Лого

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік активтер басқармасының 2022 жылғы атқарған жұмысы туралы есеп

Жекешелендіруге қатысты

2022 жылы жекешелендіруден түскен түсімдер 474,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

- 176 бірлік автокөлік сатылды;

- бұрын іске асырылған объект бойынша 2021 жылы бөліп-бөліп төленетін түсімдер (аяқталмаған құрылыс);

- Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Скрябин көшесі, 4-үй мекенжайы бойынша орналасқан № 7 пәтерде жалпы пайдаланымдағы үй-жайларда ауданы 19,50 шаршы метр және ½ үлесі бар бір тұрғын бөлме түріндегі коммуналдық меншік объектісі;

- жалпы ауданы 7,1 ш.м, 1985 жылы салынған, санитарлық тораптары жоқ пәтер түріндегі коммуналдық меншік объектісі Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Тұрғыт Өзал көшесі, 57 үй, № 3 пәтер мекенжайында орналасқан.

 

Сенімгерлік басқаруға қатысты

2022 жылы 8 нысанды беру бойынша жұмыс жүргізілді, оның ішінде: 3 нысан мемлекеттік ұйымдарға, 1 коммерциялық ұйымға, 4 әлеуметтік нысанға берілді.

 

Тәркіленген мүлікпен жұмыс жөніндегі бөлім

2022 жылғы атқарылған жұмыс туралы есеп

Жыл басынан жүргізілген жұмыстар:

Алматы қаласы Әділет департаментінен 8 объект коммуналдық меншікке қабылданды.

1 объект тұрғын үй қорына енгізу үшін Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына берілді.

1 объект жедел басқаруға Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына берілді.

6 объект Алматы қаласының Әділет департаментіне меншік иесіне қайтарылу үшін берілді.

1 объект Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ-ге берілді.

Автокөлік құралы Алматы қаласының полиция департаментіне берілді.

50 дана металл кереуеттер «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімі» РММ-ге берілді.

91 бірлік мөлшеріндегі тауарлық-материалдық құндылықтар (дәрілік зат, қара сынық, қайталама металл) кәдеге жаратуға берілді.

Сонымен қатар, 2022 жылы бюджетке жеке негіздер бойынша коммуналдық меншікке түскен халық тұтынатын тауарлар мен объектілерді сатудан жалпы сомасы11 126 592 теңгеге ақшалай қаражат түсті.

 

Коммуналдық активтерге қатысты

Қаланың коммуналдық меншігіне 2022 жылы 112 млрд. 407 млн. теңге сомасына жаңадан салынған 89 жылжымайтын мүлік объектісі қабылданды, оның ішінде:

- 67 млрд. 854 млн. теңге сомасына жаңадан салынған 21 білім беру объектісі (оның ішінде мектептерге 14 қосымша құрылыс)

- 17 млрд. 129 млн. теңге сомасына 2 денсаулық сақтау объектісі;

- 23 млрд. 881 млн. теңгеге жаңадан салынған 63 көппәтерлі тұрғын үй;

- 3 млрд.543 млн. теңге сомасына 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

Республикалық меншіктен коммуналдық меншікке 116 жылжымайтын мүлік қабылданды бұл 102 пәтер және 14 жылжымайтын мүлік.

14 сыйға тарту шарты бойынша 1 пәтер, 4 ғимарат, футбол үлгісіндегі 3 ангар, 10 автокөлік құралы, өрт сөндіру және бейнебақылау жүйесі, велопрокат станциясы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі 3 қатысу үлесі және бағдарламалық өнім қабылданды.

Жоғарыда айтылғандармен қатар 246 мың дана ветеринариялық препараттар, 4 неміс шопаны, 25 автокөлік (оның ішінде жедел жәрдем), 4 құрылыс материалдарының атауы және 42 жиһаз қабылданды.

 

Коммуналдық мүлікті жалға беруге қатысты

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 584 мүліктік жалдау (жалдау) шарты жасалды, оның ішінде 272-сі 2022 жылы жасалған.

2022 жылы коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беруге беруден жергілікті бюджет кірісіне жылдық жоспар 847,5 млн. 903,1 млн.теңге түсті. немесе 106,5%. 2023 жылы күтілетін табыс 907,8 млн.

Дата публикации
20 февраля 2023
Дата обновления
20 февраля 2023
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы