
2022 жылғы 10 желтоқсанда 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға қатысты мәселелер бойынша Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың оларға қойылатын Қазақстан Республикасының Конституциясымен және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау және сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты оны қолдау үшiн жиналған таңдаушылардың қолдарын тексергеннен кейiн тiркеу туралы мәселелер.
Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының анықтамалары негізінде, кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау үшін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына ұсынылған кандидаттардың құжаттарын қарастыра отырып, Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы мынаны анықтады:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Бекмурзаева Кристина Юрьевна тіркелді.
Тиісті хаттамаларға Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қол қойды.
Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
2022 жылғы 10 желтоқсан