Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е. Досаевтың Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде сөйлеген сөзі

Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!

Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Алдымен Түрксіб ауданының негізгі экономикалық көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып өтейін.

Бағалауға сәйкес, осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аудан экономикасының өсу қарқыны 5% құрайды (Алматы – 5,6%). Аудан экономикасының даму драйверлері өңдеуші өнеркәсіп (+11%) және құрылыс (+4%) болды.

Аудан экономикасына салынатын инвестициялардың 41,2%-ы 146 млрд. теңгеге дейін өскені байқалады, оның 75%-ке жуығы жеке инвестициялар. Бұл Түрксіб ауданында
4 180 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны шамамен 20%-ке (18,5%) өсіп, 6 мың субъектіден асты (6 033 субъект, 2021 жылдың ұқсас кезеңі – 5 087 субъект).

Енді Сіздердің ұсыныс-тілектеріңізді ескере отырып, Түрксіб ауданын одан әрі дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларымыз туралы айтып өтейін.

 

Инженерлік желілерді жаңғырту

  1. Сіздермен ақпан айында кездескенімізде Баймағамбетов – Шемякин – Коминтерн – Айтықов көшелерінің бөлігіндегі жұмыс істемейтін су құбыры және канализация желісін Алматы Судың балансына беру туралы мәселе көтерілді.

Бүгінгі таңда ұзындығы 11 км желі қалпына келтірілді. Оған қоса осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін 3 канализациялық сорғы станциясының құрылысы аяқталады.

Нәтижесінде биылғы жылдың соңына қарай осы шағын учаскедегі 1 мың үйді орталық су желісіне, ал  келесі жылы су бұру желісіне қосуға мүмкіндік пайда болады.

Түрксіб ауданының тұрғындарын сапалы сумен және тұрақты су бұру жүйесімен қамтамасыз ету үшін осы жылдың басынан бері Жас Қанат, Шуақты және Нижняя пятилетка
3 шағын ауданында
(128,4 км) 71,6 км инженерлік желі салынды (50% канализация, 50% сумен жабдықтау желілері).

«Жас қанат» және «Шуақты» шағын аудандары   бойынша инженерлік желілерді І-ші тоқсанда, «Нижняя пятилетка» шағын ауданы бойынша 2023 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұл осы шағын аудандардың 20 мыңнан астам тұрғынына (20 150 адам, 5,5 мың үй) орталық коммуникацияларға қосылуға мүмкіндік ашады. Жұмыстар жүргізілгеннен кейін жол жабыны қалпына келтіріледі.

  1. «Авиатор» (02.08.2022 ж.; 12,6 км), «Маяк» (02.08.2022 ж.; 19,1 км), «Әлмерек» (30.06.2022 ж. 2-ші кезең; 18,5 км) және «Қайрат» (2023 жылдың наурыз айында 2-ші кезең;
    14,2 км)
    шағын аудандарында 64,4 км сумен қамту желілерін салуға жобалау-сметалық құжаттама алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың III-ші тоқсанында бастау жоспарланып отыр.
  2. Бүгінгі таңда Түрксіб ауданында әлі де орталық сумен қамту және су бұру желілеріне қосылмаған 9 500 үй бар. Қазір бұл үйлер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін
    2024 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаймыз.
  3. Осы жылдың маусым айында өткен кездесуімізде Жахангер көшесіндегі 22 үйді электрмен жабдықтау мәселесі айтылды. Қазіргі уақытта жаңа электр беру желісін салу жұмыстары аяқталды. Тұрғындар қалалық желілерге қосылып, үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етілді.

Осы жылдың соңына дейін «Шуақты» шағын ауданындағы 5,5 км ескі электр желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Оның 5,3 км реконструкцияланды.

2023 жылдың басында дәл осындай жұмыстарды «Әлмерек» (23,5 км) және «Қайрат» (55,5 км) шағын аудандарында бастауды жоспарлап отырмыз.

«Қайрат» және «Нұршашқан» шағын аудандарында 2 400-ден астам абонентті жеткілікті үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр. Жұмыстарды
2023 жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін Бекмаханов (10,3 км) және Бұқтырма (7,3 км) магистральды көшелеріндегі  сыртқы жарық желісін жаңғырту, сондай-ақ ауданның жартылай жарық жүргізілмеген 100 көшесіне шамдар орнату жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде осы жылдың  соңына қарай Түрксіб ауданының 90%-ті жарықпен қамтамасыз етіледі.

  1. Қайрат шағын ауданындағы жағдайды жеке түсіндіріп өткім келеді. Бұған дейін әкімдік 3 мың пәтерге есептелген 41 тұрғын үйдің құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталатынын хабарлаған болатын.

Алайда, 4 мердігердің (Сапа Құрылыс, EC Energy, Шах және Gas Energy) мерзімдерді созуына және жеткілікті ұтқырлық танытпауына байланысты инженерлік желілерді жүргізу, аула аумақтары мен кірме жолдарды абаттандыру жұмыстары аяқталмады.

Менің шешімім бойынша технологиялық талаптарды сақтау үшін бұл жұмыстар қыс мезгілінде тоқтатылды. Яғни жұмыстар жаңа құрылыс маусымы басталған кезде  жалғастырылатын болады.

Осыған байланысты, тұрғындар жоғарыда аталған үйлерге 2023 жылдың мамыр айында кіреді, осы кезде 1500 орындық мектеп пайдалануға беріледі және қоғамдық көлік маршруттары іске қосылады (1 жаңа маршрут ашу және 2 маршруттың қозғалыс схемасын өзгерту жоспарланған).

 

ЕКІНШІ. Жол-көлік инфрақұрылымы

  1. Осы жылдың қыркүйек айында өткен кездесу барысында Қайрат шағын ауданының тұрғындары Сұлушаш, Көрімдік, Сыбызғы көшелеріндегі жолдарды жөндеу туралы өтініш білдірді. Бүгінде олар бойынша жұмыстар аяқталды, 2,5 км жолға асфальт төселді.

Сонымен қатар, ауданда ұзындығы 9 км болатын 17 көше жөнделіп, жалпы ауданы 20 мың кв. метр 89 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін 11 көшеге ұзындығы 9 км тротуар салынды және жөнделді.

2023 жылы ұзындығы 42 км болатын 31 көшеге қосымша жөндеу жүргізіліп, тағы 35 көшеге – 27 км тротуар салынады.

Сонымен қатар, Б. Хмельницкий көшесінен Талғар трактіне дейінгі көшені ұзартып салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың соңына дейін. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024-2025 жылдары жүргізілетін болады.

  1. Магистралды жолдар арқылы өту ыңғайлы болу үшін Б. Хмельницкий, Е. Бекмаханов, Сүйінбай және Лавренев көшелерінде 11 реттелетін светофор және Сейфуллин даңғылында, Шемякин, Папанин және Жұмабаев көшелерінде 5 светофор іске қосылды.
  2. Сондай-ақ, Түрксіб ауданының аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы жылдың қараша айынан бастап 174 адресте 322 бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары басталды. Жұмыстар 2022 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталады.

Сонымен бірге 2023 жылдың сәуір айында 96 адреске 448 «Сергек» камерасын өндірістік пайдалану мақсатында іске қосуды жоспарлап отырмыз.

  1. Осы жылдың соңына дейін жер үстіндегі жаяу жүргіншілер жүретін переходтардағы көтергіш құрылғыларды қалпына келтіру жұмыстары аяқталады (Майлин көшесі мен Сүйінбай даңғылы бойында). Қазірдің өзінде вандализмнің алдын алу үшін 30 бейнебақылау камерасы орнатылды, оны Түрксіб ауданының полициясы көре алады.
  2. Әлмерек, Нұршашқан шағын аудандарына және ауданның 23 көшесіне 27 жаңа остановка конструкциясын орнату жұмыстары аяқталды.
  3. Келесі жылы Рысқұлов даңғылының бойындағы (Парасат тұрғын үй кешені) және теміржол арқылы (Костромская көшесіне шығатын Ержанов көшесінің бойына) 2 жер үстіндегі жаяу жүргіншілер өткелін (проходын) салу жоспарланған, жобасы дайын, 2022 жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптама қорытындысын аламыз.
  4. Тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен қолайлығын арттыру мақсатында №215 маршрут Жас Қанат шағын ауданынан Шуақты шағын ауданына дейін ұзартылды (6,5 км.), рейске шығатын автобус саны 5-тен 7-ге дейін көбейді. Сонымен қатар, 4 маршруттағы (№8, 36, 69, 138) 39 автобус жаңартылды.

ҮШІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылым

Білім беру

Бүгінгі таңда ауданда 1 970 оқушы орны тапшы.

  1. 2022 жылдың желтоқсан айында мектептің қуатын 900 оқушы орнына дейін арттыратын № 59-шы мектеп-гимназия ғимаратын (Сауранбаев көшесі бойында) қосымша құрылысты сала отырып, реконструкциялау басталады.

Бұрын айтқанымдай, келесі жылы 1050 орындық 2 қосымша құрылыс (№195 - 450 орын, №198 - 600 орын) жүргізуді бастаймыз. Қазір жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. 2023 жылдың маусым айында аяқталады.

  1. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарды жөндеу және салу жұмыстары шеңберінде №70 арнайы бөбекжай-балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту жалғасуда, жұмыстар 2023 жылдың наурыз айында аяқталады.

Құрылыс материалдары бағасының қымбаттауына, жұмысын адал атқармайтын мердігерлердің көбеюіне байланысты Жас Қанат шағын ауданындағы 280 орындық балабақшаны салу жұмыстары тоқтатылды. Құрылысты 2023 жылдың ІІI-ші тоқсанында бастау жоспарланған.

Бұл ретте, 2023 жылдың қаңтар айында «Қайрат» шағын ауданында 260 орындық балабақшаның құрылысы басталады.  

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және Түрксіб ауданының көбейіп жатқан тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтамасыз ету үшін биыл желтоқсан айында «Нұршашқан» шағын ауданында бір ауысымда 100 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.

Сондай-ақ 2023 жылдың I-ші тоқсанында Айбасов көшесінде бір ауысымда 200 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған.

Қайрат шағын ауданында 340 келушіге арналған емхана құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы 2023 жылдың II-ші тоқсанында мемлекеттік сараптамадан өтеді.

Жалпы жоғарыда аталған шаралар күніне келетін пациенттердің санын 800 адамға арттыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік және спорттық объектілер

Қазіргі уақытта ескі ғимаратты (Р.Зорге көшесі, 2А) күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, онда 2023 жылы әлеуметтік объектілер орталығын ашып, «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығын, «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубын, «Ардагерлер кеңесін» және «Мүгедектер қоғамын» орналастыру жоспарланған.

Сондай-ақ 2023 жылдың I-ші тоқсанында «Жас Қанат» шағын ауданында бассейні бар екінші дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады.

2023 жылдың II-ші тоқсанында «Авиатор» стадионының аумағында (Майлин көшесі бойында) дене шынықтыру-сауықтыру орталығының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтау жоспарланған.

 

ТӨРТІНШІ. Жайлы қалалық орта

Түрксіб ауданында тұру жайлылығын жақсарту үшін парк кеңістіктері мен скверлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және олардың санын көбейту жұмыстары жалғасады.

  1. 2022 жылдың басынан бағдарламаны іске асыру шеңберінде Түрксіб ауданында санитариялық мақсатта 6 430 ағаш, 800 апатты ағаш кесілді, 15 мың бұта, 6,8 мың жас көшет (Сүйінбай даңғылы, Майлин, Бұқтырма даңғылы және Сейфуллин даңғылы) отырғызылды. Сонымен қатар жыл соңына дейін тағы 10 мың жапырақты ағаш (үйеңкі, күл, Терек және қарағаш) отырғызу жоспарлануда.

Ауданы 46 гектардан асатын 2 ауқымды парктің, Әуежай ауданында «Аспан» паркінің (15 га) құрылысы жүргізіліп, Маяк тоғайы (31 га) абаттандырылуда. Объектілер желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныстары бойынша шілде айынан бастап «Әуежай даңқы» сквері және №6 оқушылар үйінің жанындағы сквер абаттандырылуда, онда сыртқы жарық желілерін, жасыл аймақтарды суару жүйесін, орындықтар, урналар және т.б. орнату көзделген. Жұмыс
2023 жылдың II-ші тоқсанында аяқталады.

  1. Осы жылдың соңына дейін ұзындығы 6,5 км (Рысқұлов даңғылынан Әуежайға дейін) «Кіші Алматы» өзенінің арнасын кеңейтіп, тереңдету жұмыстары аяқталады.

Арнаның бойымен адамдар жүретін жолдар салынып, «Workout» кешені және сыртқы жарықтандыру желілері орнатылған.

  1. Бұрын айтқандай, қазіргі уақытта төтенше жағдай желісі бойынша су басатын ұзындығы 3,8 км 11 учаскені жою үшін жұмыстар жүргізілуде. Бүгін 4 мекенжай бойынша жұмыстар аяқталды, 7 учаске желтоқсан айында аяқталады.

Сондай-ақ, жыл соңына қарай Алматы-1 коллекторын қалпына келтіру жұмыстары аяқталады, ол Зорге көшесіндегі жаңбыр суларын ағызып әкетуді қамтамасыз етеді.

Тұрақты су басатын ұзындығы 41 км қосымша 57 учаске анықталды. Желтоқсанда су басудың алдын алу үшін жаңа арық желілерін салу жұмыстары басталып, 2023 жылы желтоқсанда аяқталады.

  1. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде барлық жоспарланған 28 жоба (100%) орындалды, атап айтқанда 14 жер абаттандыру бойынша, 10 балалар және спорт алаңы, 4 тереңдетілген контейнер алаңы.

Сонымен қатар Бағдарлама аясында Б. Хмельницкий көшесіндегі сквер жөнделді, Түрксіб ауданына кіре берістегі бос учаскелер (Сейфуллин даңғылы және Лавренев көшесі) абаттандырылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 2023 жылға 164 жобадан 24 жоба таңдап алынды, оның ішінде 12 балалар және спорт алаңы, абаттандырылатын 9 объект және 3 тереңдетілген контейнер алаңы бар.

Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!

Енді Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
30 ноября 2022
Дата обновления
30 ноября 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы