Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесудегі баяндамасы

Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!

Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Өткен жылы біз сіздермен 3 рет кездестік, көптеген өзекті мәселелер көтерілді, біз олардың көпшілігінің шешімін таптық.

Әкімдік Алматының жаңа аудандарын, әсіресе Наурызбай ауданын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Қала әкімі ретінде менен шешуді сұрайтын көптеген мәселелердің қалаға қосылған кезде Алматы облысынан бізге мұра ретінде берілгенін атап өткім келеді. Біздің бірлескен жұмысымыз бен сіздердің белсенді позицияларыңыздың арқасында өткен 2022 жыл жеткілікті деңгейде нәтижелі жыл болды.  

  1. Мысал ретінде алатын болсақ, 2022 жылдың басында Наурызбай ауданы қаладағы оқушы орындарының тапшылығы бойынша бірінші орында тұрды (7251 орын). Ал, биылғы жылдың басында бұл көрсеткіш 3 есе, яғни 2494 орынға дейін қысқарды.

       Өткен жылы біз Қалқаман мен Шұғыла шағын аудандарында 5100 орындық 4 мектеп аштық. Сіздердің аудандарыңыздағы тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, тағы 6 жаңа мектепті жобалау және салу жұмыстары жүріп жатыр.

  1. Аудан тұрғындарын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарылуда.

2022 жылы 85 км-ге жуық (84,7) сумен қамту (56,2 км) және кәріз (28,5 км) желілері салынды,
2023 жылы 19,9 км салынып, 335 км сумен қамту (187,5 км) және канализация (147,5 км) желілерінің құрылысы жобаланады. Оның ішінде Ақжар және Қарағайлы шағын аудандары бойынша жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Сәуір айында сараптама қорытындысын алып, құрылысты
2023 жылдың ІІ-ші
(3) тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз. Қарғалы өзеніндегі су жинағыштың  құрылысы аяқталады және Ақсай өзеніндегі су жинау құрылғысын салу жұмыстары жалғасады (2025 жылдың 4-ші тоқсанында аяқталады).

Нәтижесінде, 2025 жылдың соңына дейін Наурызбай ауданын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады.

Ауданның басқа да ең өзекті және маңызды проблемаларын шешу жұмыстары қарқынды жалғасуда.

  1. Электр желілерін модернизациялау және тұрақты электрмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша 2022 жылы 79 трансформаторлық подстанцияға жөндеу жүргізіліп, 3,8 км электр желісі реконструкцияланды.

Биыл Ақжар (22 км), Қалқаман-2 (34 км), Қарағайлы (7 км), Құрамыс (12 км) және Таусамалы (10 км) шағын аудандарында тағы 35 трансформаторлық подстанция және 84 км электр желілері жөнделеді.

  1. Ауданның жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті болып отыр. 2022 жылы Ақжар шағын ауданында 10 км жол және Ақжар, Қарағайлы мен Шұғыла шағын аудандарының 12 көшесінде 8 км тротуар салынды, 23 км жолға орташа жөндеу жүргізілді.

2023 жылы Ақжар (13 км) және Шұғыла (3,4 км) шағын аудандары бойынша 20 көшеде 16,4 км жол салынып,
21 км жол орташа жөндеуден өтеді.

Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз (73 жер учаскесі алып қоюға жатады (58 учаске сатып алынды, 15 учаске бойынша жұмыстар жүріп жатыр). Осы айда Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығуы тиіс.

     2022 жылы ауданда 4 жаңа қоғамдық көлік маршруты ашылып, 4 маршрут ұзартылды. 13 маршруттағы
173 автобус жаңартылды. Бұған қоса, ауданда 12 остановка кешені жабдықталды.

       2023 жылы 40 автобусты жаңартып, қосымша 20 жаңа остановка орнату жоспарланған. Интервалдарын қысқарту үшін жолаушылары көп 6 маршрутқа (№№44, 55, 115, 137, 118, 212) 86 жаңа автобусты қосып, күшейту жоспарланып отыр.

       «Мектеп автобусы» жобасы аясында Наурызбай ауданындағы ең мұқтаж 2 мектепке автобустар (№186 – 3 автобус, №200 – 2 автобус) осы наурыз айында бөлінеді.
5 мектеп автобусы 2000 оқушыны қамтитын болады.

  1. Наурызбай ауданында емханалардың жетіспеу проблемасын шешу және медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін Құрамыс (жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, мемлекеттік сараптама қорытындысы – 2023 жылдың III-ші тоқсаны) және Шұғыла (жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жарияланды, 2023 жылдың сәуір айында жобалау басталады. Мемлекеттік сараптамасымен бірге жобалауды аяқтау мерзімі - 2024 жылдың 1-ші тоқсаны) шағын аудандарында 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана және Ақжар шағын ауданында 1 дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау жоспарланған (шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты жобалау ұйымы «ҚазНұр» ЖШС шартты біржақты тәртіппен бұзды. Конкурсты қайта жариялау 2023 жылдың наурызына жоспарланған, жобалауды аяқтаудың болжамды мерзімі - 2023 жылдың желтоқсаны).
  2. Наурызбай ауданының тұрғындары үшін метрополитенді дамытудың маңызы зор. Осы жылдың
    I-ші тоқсанында Яссауи көшесінен батыс бағытта Абай даңғылының астынан Әшімов көшесіне дейін «Б. Момышұлы» станциясынан «Қалқаман» станциясына дейін метрополитеннің бірінші желісінің үшінші іске қосу кешенін салу» жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізу жоспарланған.
  3. Әкімдіктің қаладағы 511 көшедегі сыртқы жарық бойынша жүргізген жұмыстары аясында 2022 жылы Наурызбай ауданында 10 учаске қамтылды («Елисейские поля» коттедж қалашығы, тұйық көшелері бар Бегайлы, Садовый бульвар, Карьерная көшелері, «Премьера» тұрғы үй кешені, Ілтипап, Төлебеков, Белжайлай, Береке және Бірлік). Кенесары хан көшесінің 11-ші учаскесіндегі жұмыстар осы жылдың ақпан айының соңына дейін аяқталады.

Тұрғындардың өтініштері бойынша ауданның бау-бақша серіктестіктеріндегі 50 көшеге осы жылдың соңына дейін қосымша ұзындығы 34 км сыртқы жарық жүргізу жоспарланған (бұл көшелер 511 көше тізіміне енбеген, себебі олар бау-бақша серіктестігінде орналасқан. Аудан әкімдігі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр).

  1. Өткен жылы менің тапсырмам бойынша Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының лимиті 500 млн.теңгеге (1,3-тен 1,8 млрд. теңгеге дейін) ұлғайтылды. Бағдарлама шеңберінде
    2022 жылы 1,8 млрд теңге сомасына 47 жоба іске асырылды.

Қоғамдық кеңістіктің 21 учаскесі абаттандырылды және жол инфрақұрылымы бойынша (жолдар, тротуарлар, арықтар, көпір өткелдері, суару жүйесі) 26 жоба іске асырылады.

Биыл осындай сомаға 46 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!

Мен жұмысымыздың негізгі қорытындыларын және жақын болашаққа арналған жоспарларды айтып өттім. Енді Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
17 февраля 2023
Дата обновления
17 февраля 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы