
Тіркелген діни бірлестіктердің саны 190 бірлікті құрайды, оның ішінде 118 діни ғимарат (54 мешіт, 20 православие шіркеуі мен соборы, 2 католик шіркеуі, 1 синагога, 1 Вон-будда конфессиясының ғибадат ғимараты, 35 протестанттық конфессиялардың ғибадат ғимараты, 4 - Ехоба Куәгерлері, 1 - Жаңа Апостол шіркеуі).
2022 жылы Наурызбай және Алатау аудандарында 2 жаңа мешіт, сондай-ақ Жетісу ауданында 2 католик шіркеуі ашылды.
Сонымен қатар, бүгінде 2 мешіттің (Алатау ауданы-1, Түрксіб ауданы - 1), 1 православие шіркеуінің (Түрксіб ауданы), сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мешітке 1 қосымша (Алмалы ауданы) құрылысы жүргізілуде.
4 рухани оқу орны («Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті; ҚМДБ жанындағы ҚР имамдарының біліктілігін арттыру институты; «Әбу Ханифа» колледжі (медресесі); Православие шіркеуінің Алматы рухани семинариясы), 7 намазхана және діни әдебиетті таратуға арналған 17 стационарлық үй-жай жұмыс істейді. 72 миссионер тіркелген.
2022 жылғы жұмыстың негізгі нәтижелері туралы
Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласында
Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының қызметі жалғастырылды. 2022 жылы «Қазақстан халқының бірлігі күніне» орайластырылған діни бірлестіктер Көшбасшылар клубының жиналысы, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының өкілдерімен кездесу, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды, сондай-ақ эко-сенбілік және басқа да іс-шаралар өткізілді.
Тұрақты негізде дін саласындағы ҚР заңнамасын түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылады.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы
Әр түрлі саладан 37 маманнан тұратын қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды.
2022 жылы 1685 түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді, жалпы саны 219,9 мыңнан астам адам қамтылды. Іс-шаралар барысында халықтың осал бөлігіне, оның ішінде маргиналды орта, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сенушілер және т.б. аса мән берілді.
БАҚ пен интернет кеңістігіндегі қарсы насихаттық жұмыс туралы
2022 жылы әртүрлі әлеуметтік желілерде 7 мыңнан астам материалдар (мақалалар, роликтер, инфографика, мотиваторлар, демотиваторлар) жарияланды, олардың қамтылуы 8 млн. астам пайдаланушыны құрады.
Сонымен қатар, қарсы насихаттық материалдарын ілгерілету үшін танымал ақпараттық порталдар белсенді тартылды. «Zanmedia.kz», «Nur.kz», «KP.kz», «Stan.kz» және т. б., онда 115 материал жарияланды, қаралым саны 350 мыңнан асты.
Сонымен қатар, қарсы үгіт-насихат жұмыстарына 11 блогер тартылып, олардың жазылушылар саны 4 мыңнан 115 мыңға дейінгіні құрады.
Олардың әлеуметтік парақшаларында 100 материал жарияланды. Instagram әлеуметтік желісіндегі топтарда, сондай - ақ жаңалықтар мен ақпараттық сайттарда 38 жарияланым жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, дінтану сараптамасына бағытталған 103 мыңнан астам экстремистік мазмұндағы сілтемелер анықталды.