Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының қаржы нарығындағы жағдай туралы

  1. Инфляция

 2023 жылғы 1 қаңтарда Алматы қаласы бойынша статистика департаментінің ресми деректері бойынша инфляция 20,1% деңгейінде қалыптасты (2022 жылғы 1 қаңтарда – 8,2%). Инфляция құрылымында азық – түлік тауарларына бағалар – 24,2%, азық-түлік емес тауарларға-18,2%, ақылы қызметтерге-16,2% өсті.

Алматы қ. бойынша тұтыну бағаларының индексі

(желтоқсан өткен жылдың желтоқсанына пайызбен)

  1. Валюталық нарық

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаланың қолма - қол шетел валютасы нарығында 443 айырбастау пункті жұмыс істеді, оның ішінде: банктердің айырбастау пункттері - 280, қолма - қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар-150, "Қазпошта" АҚ-13.

2021 жылғы 4 тоқсанмен салыстырғанда айырбастау пункттерінің саны 445-тен 443-ке дейін 0,4% - ға, банктердің айырбастау пункттерінің саны 293-тен 280-ге дейін 4,4% - ға, "Қазпошта" АҚ айырбастау пункттерінің саны 14-тен 13-ке дейін 8,7% - ға қысқарды.

2022 жылы теңгенің АҚШ долларына нарықтық бағамы 434,44 – 490,96 теңге, еуро 459,85 – 551,60 теңге, ресей рублі 5,42 – 7,79 теңге аралығында болды.

2022 жылғы 1 тоқсандағы айырбастау операцияларының көлемі 2021 жылмен салыстырғанда валютаны мынадай сатып алу мен сатуды көрсетті:

АҚШ доллары - 87,8% және 101,2% құрады және 2 276,3 млн. долларды және тиісінше 3 856,6 млн. долларды құрады;

ресей рублі-2,2 есеге және 123,2% өсті және 17 029,1 млн. рубль және тиісінше 19 849,5 млн. рубльді құрады;

еуро-138,1% және 115,3% және 227,8 млн.еуро және тиісінше 434,4 млн. еуроны құрады.

 

  1. Депозит нарығы

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын 21 екінші деңгейдегі банк құрады, оның 19-ы Алматы қаласында.

Резиденттердің екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің көлемі 2022 жылдың аяғында 2021 жылмен салыстырғанда 20,8%-ға ұлғайды, 8 220,7 млрд.теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 4,3%-ға 1 978,0 млрд.теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 27,1%-ға 6 242,7 млрд. теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі тиісінше 36,1%-ға, шетел валютасында 2,0%-ға ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 45,0%-дан 38,0%-ға азайды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 19,2%-ға 1 481,5 млрд. теңгеге дейін өсті, шетел валютадағы 23,9%-ға  496,5 млн. теңгеге дейін төмендеді (заңды тұлғалар депозиттерінің жалпы көлемінің 25,1%).

 Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 44,5%-ға 3 613,2 млрд.теңгеге дейін,  шетел валютасында 9,1%-ға 2 629,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (жеке тұлғалар депозиттерінің жалпы көлемінің 42,1%).

 

  1. Кредит нарығы

Банктердің Алматы қ. экономикасын кредиттеу көлемі 2022 жылдың аяғында 9 986,5 млрд. теңгені құрады, ол алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 22,4%-ға көбірек. Заңды тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 17,8%-ға ұлғайды және 6 026,8 млрд.теңгені құрады, жеке тұлғаларға берілгендер 30,1%-ға  3 959,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

2021-2022 жылдардағы кредит беру көлемінің өзгеруі (млрд. теңге)

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 27,4%-ға 8 577,0 млрд.теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 24,8%–ға өсті және 4 622,2 млрд.теңгені, жеке тұлғаларға – 30,5% немесе 3 954,8 млрд. теңгені құрады.

Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1,2%-ға 1 409,5 млрд.теңгеге дейін төмендеді. Бұл ретте заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 0,5%-ға, жеке тұлғаларға берілетін кредиттер – 66,9%-ға қысқарды.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі 12,9%-ға 7 540,8 млрд.теңгеге дейін өсті, қысқа мерзімді кредиттер 65,4%-ға 2 445,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

 Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 25,5%-ға 2 387,5 млрд.теңгеге дейін өсті (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 23,9%).

1 жылға дейінгі мерзіммен теңгемен берілген кредиттер бойынша мөлшерлемелер 11,9%-дан 18,5%-ға дейін, 1 жылдан астам мерзіммен 16,0%-дан 18,2%-ға дейін ұлғайғанын көрсетті.

Кредит берудің салалық құрылымы кезең ішінде сауда мен өнеркәсіптегі басым бағыттарды сақтап қалды: қысқа мерзімді кредиттер бойынша 36,5% және 11,1%, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша 2,4% және 3,2%.

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2022 жылы Алматы қ. банктері жалпы сомасы 1 802,0 млрд.теңгеге ипотекалық кредиттер алуға 114 948 өтінім қабылданды, оның ішінде 427,4 млрд. теңге сомаға 26 888 өтінім мақұлданды. Мақұлданған өтінімдер бойынша 198,0 млрд.теңге сомасына 12 959 қарыз берілді.

Дата публикации
09 февраля 2023
Дата обновления
09 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Выборы депутатов маслихата - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы