
Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!
Бүгін Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.
Әлеуметтік-экономикалық даму
Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Медеу ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.
Аудан экономикасының өсуі 7%-ті құрайды, оның даму драйверлері 84%-ке өскен бөлшек сауда және 4,1%-ке өскен өнеркәсіп, құрылыс (3,4%) болып табылады.
Инвестиция көлемі 35,3%-ке өсіп, 191,4 млрд. теңгені құрады.
Шағын және орта бизнес көлемі 29,6%-ке өсті (36 593 субъект).
Ауданда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
Салық түсімдерінің көлемі 751 млрд. теңгені құрап, 42,9%-ке өсті.
Алдыңғы өткен кездесулерімізде Сіздер 170 мәселені көтердіңіздер, оның 160-ы шешілді (94%-ті шешілді).
БІРІНШІ. инженерЛІК инфраҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ
Ауданның инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту қарқынды түрде жалғасуда.
Биыл Елебеков (300 м), Горная (700 м), Батурин (1500 м) мен Бегалин (1700 м) көшелеріндегі су құбыры желілерін реконструкциялау 50% орындалды және Оңдасынов көшесіндегі канализация желілерін (1,2 км) реконструкциялау аяқталды.
Думан шағын ауданында 1800 куб метрге 2 резервуар мен сорғы станцияларын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Жұмыстардыңаяқталуы – 2023 ж. ІІІ тоқсаны.
Келесі жылдың II-ші тоқсанынан бастап Көлсай (2,8), Сұлусай (16,9), Компот (25), Кеңсай (14,2) шағын аудандарында (Шоқай мен Сәрсенбаев көшелері) және Халиуллин көшесінде (3,8) жалпы ұзындығы 62,7 км (сумен жабдықтау – 25,8 км және канализация – 47,5 км) су құбыры мен канализация желілерінің құрылысын бастау жоспарланған.
Сонымен қатар, 2023 жылдың II-ші тоқсанында Каменское плато шағын ауданында сумен қамту және су бұру желілерін (28,9) салу жобасын түзетуді аяқтау көзделген. (құрылыс материалдарының қымбаттауына, таулы жер бедерінің ескерілмеуіне және кей жерлерде инженерлік дәліздің болмауына байланысты түзету жүргізілуде).
Келесі жылдың ІІ-ші тоқсанында Думан шағын ауданында (81 үй) су құбыры мен канализация желілерін (14 км) салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады.
ЕКІНШІ. ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Биыл ұзындығы 27,2 км болатын 28 көшедегі жолдар орташа жөндеуден өтті. Сондай-ақ, ұзындығы 18,1 км 12 көшеге тротуар салынды.
Келесі жылы ұзындығы 55,5 км 39 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп, ұзындығы 28,5 км 22 көшеге тротуар салынды.
Қоғамдық көлік
9 маршрутты жаңарту үшін 101 жаңа автобус сатып алынды. Бүгінгі таңда 4 маршруттың (№69 – 18 автобус, №201 – 24 автобус, №12 – 16 автобус, №71 – 10 автобус) автобустары жаңартылды, 5 маршруттың автобустары жыл соңына дейін (№5, №5а, 5б, 5в – 8 автобус және №205 – 25 автобус) жаңартылады. Биыл қосымша 1 маршрут іске қосылды (№100 – 34 автобус).
Бұдан басқа келесі жылы Қалдаяқов көшесінен «Геолог» бау-бақша серіктестігіне дейін 1 жаңа маршрут іске қосылады.
2023 жылы аудан аумағында 6 жаңа остановка кешені салынады .
Көшелерді жарықтандыру
Қазан айында 20көшені жарықтандыру жұмыстары басталды, желтоқсан айының соңына дейін аяқталады,
Медеу ауданының көшелеріне, оның ішінде бау-бақша серіктестігіне 2025 жылдың соңына дейін толық жарық жүргізіледі (86 көше).
ҮШІНШІ. ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында адамдар көп жиналатын жерлерде 213 бейнебақылау камерасы (бейнемониторинг жүйелері) жұмыс істейді.
Жыл соңына дейін аудан аумағында барлығы
355 камера орнатылады, оның ішінде Сіздердің өтініштеріңіз бойынша Кеңсай шағын ауданы (44) мен «БХБ» және «Барвиха» барларының жанында (8) камералар орнатылды.
Бұдан басқа, қазір жолдардың бойы мен көше қиылыстарында 123 «Сергек» камерасы бар (57-і желілік учаскелерде, 66-ы – көше қиылыстарында). Қосымша тағы 58 камера орнатылады (45-і - желілік учаскелерде, 13-і – көше қиылыстарында), жұмыстар 2023 жылдың ІІ-ші тоқсанында аяқталады.
Интернет және мобилді байланыс
Өткен кездесулерде Кеңсай шағын ауданындағы мобилді байланыс пен Интернеттің сапасын жақсарту мәселесі көтерілді.
Бүгінгі таңда «Кселл» мобилді байланыс операторының 2 базалық станциясы күшейтілді. Сондай-ақ, «Beeline» және «Tele2» компаниялары жылдың соңына дейін 2 станция орнатады.
Сондай-ақ «Меганет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Интернеттің талшықты-оптикалық байланыс желісінің кабельдерін жүргізуде. Монтаждау жұмыстары
2023 жылдың IV-ші тоқсанында аяқталады.
Мұзтау шағын ауданында байланыс сапасын жақсарту бойынша осындай жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін бір базалық станция жаңғыртылады.
ТӨРТІНШІ. ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ
Денсаулық сақтау
Қазіргі уақытта 5 денсаулық сақтау объектісі бойынша жұмыс жүргізілуде.
Орта және мектепке дейінгі білім беру
Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығын төмендетуге көп көңіл бөлінуде (3 986).
№48 мектепті реконструкциялау жағдайын түсіндіріп өтейін. Осы жылдың қазан айында мектеп пайдалануға берілуі керек еді, алайда сметада қосымша жұмыстардың есебі болмағандықтан, жоба қайта түзетуге жіберілді (жобада шатырға арналған материалдар қарастырылмаған, суағар жоқ, сыртқы жылу трассасын тарту, жылу мен ыстық су беретін қазандықты реконструкциялау көзделмеген. Сондай-ақ құрылыс материалдары қымбаттаған). Осы қазан айынан бері құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр, 2023 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланған.
Сонымен қатар, 300 орындық №131 мектептің және
220 орындық №35 мектептің қосымша құрылыстарын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың II-ші тоқсанында аяқталады.
Сондай-ақ, №131 мектепте сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды 2023 жылдың III-ші тоқсанында аяқтау жоспарлануда.
Келесі жылы «Жанұя» арнайы кешені, №33 мектеп-лицей және Ж. Жабаев атындағы №161 мектеп-лицей секілді 3 объектінің ғимараттарын сейсмикалық күшейте отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылы аяқталады.
Қазіргі уақытта №99 мектептің 375 орындық қосымша құрылысын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың маусым айында аяқталады.
Мектепке дейінгі білім беру
Биыл 747 орындық жаңа 13 балабақша ашылды, көбісі жеке меншік.
Осы жылы 400 орындық 2 жеке меншік балабақшаны коммуналдық меншікке қайтару жұмыстары жүргізілді. Оның бірі «Ақмарал» балабақшасы (120 орын) осы қараша айынан бері жұмыс істеуде. Екінші «Әйгерім» балабақшасы (280 орын) күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде, жұмыстар 2023 жылдың сәуір айында аяқталады.
Сонымен қатар №112 балабақшаны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеуге сараптаманың қорындысы бар. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылдың І-ші тоқсанында басталады.
БЕСІНШІ. ЖАЙЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТА
Көшелерді су басу
Бүгінгі таңда тұрақты су басатын орындарды жою аясында 7 учаскеде жұмыстар аяқталды (Қонаев көшесі – Әйтеке би көшесі, Әл-Фараби даңғылы – Ремизовка көшесіне бұрылыс, Назарбаев даңғылы (шығыс) – батысқа қарай, Сәтбаев көшесі – Достық даңғылы, Әл-Фараби даңғылы – Достық даңғылы, Пушкин көшесі – Мұхамеджанов көшесі, Әйтеке би көшесі – Назарбаев даңғылы).
Келесі жұмыстар жасалды: Б-3 түріндегі жаңа арықтар салынды, құбыр өткелдері қайта жаңартылды, желілер коллекторға қосылды, жаңа құбыр өткелдері мен басқа да жұмыстар ұйымдастырылды.
Арық желілерін салу және қайта жаңарту жобасы шеңберінде қаланың шығыс бөлігінде, яғни Медеу ауданында ұзындығы 3 км болатын (Сазановская көшесі, Тәттібеков көшесі, Төлебаев көшесіндегі 2 учаске) 5 учаскеде, оның ішінде Іңкәрдария көшесінде арық желісінің құрылысы басталды (осы көшеде арық желісін ұйымдастыру жұмыстары бүгінгі күні аяқталды). Бұл мәселе қыркүйекте өткен кездесу барысында көтерілді. Жыл соңына дейін 1 км салынады.
Осы жоба шеңберінде 26 көшеде 23,6 км арық желісін салу және қайта жаңарту қарастырылуда. Жобаны 2023 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл аудандағы ағынды сулардың ағып кетуін едәуір жақсартуға және су басқан жерлерді жоюға мүмкіндік береді.
Көгалдандыру
Ауданда жасыл желектерді отырғызу жалғасуда. Жыл басынан бері 48,4 мың ағаш пен бұта отырғызылды. Жылдың соңына дейін тағы 10 мың желек отырғызылады. Ауданда
1 млн. ағаш отырғызу аясында 126 мың көшет отырғызылды. Гүлмен көгалдандырылған аймақтың ауданы 41 мың шаршы метрді құрайды.
Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша ауданда
апатты жағдайдағы 7 мың ағаш бар. Биыл жоспар бойынша 1200 ағаш кесілуі тиіс, қазіргі уақытта 850 ағаш кесілді, жыл соңына дейін тағы 350 ағашты кесу көзделген.
Халық қатысатын бюджет және ағымдағы жөндеу
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде тұрғындардың өтінімдері бойынша 19 жоба (100%) іске асырылды. Оның ішінде абаттандыру – 11, контейнерлерге арналған алаңдар орнату – 8 жоба.
Келесі жылы дауыс беру қорытындысы бойынша келіп түскен 170 ұсыныстың ішінен 30 жоба іріктелді, оның ішінде аула аумақтарын жөндеу – 12, қоғамдық кеңістікті абаттандыру – 11 және контейнерлер орнату бойынша – 7 жоба.
2022 жылы ағымдағы жөндеу аясында 20 аула және Кіші Алматы өзенінің жағалауы абаттандырылды. Жұмыстар келесі жылы жалғасады, 80 ауланы жөндеу жоспарланған. 2025 жылы аула аумақтары 100% жаңартылады.
Жалпы, 2023 жылы 110 жоба іске асырылады, оның ішінде аулаларды жөндеу (80), үйлердің фасадтарын жаңарту (23), автоматты суару жүйелерін реконструкциялау (4) және абаттандыру (3) бар.
Қоғамдық кеңісті дамыту
Қазіргі уақытта «Есентай» өзенін абаттандыру жобасы аясында Кіші Алматы өзенінің 3-ші кезегі бойынша су бөлгіштен «Медеу» кешеніне дейін жалпы ұзындығы 6,2 км жерде жұмыстар жүргізу жоспарланған.
Жобада жаяу жүретін жолдар, демалыс аймақтарын құру, көгалдандыру, жарықтандыру, жаңа шағын сәулеттік нысандарды орнату және т.б. қарастырылған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі жылдың ІІ-ші тоқсанында басталады.
Қоғамдық кеңістікті дамыту шеңберінде Кіші Алматы өзені бойымен терренкурдағы су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару процедуралары жүргізілуде. Балансқа қабылданғаннан кейін бөгетті нығайту және көпшілік ұнататын орынның аумағын абаттандыру бойынша жеке жоба әзірленетін болады. Жобалау-сметалық құжаттама
2023 жылдың III-ші тоқсанында аяқталады.
Жаяу жүретін белгілі жолдарға ерекше назар аударылған. Бүгін «Көк Төбе» саябағында қала тұрғындары мен қонақтары жолдың бойымен жүруге мәжбүр. Бұл жолдағы барлық адамдарға қолайсыз және қауіпті. Тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, келесі жылдың
III-ші тоқсанында жаяу жүретін адамдарға денсаулық жолы салынады.
Биылғы жылы 2 скверді жаңарту жұмыстары аяқталады, оның ішінде Оқушылар сарайы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік музейінің жанындағы скверлер бар. Фонтандар жаңартылып, жарық пен шағын сәулеттік нысандар орнатылды.
Келесі жылы Мемлекеттік музейдің оңтүстігінде «Журналистер» алаңын, ондағы суару жүйесін жаңарту жұмыстарын бастау жоспарланған.
Маусымда өткен кездесу барысында Алатау шағын ауданында скейт-парк жасау мәселесі көтерілді. Жұмыстар Ибрагимов көшесіндегі сквердің құрылысы кезінде, яғни
2023 жылдың II-ші тоқсанында жүргізіледі.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта «АлматыБасЖоспар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің желісі бойынша көшелер мен қоғамдық кеңістікті жаңартуға қатысты бірнеше жоба пысықталуда. Пушкин көшесін, Достық даңғылын
Әл-Фарабиге дейін, Қазыбек би көшесін және т.б. көшелерді реконструкциялау жоспарланып отыр (брусчатка төсеу, көгалдандыру, автоматты суару, орындықтар, урналар, жарықтандыру тіректерін, шағын сәулеттік нысандар орнату).
Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!
Назарларыңызға рақмет, енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік.