Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесудегі баяндамасы

 

Құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!

 

Сіздерді кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша менің қала тұрғындарымен тұрақты кездесулерім былтыр сәуір айында осы Бостандық ауданынан басталды, сондықтан сіздердің аудандарыңыздың дамуына мен ерекше көңіл бөлемін. 

Бостандық ауданы қала экономикасында көш бастап тұр, инвестицияның өсімі мен көлемі бойынша Алматыда  1-ші орынды және сауда көлемінің өсімі бойынша 2-ші орынды иеленеді. 2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 28,2%-ке өсті, ал мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің сомасы бір жылда 30%-ке өсті.

Іскерлік белсенділік қарқынды өсуін жалғастыруда, жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны есепті кезеңде 35%-ке көбейді. Бұл ауданда 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

Өткен жылы біз ұзақ жылдар бойы жиналып, аудан тұрғындарының негізді наразылығын тудырып келген көптеген мәселелерге кірісіп, оларды шештік. Қала әкімдігі сіздермен бірлесіп, осы аудандағы нүктелі және тығыз құрылысқа қатысты жобаларды қайта қарау бойынша жұмыс атқарды.

Мәселен, бүгінде 84 мың адам тіркелген №17 қалалық емхананың шамадан тыс жүктелуіне байланысты әкімдік «Sensata Group» құрылыс салушыдан Гагарин даңғылы – Левитан көшесінің қиылысындағы жер учаскесін сатып алды. Ол  жерге
500 келушіге арналған жаңа емхана салынады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу осы жылдың II-ші тоқсанында басталады. Құрылысты келесі жылдың II-ші тоқсанында бастау жоспарланған.

Басқа мысал – «Южный» паркіндегі жер учаскесіне қатысты жағдай. Барлық сот рәсімдері аяқталғаннан кейін 13 қаңтарда ауданы 2,8 га осы учаске мемлекет мұқтажы үшін сатып алынды. Сәуір айында Мәслихатқа паркті абаттандыру және көгалдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ұсыныс дайындаймыз, жұмысты биыл бастауды жоспарлап отырмыз. Осы және басқа да мысалдарға кейінірек толығырақ тоқталып өтемін.

Мен сіздерге қаламыздың аудандық әкімдіктерінің қызметіне қатысты өзгерістер туралы жеке айта кетейін. Осы жылдан бастап аудан әкімдіктерінің өкілеттері кеңейеді. Жүргізіліп жатқан децентрализация аудан әкімдіктеріне өзекті мәселелерді жедел шешуге өкілеттер мен жеткілікті қаржы ресурстарын береді.

Бостандық ауданына жолдарды ағымдағы жөндеу, квартал ішіндегі инженерлік желілер салу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын, әлеуметтік қызметтер төлеуді қаржыландыру үшін 8,5 млрд. теңге беріледі, барлығы 15 функция. Жергілікті бюджеттің қосымша кірістері қалыптасқан кезде сомасы өседі.

Қазір мен сіздерге өткен жылы атқарған жұмысымыз және 2023 жылға арналған жоспарларымыз жайлы толығырақ айтып өтемін.

БІРІНШІ. Инженерлік желілерді модернизациялау

Аудандағы көптеген желілер 1960–70-ші жылдары салынған және қазіргі кезде орта есеппен 60%-ке тозған.

2022 жылы Ерғожин, Ганди, Ғабдуллин, Могилевский, Сәтбаев көшелеріндегі және «Орбита-4» шағын ауданындағы 1,6 км жылу желілері реконструкцияланды.

Электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабель желісін төсеу аяқталды. Қазір «Алмагүл» подстанциясына электр энергиясын беру жұмыстары жүріп жатыр. Подстанцияны осы жылдың маусым айында іске қосу жоспарланған. Бұл сіздердің аудандағы 200 мыңға жуық тұрғынды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бостандық ауданының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді жеткізу сапасын жақсарту үшін 2023 жылға 26,5 км инженерлік желілерді реконструкциялау жоспарланған, оның ішінде:

- 6 км астам су құбыры желілері. Барлық объектілер бойынша сараптама бар. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың мамыр айында бастап, биыл қазан айында аяқтау жоспарланған.

- Қожанов, Байқадамов және Ганди көшелеріндегі 1,6 км жылу желілері. Аяқталу мерзімі – 2023 жылдың қыркүйек айы.

Сондай-ақ, «Мирас» микро ауданындағы жылу желісінің құбырларындағы қысымды өзгерту үшін сорғы станциясын салу жоспарланған. Бүгінде жобалау-сметалық құжаттама  мемлекеттік сараптамада. Осы жылдың наурыз айында сараптама қорытындысы шығады деп күтілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары биылғы жылдың маусым айында басталып, 2024 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады.

Осы жылдың маусым айында қосылған аумақтарда (Ерменсай ш/а Жұлдыз көшесі (14,5 км), Ерменсай Центральная көшесі (12,4 км), Ремизовка Ерменсайға дейін (10,2 км), Ремизовка Сұңқар кешеніне дейін (5,8 км), Көкшоқы (4,3 км)) 47,2 км электр желісін реконструкциялауды бастаймыз. Аяқталуы – 2024 жылдың сәуір айы.

Қабылданған шаралар ауданның 150 мыңға жуық тұрғынын сапалы сумен және жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

 

ЕКІНШІ. Сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

Білім беру

Аудан мектептеріндегі оқушы орны тапшылығын азайту үшін 2022 жылы 3 мектепке (№146, 191, 125) 875 орындық қосымша құрылыс салу аяқталды.

Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде «Базис» (ЖШС) компаниясы 2022 жылдың 1 қазанында №65 мектепке
300 оқушы орындық қосымша құрылыс салуға кірісті. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

№9 интернатқа қатысты жағдай бойынша. Естеріңізде болар, біз құрылыс жұмыстарын өткен жылдың қараша айының соңына дейін аяқтаймыз деп жоспарлаған болатынбыз. Әкімдік барлық қажетті қаражатты уақытында бөлді. Оның үстіне құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты біз
2022 жылдың қыркүйек айында жобаның сметалық құнына қайта есептеу жүргіздік. Өкінішке орай, Түркістан облысынан мердігер болған «Barat&Co» салғырттығынан объект белгіленген мерзімде салынған жоқ. Мерзімді бұзу салдарынан 2022 жылдың 6 желтоқсанында Алматы қаласының экономикалық сотына Серіктестікті мемлекеттік сатып алудың жосықсыз өнім берушісі ретінде тану және аяқталмаған жұмыстар бойынша айыппұл өндіріп алу туралы арыз бердік. Сот отырысы бүгінге белгіленген, сот әділ шешім шығарады деп үміттенеміз. Бұдан басқа, Қала құрылысын бақылау басқармасы «Barat&Co» компаниясын тексеруде.

Дегенмен де, осы мектепке 120 орындық қосымша құрылыс пен асхана салу жұмыстарын осы жылдың сәуір айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.  Мен ол жерге бірнеше рет бардым, аталған мәселе менің жеке бақылауымда. Бүгінгі таңда жұмыстардың 80%-і орындалды.

2 мектепті: №145, №70 мектепті сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі - осы жылдың тамыз айы.

Аудан мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы проблемасын жүйелі шешу үшін                       8600 орындық 6 жаңа мектеп және 980 орындық                                 4 балабақша, сондай-ақ 400 орындық 8 жеке меншік балабақша салу жоспарланған.

  1. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 3 мектеп салу жоспарланған, олар: Егізбаев көшесі, 9 (2500 орын), Розыбакиев даңғылы - Левитан көшесінің бұрышы (1500 орын), Розыбакиев даңғылы - Қожабеков көшесінің бұрышы (2000 орын). Құрылысты осы жылдың қыркүйек айында бастау көзделген.
  2. Жароков – Си Синхай көшелерінің бұрышында
    1200 орындық (жергілікті бюджет есебінен, жер учаскелерін сатып алу жүргізілуде) және «АDK» сауда орталығы маңайындағы жеке тұрғын үйді бұзып, 900 орындық («Bazis-А» ЖШС) екі мектеп салу мәселесі қаралуда. Инвестормен келіссөздер жүргізіліп, меморандум қол қою кезеңінде.
  3. «РАМС Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы жылдың соңына дейін Жандосов көшесі, 94 мекенжайында 1100 орындық мектеп, сондай-ақ
    240 орындық 2 балабақша құрылысын аяқтайды.
  4. Сонымен қатар, бұрынғы №1 балалар үйінің қолданыстағы ғимаратын 440 орындық балабақша етіп реконструкциялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылғы шілдеде бастап, 2024 жылдың II-ші тоқсанында аяқтау жоспарланған.
  5. 5. «Акварель» тұрғын үй кешенінде 300 орындық №189 балабақша пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Балабақшаның ашылуы биылғы мамыр айына жоспарланған.

«Мектеп автобусы» жобасы аясында Бостандық ауданының аса мұқтаж 8 (№40, 88, 145, 183, 189, 190, 191, 199) мектебіне 19 автобус бөлінетінін хабарлағым келеді.

Екі мектеп: №189, 190 мектеп бойынша автобустар биылғы наурыз айында іске қосылады, қалған 6 мектеп бойынша сәуір айында жүргізу жоспарланған.                       986 бала қамтылады.

Денсаулық сақтау

Халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін биыл наурыз айында 2 объектінің құрылысын аяқтау көзделуде.

- «Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының» операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің корпусы;

- «Керуен Medicus» жекеменшік медициналық орталығында 300 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар перзентхана бөлімшесі.

Осы жылы медициналық мекемелердің жүктемесін азайту үшін 5 объектінің құрылысын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жобалануда, оның ішінде:

- Әрқайсысы 500 келушіні қабылдайтын 2 жаңа емхана құрылысы. Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысындағы бірінші емхана бойынша осы жылдың қаңтар айында жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу басталды. Оны биыл жылдың соңына дейін аяқтап, мемлекеттік сараптамадан өткізу көзделген. Құрылысты бастау 2024 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған.

Ал екінші жаңа құрылысы - мен осыған дейін айтқан Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысындағы емхана. Құрылысты бастау 2024 жылдың 2 тоқсанында жоспарланған.

- Жұмыс істеп тұрған 2 емхана, яғни №14 және №12 емханалар күрделі жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін конкурстар өткізілуде. Сараптамасы тамыз айында күтіледі. Күрделі жөндеу 2024 жылдың 2 тоқсанында жоспарланған.

- 500 орындық қалалық орталық клиникалық арухананың (№12 больница) жаңа корпусын салу жоспарланып отыр. Осы жылдың қаңтар айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың ІІ-ші тоқсанына жоспарланған. 

 

ҮШІНШІ. Жол инфрақұрылымын дамыту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  1. 2022 жылы Бостандық ауданында ұзындығы шамамен 23 км 22 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Жалпы ауданы 8 мың шаршы метрден асатын
    65 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді. 4 км тротуар салынып, жөнделді.

Осы жылы аудан аумағында бірінші кезеңде ұзындығы 15,5 км 31 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

  1. 2. Сондай-ақ Әл-Фараби даңғылы бойындағы «Есентай» өзені арқылы өтетін көпір жаңартылып, 2 көпір мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандустар орнатылады. Қазір жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде, осы жылдың ақпан айының соңына дейін шығады деп күтілуде.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын биыл мемлекеттік сатып алу процедураларынан кейін бастаймыз.

  1. Өткен жылы желтоқсан айының басында Политехнический көшесінің жабылуы қоғамдық резонанс тудырды. Құрылыс салушы «TUAR Invest» компаниясының жобасы бойынша осы көшенің компанияға тиесілі бөлігі жабылды. Мұнда 2 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Құрылыс салушы жобаны өзгертті. Қазіргі уақытта көше ашық, компанияның өз қаражаты есебінен жол жабыны қалпына келтірілді. Осы ақпан айының соңына дейін жер учаскесі қаланың коммуналдық меншігіне беріледі.
  2. 15 маршрутта 212 жаңа автобус жаңартылды.

Бағанашыл шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша №68 маршрут «Храм» остановкасына дейін ұзартылды және №116 маршруттың схемасына өзгерістер енгізіліп, Гагарин даңғылы қамтылды.

  1. Бейнебақылау жүйелерінің желісін кеңейту үшін 2022 жылы ауданда 301 бейнебақылау жүйесінің камерасы орнатылды.

Анықтама: адамдар көп жиналатын орындарда (152 учаске), оның ішінде КТК аулаларында 260 бейнекамера, мектептер мен колледждердің жанында 21 қиылыстарда 21 Денсаулық сақтау объектілерінде 10, сондай-ақ саябақтар мен скверлерде 8 бейнекамера.

Бұл АӨСШК бейнекамералары Алматы қ. ПД ЖБО-да шығарылды. Бұл құқық қорғау органдарына нақты уақыт режимінде адамдар көп жиналатын жерлерде қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ағымдағы эжылдың І тоқсанының соңына дейін жаңа АӨСШК бейнекамераларын (шамамен 700-800 бейнекамера) орнату үшін мекенжайлар тізімі дайындалады.

Көлік құралдарын жүргізу тәртібін арттыру үшін бүгінде 104 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені (792 бейнекамера) жұмыс істейді.

2023 жылдың I тоқсанында аудан көшелерін жаңа 96 "Сергек" АӨК-мен (541 бейнекамера) қосымша жабдықтау жоспарлануда.

Төртінші. Жайлы қалалық орта

  1. Тұрғындардың жайлы тұруы үшін қоғамдық кеңістіктің 3 объектісін абаттандыру жоспарланған. Жаңа жобалар - Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі ұзындығы 7,1 км Үлкен Алматы өзенінің жағалауы, бұрынғы Резиденция орнындағы парк және Тұңғыш Президент саябағын реконструкциялау.

Осы жылдың І-ші жартыжылдығында бұл жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын биыл  III-ші тоқсанда бастап, 2024 жылдың III-ші тоқсанында аяқтау жоспарланған.

  1. Өткен жылы Бостандық ауданында 16 учаскеде тұрақты су басатын орындар болған. Төтенше жағдай желісі бойынша бұл мәселені жедел шешу үшін 2022 жылғы желтоқсанда су басуға неғұрлым бейім 6 учаскеде жұмыстар басталды.

Бүгінгі күні 913 м арық желісін реконструкциялау және салу есебінен 5 учаске жойылды. Биыл наурыз айының соңына дейін Тимирязев пен Айманов көшелерінің қиылысындағы тағы 1 учаскені жоямыз. Қалған 10 учаске 2023 жылдың соңына дейін жойылады.

  1. Өткен жылдың соңында 511 көшеде сыртқы жарықтандыру желісін салу және қаланың 22 көшесінде модернизациялау жұмыстары басталды, оның ішінде Бостандық ауданында 83 көшеде жарықтандыру желісін салу және 15 көшеде жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі күні ауданның 48 көшесінде жұмыстар аяқталды. Қалған 50 көшедегі жұмыстарды біз осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жұмыстар жүргізілгеннен кейін көше жарығымен қамтамасыз ету 95% құрайды.
  2. 4. Алдыңғы кездесулердің бірінде аудан тұрғындары «Көктем-3» микро ауданында аяқталмаған паркинг құрылысына қатысты мәселені көтерді. Ұлттық Банк бұл объектіні қаланың балансына берді. 267 тұрақ орнына арналған алғашқы көп деңгейлі муниципалды паркингтің құрылысы биыл жылдың соңына дейін аяқталады.
  3. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 800 млн. теңге сомасына 21 жоба іске асырылды.

Осы бағдарлама аясында биыл тұрғындардың өтінімдері бойынша 17 жоба іріктелді. 6 қоғамдық кеңістік жабдықталады, 10 спорт және ойын алаңы салынады. Сондай-ақ жерге көмілген 1 контейнер алаңы орнатылады. Іске асыру мерзімі – 2023 жылдың мамыр-тамыз айлары.

 

Құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!

Назарларыңызға рақмет, енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшуге дайынмын.

 

Дата публикации
09 февраля 2023
Дата обновления
09 февраля 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы