
2022 жылғы 12 желтоқсанда 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға қатысты мәселелер бойынша Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты оны қолдау үшiн жиналған таңдаушылардың қолдарын тексергеннен кейiн тiркеу туралы мәселелер.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Аканова Асия Айкановна оны қолдау үшiн жиналған таңдаушылардың қолдарын тексергеннен кейiн тіркелді.
Тиісті хаттамаларға Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қол қойды.
Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
2022 жылғы 12 желтоқсан