
2022 жылғы 13 және 14 желтоқсанда 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға қатысты мәселелер бойынша Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырыстары өтті.
Күн тәртібінде - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың оған қойылатын Қазақстан Республикасының Конституциясымен және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау және Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Абилькасимов Даулет Еркимбекович Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 2 және 3-тармақтарында, 51-бабы 4-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 4 және 70-баптарында белгіленген талаптарға сәйкес.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар Жаниязова Жаркын Лепесовна, Кокобаева Гульнара Ахметжановна, Асанова Жанна Бейсентаевна тіркелді.
Тиісті хаттамаларға Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қол қойды.
Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы