 98 адам, Түрксіб, Бостандық, Наурызбай аудандарының бөлімшелерінде – 158 адам, Көпсалалы оңалту орталығында – 57 адам, «Аяла», «Парасат» ОАО – 161адам);
– 895 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (АРДИ, «Мархабат» ҚҚ, «Мейірім» ЖҚ, «Аман-Ималь» ҚҚ, «Арман Алматы» ҚҚ, «Кеңес» ҚҚ, «Ерзи» мүгедектер қауымдастығы ҚБ, «Paralimpic Sports Association» ҚҚ, «Энштейннің балалары» ҚҚ);
– 184 күндізгі болу бөлімшелерінде қарт адамдарға (қарттарға арналған «балабақша») артериялық гипертензия және жеңіл дәрежедегі когнитивті бұзылулар болған кезде («Жас дәрігерлер қауымдастығы» ҚБ, «Ұлттық медициналық ассоциациясы» ҚБ).
Үй жағдайында қызмет көрсету – 4 173 адамға көрсетілді, оның ішінде:
– 453 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға («Аяла», «Парасат» ОӘБ);
– 679 мүгедек балаларға, 18 жастан асқан тұлғаларға (Басқарманың 6 аудандық бөлімі жанындағы 13 әлеуметтік көмек бөлімшесі);
- 3 041 жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға (аудандық әкімдіктер жанындағы 30 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі).
Уақытша болу жағдайында – 1 402 адам, оның ішінде:
– 927 белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға (180 төсек-орынға есептелген «Пана» әлеуметтік қызметтер орталығы);
– 475 адам - тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына («Жан-Сая» дағдарыс орталығы).
ІІІ. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.
ЗТМО мәліметтері бойынша мүгедектер саны 55 010 адамды құрайды.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту шаралары «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңдары, Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.01.2015 жылғы № 26 бұйрығы) шеңберінде жүзеге асырылады.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен (сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен, протездік-ортопедиялық көмекпен және т.б.), әлеуметтік қызметтермен (санаторий-курорттық сауықтырумен, жеке көмекшінің, «инватаксидің», ымдау тілі маманының қызметтерімен) тегін қамтамасыз етіледі.
2022 жылы 28 826 мүгедек адамды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы («Инватакси» қызметінен басқа) 7,8 млрд.теңгеге оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жоспарланған.
31.12.2022 ж. жағдай бойынша «Инватакси» тасымалдау бойынша қызметтер 267,6 млн. теңгеге 54 машинамен ұсынылды, «Оңай» терминалдарына ай сайын қызмет көрсетуге 6,2 млн. теңге жұмсалды.
Міндетті гигиеналық құралдармен 731,7 млн. теңгеге 5 512 адам, кресло – арбалармен – 295,5 млн.теңгеге 550 адам, жүріп – тұру құралдарымен – 76,9 млн. теңгеге 1 873 адам, сурдотехникалық құралдармен – 187,4 млн. теңгеге 1 829 адам, тифлотехникалық құралдармен-346,5 млн. теңгеге 1 908 адам, протездеу және ортездеу құралдарымен-562,9 млн. теңгеге 3 149 адам қамтамасыз етілді. Кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыру және баптау жөніндегі қызметтер 142 мүгедекке 730,6 млн. теңге сомасына ұсынылды.
Жеке көмекшінің қызметімен 3 079,7 млн. теңгеге 3 250 адам, ымдау тілі маманының қызметімен 346,6 млн. теңгеге 900 адам қамтамасыз етілді. Кеңейтілген тізбеге сәйкес 145 млн.теңгеге 3 818 адам техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етілді. Санаторлық-курорттық емдеумен 1 032,1 млн.теңгеге 5 764 адам қамтамасыз етілді.
«Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастырылуда, 3 451 мүгедек адам 33 млн. теңгеге қызмет алды.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде «TenQogam» екінші орталығы ашылды, бюджеті 16 млн. теңге, 300 адамды қамти отырып, есту қабілеті бұзылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Барлығы 16 млн. теңгеге 250 адам қызмет алды.
Мүгедектер арбасын жөндеу жобасын іске асыруға жергілікті бюджеттен 13 млн. теңге бөлінді. Барлығы 150 адам қызметпен қамтамасыз етілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беру мақсатында мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол нысандарды паспорттауды және бейімдеуді қамтиды.
2022 ж. 230 нысанды паспорттап, 260 нысанды бейімдеу жоспарланған. 31.12.2022 ж. жағдай бойынша 230 нысан паспортталды, 260 нысан бейімделді.
ЗТМО мәліметтері бойынша зейнеткерлер саны - 236 891 адам.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының (Орталық) қызметін іске асыруға күнделікті 1056 адамды қамтуға 281,8 млн. теңге бөлінді.
Барлығы Орталықта 33 471 адам тіркелді, қызметтермен 505,9 мың адам қамтылды.
Зейнеткерлерді белсенді және салауатты өмір салтына тарту үшін емдік йога, скандинавиялық жүріс және ЕДШ сабақтары өткізіледі. Барлығы 57,6 мың адам қамтылды.
Гериатр-дәрігердің, кинезиолог-психологтың, медицина қызметкерлерінің консультацияларымен 21,5 мың адам қамтылды.
Бос уақытты өткізу іс-шараларымен (шахмат, нарды, домино, сурет салу, кескіндеме және графика, өсімдік шаруашылығы, хендмейд, жадыны нығайту техникасы) 44,1 мың адам қамтылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық кеңестер өткізіліп, 3,8 мың адам қамтылды. Смартфонды меңгеру және компьютерлік сауаттылық, сондай-ақ латын, ағылшын және қазақ тілдерін оқу курстарымен, 19,7 мың адам қамтылды.
3,5 мың адамға қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Санаторлық-курорттық емделуді ұсыну бойынша әлеуметтік көмекке
2 231 зейнеткерге 325,1 млн. теңге бөлінді. 100 % орындалды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің тапсырмасы бойынша «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мемлекеттік мекемесі ашылды, 72,3 млн.теңге бөлінді. Орталықта барлығы 833 зейнеткер тіркеліп, 10,8 мың адам қызмет алды.
Көп балалы отбасылардың саны – 34 328, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар – 5 229 адам.
«Бақытты отбасы» орталықтарының қызметін іске асыруға күн сайын 810 адамның келуіне 170,1 млн.теңге бөлінді.
9 «Бақытты отбасы» орталығы жұмыс істейді. Орталықта 21 313 адам тіркелген, 24 702 адам ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау алды, 4 275 адам – әдістемелік және заңгерлік көмек алды, 3 982 адам – базалық тренингтер өтті (жеке өсуі, балаларды тәрбиелеу, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар бойынша), оқыту курстарынан 3 838 адам өтті (ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық, тігін ісі, бизнесті жоспарлау, киім дизайны, бухгалтерлік курс, маникюр шебері, аспаздық және т. б.).
Алатау ауданының аз қамтылған отбасыларына дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығын іске асыруға күн сайын 85 адамға 22,8 млн.теңге бөлінді.
4 460 адам жүгінді, 6 851 адамға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілді, 724 адам психолог, 634 адам заңгер, 828 адам әлеуметтік қызметкер қызметтерін алды, 2 433 адам дәстүрлі қолөнер, киім дизайны, визаж және маникюр бойынша курстарда оқиды, 3 136 бала үйірмелерге барды.
8 ауданда «Шыңға өрлеу» 10 әлеуметтік клубын жүзеге асыру жалғасуда (бюджет – 383,7 млн.теңге). Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 2 444 бала оқумен қамтылды, 252 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 190 адам зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар.
«Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы аясында (бюджет – 192 адамды қамтумен 57,4 млн. теңге) 194 мүгедектігі бар адамдар «Ақбастау» шипажайында жеті күндік курстарында оқудан өтті.
2022 жылы қыркүйек айында «Жарқын өмір», «Жаңа өмір», «Isker isi» жаңа әлеуметтік жобалары бастау алды, олардың мақсаты отбасыларды кешенді қолдау, балалары бар әйелдердің өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ проблемалы қарыз алушыларға консультациялық көмек көрсету болып табылады. Жобалармен 4 407 адам қамтылды.
ҮЕҰ, меценаттар, қайырымдылық жасаушылар мен қорлардың бірыңғай дерекқорын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қайырымдылық көмек көрсету және әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша меценаттармен, ҮЕҰ-мен, Халықпен, мемлекеттік органдармен және т.б. өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.
31.12.2022 жылғы жағдай бойынша қайырымдылық көмекпен 23 264 адам қамтылды, оның ішінде:
- азық-түлік себеттері – 4 472 адам.;
- киім заттарымен және аяқ киіммен – 881 адам.;
– ыстық түскі ас – 11 976 адам.;
- басқа түрлері – 3 330 адам.
Статистика деректері бойынша 2022 жылдың 3 тоқсанында жұмыс күшінің саны 1 064 мың адамды құрады, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,4 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық –1 011 мың адам (29,7 мың адамға өсті).
Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 113,1 мың адам (3,6 мың адамға өсті), олардың жұмыспен қамтылған халық санынан үлесі 11,2% - ды құрады.
Жұмыссыздар саны - 53 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 5,0%.
2022 жылдың басынан бастап Халықты жұмыспен қамту орталығына
47 152 адам жүгінді, оның ішінде 27 507 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Ағымдағы жылдан бастап халықты жұмыспен қамту шаралары 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде көрсетіледі.
Ұлттық жобаның бірінші бағыты аясында:
1) уақытша жұмыс орындарына 12 219 адам жіберілді (жоспар бойынша
10 459 адам), оның ішінде:
- әлеуметтік жұмыс орындары – 1 032 адам (жоспар-980 адам, бюджет 524,8 млн. тг.);
- жастар тәжірибесі – 1 194 адам (жоспар-1098 адам, бюджет 733,2 млн. теңге);
– қоғамдық жұмыстар – 9 993 адам (жоспар – 8 381 адам, бюджет 7 193,8млн. теңге);
2) субсидияланатын жұмыс орындарына 559 адам жіберілді (жоспар бойынша 542 адам), оның ішінде:
- бірінші жұмыс орны - 433 адам (жоспар-424 адам, бюджет 244 млн. теңге);
- ұрпақтар келісімшарты – 63 адам (жоспар-59 адам, бюджет 23,6 млн. теңге);
- күміс жасы - 63 адам (жоспар – 59 адам, бюджет 20,1 млн. теңге);
3) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1022 адам жіберілді (жоспар 1 002 адам), 247,5 млн. теңге бөлінді, онда:
– білім беру ұйымдарында оқыту - 709 адам (жоспар 689 адам), 204,9 млн. теңге бөлінді;
– жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту - 313 адам (жоспар 313 адам), 42,6 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, enbek.kz платформасында дағдыларға оқыту жүргізіледі, 2 015 адам өтті.
Екінші бағыт шеңберінде 400 АЕК-ке дейін 1 569 адамға өтеусіз гранттар беру жоспарланған, 2 571,9 млн.теңге бөлінді. Барлығы 1 920,9 млн. теңгеге 1 570 адамға грант берілді.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары 61,4 мың адамды қамтитын ұлттық жобалар шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша қажетті шараларды іске асыруды қарастыратын 2022 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарын бекітті.
31.12.2022 ж. жұмыспен қамту шараларымен 102 791 адам қамтылды (167,4%) оның ішінде:
- тұрақты жұмысқа орналастырылғандар – 19 125 адам (жоспар-9753 адам);
- Ұлттық жобаларға орналастырылғандар – 6 594 адам (жоспар – 8 630 адам);
- әлеуметтік жұмыс орындары – 1 032 адам (жоспар – 980 адам);
- жастар тәжірибесі – 1 194 адам (жоспар-1098 адам);
- қоғамдық жұмыстар – 9 993 адам (жоспар-8 381 адам);
- бірінші жұмыс орны – 433 адам (жоспар-424 адам);
- «ұрпақтар келісімшарты» жобасы – 63 адам (жоспар-59 адам);
- «күміс жас» жобасы – 63 адам (жоспар – 59 адам);
- гранттар берілді – 1 570 адам (жоспар-1 569 адам);
- қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1 022 (жоспар-1002 адам);
- «Бастау Бизнес» оқуына – 5 237 адам (жоспар – 2000 адам);
- enbek.kz платформасында дағдыларды үйрету – 2 015 адам (жоспар -1 316 адам);
- кәсіптік бағдар – 54 450 адам (жоспар-2000 адам).
Жеке жұмыспен қамту агенттігіне 2 610 адам жүгінді, оның ішінде жұмыссыздар 714 адам. Жұмысқа орналасқан азаматтар саны 10 адам.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментімен бірлесіп Алматы қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік көмек және өзге де бейімдеу шаралары бойынша 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. ЛА-155/6, ЛА-155/13, ЛА-155/18 мекемелерінде семинарлар өткізу жоспарланған. Семинарлар 25 Сәуірде, 29 шілдеде ЛА-155/6, Алматы қаласы ПД әкімшілік жауапқа тартылғандар үшін арнайы қабылдағышта өткізілді.
2022 жылы 52 241 жұмыс орнын (оның ішінде 36 126 – тұрақты, 16 115 – уақытша) құру жоспарлануда, оның ішінде ұлттық жобалар шеңберінде – 16 019 жұмыс орны, жеке бастамалар шеңберінде – 2 618 жұмыс орны, ШОБ – 33 604 жұмыс орны.
31.12.2022 ж. жағдай бойынша 57 486 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 40 306 бірлік, уақытша – 17 180 бірлік.
Қызметкерлердің толық емес жұмыспен қамтылуы мен босатылуына байланысты жағдайды бақылау мақсатында қызметкерлер саны 112,8 мың адамнан тұратын 508 кәсіпорынға сауалнама жүргізілді.
Сұралған кәсіпорындарда қабылданғандар саны 27,6 мың адамды құрады, жұмыстан босатылғандар саны 27,1 мың адам. Штат санының қысқаруы немесе кәсіпорынның таратылуы себебінен босатылғандар саны – 52 кәсіпорында 575 адам.
2017-2025 жылдарға арналған жұмыс күшінің басқарылатын ағыны бойынша жұмыскерлердің саны 250 адамнан асатын қаланың ірі кәсіпорындарымен 206 жол картасы (90%) жасалды, бұл жұмыс орындарын қысқартуға емес, сақтауға мүмкіндік береді.
Осы жылдың басынан бастап Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы 33 бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды және оған қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс орындарына 90 адам, уақытша жұмыс орындарына 32 адам жұмысқа орналастырылды.
31.12.2022 ж. жағдай бойынша үшжақты комиссияның 9 отырысы өткізілді, онда қала кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешек мәселелері қаралды.
VII. Көші-қон процестері.
Оралмандар шығатын елдер: Өзбекстан-467 адам, ҚХР-426 адам, Ресей – 178 адам, Қырғызстан-56 адам, Моңғолия-29 адам, Түркіменстан-14 адам, Иран - 6 адам Ауғанстан-3 адам, Тәжікстан – 3 адам, Канада - 1 адам, Түркия – 1 адам.
2) Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту үшін 2 431 бірлік мөлшерінде квота бөлінді (I санат – 464, II санат – 1106, III санат – 785, IV санат – 76).
31.12.2022 ж. жағдай бойынша 1 199 рұқсат берілді (I санат-146, II санат-513, III санат – 489, IV санат – 51).
Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер жергілікті бюджетке 625 млн. теңге салық төледі.
ШЖК шығатын негізгі елдер: Қытай – 531 адам, Түркия – 181 адам, Украина – 126 адам, Өзбекстан – 36 адам.
3) «босқын» мәртебесі қолданылады - 265 адам, «босқын» мәртебесі берілді – 19 адам, «босқын» мәртебесі ұзартылды – 185 адам.
4) пана іздеген адамның куәлігі берілді және ұзартылды – 269 адам.
VIII. Әлеуметтік қызметтер үйінде мемлекеттік қызметтер көрсету.
Әлеуметтік қызметтер үйінде әлеуметтік әл-ауқат және тұрғын үй саясаты басқармаларының, халықты жұмыспен қамту орталығының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, «Отбасы Банкінің», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының, «Атамекен» ӨКП және әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері орналасқан. «Бір терезе» қағидаты бойынша «Open Space» форматында мемлекеттік қызметтердің 776 түрін алу көзделген.
Жыл басынан бері барлығы 105 607 қызмет көрсетілді, оның ішінде: