
Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!
Сіздерді 2023 жылғы алғашқы кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!
Өткен жылғы біздің алдыңғы үш кездесулеріміздің қорытындысы бойынша мен хаттама арқылы 110 тапсырма бердім. Қазіргі уақытта 104 (95%) тапсырма орындалды, қалған 6 тапсырма бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Қазір Мен Сіздерді Әуезов ауданының 2022 жылғы негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен қысқаша таныстырып өтейін.
Өткен жылы Әуезов ауданында оң даму динамикасына қол жеткізілді. Жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 22%-ке артып, 45 мыңды құрады (8 мың субъектіге көбейді).
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,7%-ке, 101 млрд. теңгеге дейін өсті (қалалық көлемнен 7,2%).
Нәтижесінде 9 мыңнан астам жұмыс орнын (7 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын) құруға мүмкіндік туды, оның 4 мыңнан астамы Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.
Көтерме сауда айналымының көлемі 7%-ке ұлғайып, 650 млрд. теңгені құрады (648,2 млрд.).
Нәтижесінде ауданда салық түсімдерінің көлемі 35%-ке өсті және 160 млрд. теңгеден асты.
Өткен аптада мен Алатау ауданындағы кездесуде қала әкімдігінің бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауымен бюджет заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы айтып өттім. Олар 15 функцияны және тиісті қаржыландыруды аудан әкімдіктеріне беруге қатысты. Осының арқасында биыл Әуезов ауданының әкімдігіне 14,9 млрд. теңге шығыстар берілетін болады.
Орталықсыздандыру аудандық әкімдіктерге проблемалық мәселелерді неғұрлым тиімді әрі тездетіп шешуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Біз аудандық әкімдіктердің өкілеттіктерін одан әрі кеңейтуге ниеттіміз.
Қазір Мен сіздермен өткен жылдың жұмыс қорытындыларымен және 2023 жылы Әуезов ауданын дамыту жоспарларымен бөліскім келеді.
Әуезов қаламыздың халық ең көп қоныстанған ауданы. Сондықтан бүгінде ауданның инженерлік коммуникацияларын жаңғырту, жол және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен абаттандыру ең өзекті мәселелер болып отыр.
БІРІНШІ. Сумен қамту және канализация желілерін жаңғырту
Өткен жылдың маусым айында менің тапсырмам бойынша ауданның 4 ең проблемалық учаскесінде сумен қамту және су бұру желілерін салу мен жаңғыртуды жобалау басталды: бұл Достық, Мамыр-4 шағын аудандары, «Саин – Шаляпин – Жандосов – Қарғалы өзені» көшелерінің бөлігі, сондай-ақ Арычная, Ықылас, Западная көшелерінің учаскесі. Осы учаскелердегі су құбыры және канализация желілері 1960-1970-ші жылдары салынған, 80%-тен астамы тозған.
2022 жылғы 21 қарашада Достық шағын ауданындағы 22 көше бойынша жоба сараптамасының оң қорытындысы алынған. Жергілікті бюджетті бірінші нақтылаудан және конкурс жарияланғаннан кейін осы жылдың 2-ші тоқсанында желілерді салу жұмыстары басталады.
Мамыр-4 шағын ауданы бойынша 2023 жылдың маусым айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталып, сараптама алынады, Арычная, Ықылас, Западная көшелерінің учаскесі бойынша 2023 жылдың наурыз айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталып, сараптама алынады. Құрылыс осы жылдың 3-ші тоқсанында басталады.
«Саин – Шаляпин – Жандосов – Қарғалы өзені» көшелерінің бөлігі бойынша 2023 жылдың тамыз айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтап, сараптаманы алуды ескере отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың IV-ші тоқсанында бастау жоспарланған.
Сіздердің аудандарыңызда жоғары аталған осы жобаларды 2024 жылдың соңына дейін іске асыру
11 мыңнан астам абонентті сапалы сумен және канализация желісімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ЕКІНШІ. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту
Өткен жылы ұзындығы 27 км болатын 22 көшеге орташа жөндеу жүргізілді, сондай-ақ жалпы ауданы 25 мың м2 75 көше учаскесіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 6,8 км болатын 33 учаскеге тротуарлар салынды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. 2023 жылы ұзындығы 19 км болатын 22 көшеге және 9 өтпелі жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз.
Орын алған қажеттілікке байланысты, осы жылдың қазан айына дейін Жайдарман және Шаймерденов көшелеріне қосымша 3 остановка орнату жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Береговой көшесі - Ю. Ким көшесінде светофор орнатуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және Төле би көшесі – Фуркат көшесі, Төле би көшесі – Саин көшесінің шығысында реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін салу жұмыстары жүріп жатыр. Жобалау-сметалық құжаттама осы жылдың мамыр айының соңында аяқталады, жоба қараша айының соңына дейін іске асырылады.
Жұбанов көшесіндегі ұзындығы 3,5 км канал тазартылып, жөнделді, сондай-ақ Момышұлы көшесінің бойында (Жұбанов көшесінен Төле би көшесіне дейін) ұзындығы 1,4 км жаңа су бұру каналы салынып, оған арық желілері қосылды, 2,4 км жаңа арық желісі салынды.
Бүгінгі таңда Абай даңғылы мен Момышұлы көшесіндегі 2 учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды осы жылдың наурыз айының соңына дейін аяқтаймыз.
ҮШІНШІ. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
Осы жылғы қараша айының соңына дейін №7 және 12-шағын аудандардағы 24 ауланы да қосымша жөндейміз.
Осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Биыл Әуезов ауданындағы 12 үйдің шатыры, 8 үйдің инженерлік желілері жөнделіп, 32 үйде 65 лифт ауыстырылады.
ТӨРТІНШІ. Сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
Білім беру
5 мыңнан астам (5 024) оқушы орны тапшы (қала тапшылығының 17,8%).
Өткен жылы 1 725 орындық №117 және 132 мектептерге 2 қосымша құрылыс пайдалануға берілді және 4-шағын ауданда 1 «Достық» жеке меншік мектебі (400 орын) ашылды.
Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында №97 мектеп ғимаратын бұзып, орнына 600 орындық мектеп құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз.
Бұдан басқа, жылдың соңына дейін 3,5 мыңнан астам оқушы оқитын 4 мектепті сейсмикалық күшейту, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады: №122 мектеп – 2023 жылғы ақпан, № 127 мектеп – 2023 жылғы қараша, № 141 мектеп – 2023 жылғы шілде және «Білім инновация лицейі» –
2023 жылғы наурыз айы.
Биыл «Алтын бесік» шағын ауданында 120 орындық мемлекеттік балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба бойынша оң мемлекеттік сараптама алынды. Бүгінде мердігер ұйымды айқындау үшін конкурс жүріп жатыр.
Бұдан басқа сәуір айында «10-шы» шағын ауданда 160 орындық балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, құрылысты 2024 жылы аяқтау жоспарланған.
Денсаулық сақтау
18-ші емхананың жүктемесі көп. Оның 3 филиалында, медициналық қызметтер көрсетуге арналмаған үй-жайларында Таугүл-3, Мамыр, Қуаныш, Шабыт және Атамекен шағын аудандарында тұратын 30 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіледі.
Менің тапсырмам бойынша өткен жылы наурыз айында Мамыр-1 шағын ауданында 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды (мердігер ұйым – «Шах» ЖШС). Қазір жұмыстар 80% жасалды, биыл наурыз айында толық аяқталуы керек.
Сондай-ақ Қуаныш шағын ауданында №18 емхананың ауысымда 300 адам қабылдайтын жаңа негізгі ғимаратын салу үшін жер учаскесін сатып алу жұмысы жалғасуда. Қазіргі уақытта жер учаскесінің иесімен құны келісілуде. Осы айдың соңына дейін жер учаскесіне бағалау жүргізіледі. Жер учаскесінің иесі оның сомасымен келіскен жағдайда, жер учаскесі сатып алынады (бюджетті бірінші нақтылағаннан кейін). Келіспеген жағдайда, жер учаскесі сотпен алынады.
БЕСІНШІ. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Әуезов ауданындағы қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жеке тоқталғым келеді.
Бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту үшін 2022 жылы адамдар көп жиналатын орындарда (136 учаске) 359 бейнебақылау камерасы, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында 273 камера, мектептер мен колледждердің жанында 42, көше қиылыстарында 26, алаңдар мен мешіттерде 12, сондай-ақ парктер мен скверлерде 6 камера орнатылды. Барлық камералар Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.
2023 жылы I-ші тоқсанның соңына дейін 700-дей жаңа камера орнатылатын мекенжайлардың тізімі дайындалады.
Көлік жүргізу тәртібін жақсарту үшін бүгінде 65 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (526 камера) жұмыс істейді.
Бұдан басқа 2023 жылдың I-ші тоқсанында көшелерге қосымша 84 «Сергек» орнату жоспарланған.
АЛТЫНШЫ. Жайлы қалалық ортаны дамыту
Өткен кездесулерде сұрақтардың едәуір бөлігі жайлы қалалық ортаны қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды. Бұл бағытта келесі жұмыстар жүргізілді:
4 Сайран көлі Әуезов ауданының тұрғындары үшін, сондай-ақ бүкіл Алматы қаласы үшін ерекше орын болып табылады. 1971-ші жылдан бастап, яғни су қоймасы салынғаннан бері мұнда реконструкциялау және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмеген.
Біз осы жылдың ақпан айында Сайран көлінің түбін (ауданы - 50 га) шөгінділерден механикалық тазарту жұмыстарын бастауды көздеп отырмыз. Бұл жұмыстарды 2023 жылдың мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Биыл наурыз айында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама шыққаннан кейін, 2023 жылдың
III-ші тоқсанында конкурстық рәсімдер аяқталған соң «Сайран» көлінің аумағын реконструкциялауды және абаттандыруды бастаймыз.
Қалған 8 орын бойынша осы жылдың тамыз айына дейін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылы жүргізуді жоспарлап отырмыз (Райымбек даңғылы бойынша - 3 учаске, 7 шағын ауданында –
1 учаске, 12 шағын ауданында – 1 учаске, Жетісу-3 шағын ауданында – 1 учаске, Саин-Жұбанов көшесінің қиылысында – 1 учаске, Марғұлан-Сәдуақасов көшесінің қиылысында - 1 учаске).
Ауданның 5 жер үсті өткелін күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жоба бойынша бейнемониторинг жүйелерінің (БМЖ) камераларын орнату, қақпақтарды ауыстыру және лифтілер мен пандустарды жөндеу жұмыстары қарастырылған. Мемлекеттік сараптамадан өтіп, әзірлеуді аяқтау мерзімі – 2023 жылдың тамызы. Бұл жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін күрделі жөндеуді 2024 жылдың наурыз айында бастаймыз.
2023 жылы Сіздердің өтініштеріңіз бойынша 800 млн. теңге сомасына 16 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.
Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!
Бұл біздің биылғы жылғы алғашқы кездесуіміз және алдымызда тұрған проблемаларды бірге шешеміз деп сенемін.
Назарларыңызға рақмет, енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік.