
Алматы қаласының мәдени инфрақұрылымы 160 мәдениет ұйымдарын қамтиды, оның ішінде 53 республикалық, 55 қалалық және 52 жеке меншік нысандар.
Оның ішінде 27 мұражай, 34 кітапхана, 19 театр, 100-ден астам концерттік-ойын-сауық ұйымдары, клубтар мен мәдени орталықтар, 23 кинотеатр, 8 демалыс саябағы, цирк және хайуанаттар бағы бар.
Алматы қаласының аумағында 161 тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан, оның ішінде 33 республикалық және 128 жергілікті маңызы бар ескерткіштер.
Қазіргі уақытта қала тұрғындарын мәдени кеңістікке кеңінен тарту мақсатында республикалық, жеке меншік мәдениет ұйымдарымен, шығармашылық одақтар, қала тұрғындары және қонақтарымен жүйелі жұмыс ұйымдастырылуда.
2022 жылы ғалым-ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығын, көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың 110-жылдығын, жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың 100-жылдығын, КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі Роза Бағланованың 100-жылдығын мерекелеу аясында бірқатар ірі іс-шаралар өткізілді.
2022 жылы атқарылған жұмыстың ең маңыздыларына тоқталғым келеді. 2022 жылғы 16 қарашада көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаушы, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен ғалымға арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.
Сондай-ақ, ҚР Президенті А. Байтұрсынұлының жаңартылған үй-музейін ашты. 2022 жылы мұражай ғимаратында республикалық бюджет қаражаты есебінен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, экспозиция жаңартылды.
Мерейтойлық іс-шараларды өткізу жөніндегі Республикалық жоспарды орындау мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт Ұстазы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына Қазақстаннан, жақын және алыс шетелден 100-ден астам ғалым-зерттеушілер қатысты (Түркия, Германия, Жапония, Корея, Өзбекстан, Қырғызстан).
Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағы мен Түркиядағы Памуккале университетінің профессоры, алаштанушы ғалым Нергиз Бирайдың Ахмет Байтұрсынұлы туралы зерттеу кітабының тұсаукесері өтті.
Көрнекті мемлекет қайраткері Д. А. Қонаевтың 110-жылдығына орай мұражайда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, экспозиция жаңартылды.
Сондай-ақ реэкспозициядан кейін қазақ әдебиеті классигі Ғ.Мүсіреповтің үй-музейі есігін ашты.
2022 жылғы 15 сәуірде КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.
Өзіңіз білетіндей 2022 жылғы қоғамды дүр сілкіндірген қаңтар оқиғасы орын алды.
2022 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды.
«Тағзым» мемориалы қайғылы оқиғалардың эпицентрі болған жерде салынған. Республика алаңы халқымыз үшін қасиетті маңызға ие. Тарихи тұрғыдан Алматыдағы оқиғалар бүкіл ел тарихының бағытын өзгертеді. Мемориал еске алу және қайғы-қасірет орны, даналықтың, халқымыздың батылдығы мен күшінің символы болады.
Мемлекет, қоғам, ғылым және мәдениет қайраткерлеріне 25 мемориалдық тақталар орнатылды.
Сонымен қатар жаңа мәдениет нысандарын салу жұмыстары жалғасуда. Мәселен, 2022 жылы Алматы қаласының кітапхана желісін кеңейту және дамыту аясында «Elif tower» ТК бірінші қабатында жаңа көпфункционалды коворкинг-кітапхана ашылды.
Бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Жеке тұрғын үй кешендерінің иелерімен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде жалпы ауданы 217,1 ш.м. бұл тұрғын емес үй-жай Алматы қаласының коммуналдық меншігіне өтеусіз берілді.
Сондай-ақ, «Райымбек батыр» мұражай кешенінің құрылысы басталды. Аяқталудың болжамды мерзімі – 2023 жылдың III тоқсаны.
Сонымен қатар, «Боралдай Сақ қорғандары» археологиялық паркінің базасында «Сақ мәдениеті орталығы» мұражайының құрылысына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2023 жылдың III тоқсанына жоспарланған.
Бұған қоса мәдени орталықтарды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатқанын атап өткім келеді, оның ішінде:
Кітапханалар, мұражайлар, театрлар жаңартылуда, олар қала аудандарының зияткерлік-мәдени дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға және инновацияларға драйвер болады.
Сондай-ақ, біздің тарихи өткенімізді зерттеуге ерекше назар аударылады. Осы орайда 2022 жылы Алматы қаласының аумағында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде б.з.д. 5-2 ғғ. сақ жауынгерінің киім-кешек пен қару-жарақ фрагменттерімен бүтін жерленгені анықталғандығын атап өту қажет. Барлық фрагменттер алтын мен күміспен толықтырылған. Киімнің алтын сынықтары соңғы рет 2014 жылы табылған.
Ақын-жазушылардың шығармашылығын қолдау мақсатында 2019 жылдан бастап қала әкімдігі жыл сайын жергілікті бюджеттен әрқайсысына 500 мың теңге көлемінде гранттар бөледі.
Ағымдағы жылы осы игі дәстүрді жалғастыру үшін Қазақстан Жазушылар одағының мүшелеріне 400 грант, сондай-ақ жас жазушыларға 50 грант бөлінді.
Қала кітапханалары үшін 138-ден астам автордың туындылары сатып алынды, таралымы 20267 мың дана.
Мәдени көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, Алматының мәдени кеңістігінде мегаполистің визит карточкасына айналған фестивальдар, яғни, «брендтік» іс-шаралар сәтті өтуде. Оның ішінде «Ұлы дала елі» жыршының халықаралық этнофестивалі, «Көк-Төбе опера» халықаралық музыкалық фестивалі, «Оркестрлер фестивалі», «Алма fest» алма фестивалі, «Gakku dausi», мыңдаған Open Air және т. б көптеген басқа мәдени іс-шаралар.
Мемлекет басшысының қаңтар айындағы қайғылы оқиғалардан кейін қалада мерекелік атмосфераны қалпына келтіру туралы тапсырмасын іске асыру барысында 2,8 млн. астам адамды қамтитын 6 800 астам мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді. Оның ішінде: мемлекеттік, кәсіби және басқа мерекелер – 24, фестивальдар мен сайыстар – 21, мерейтойлар – 23, өзге іс шаралар – 38, басқармаға қарасты ұйымдарда – 6 728.
Сондай-ақ, жаңа жылды мерекелеу аясында алғаш рет қаланың барлық 8 ауданында қысқы фестиваль өткізілді.
Бұдан басқа Қазақ мемлекеттік циркінің, Мемлекеттік қуыршақ театрының және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының шығармашылық ұжымдары Испания, Венгрия, Болгария, Германия, Түркия, Ресейдегі халықаралық цирк және театр фестивальдеріне қатысып, беделді марапаттарға – алтын, күміс және қола медальдарға, арнайы сыйлықтарға ие болған жетістіктерімен мақтана алады.
2022 жылы Түркияның бірқатар қалаларында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің гастрольдік концерттері өтті.
2022 жылы қала музейлері 2 халықаралық көрмені ұйымдастырды:
2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында мемлекеттік шығармашылық тапсырыстарды іске асыру басталды. Бүгінгі күні бұл бағытпен 38 мың бала қамтылуда.
Оған қоса «Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ филиалдарында 116 тегін үйірмелер жұмыс істеуде.
2022 жылы Басқарма 4 мемлекеттік қызмет бойынша 28 766 қызмет көрсетілді: