
2022 жылғы 10 желтоқсанда сағат 14:30-да Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарының Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, Сенат депутаттығына кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы отырысы өтеді.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Толе би көшесі 67, 503 кабинет (5 қабат).
БАҚ-ты аккредиттеу а.ж. 10 желтоқсан сағат 14.00 дейін келесі телефондар бойынша: 8 (727) 236-21-77, +7 702 419 38 91 және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: tic_alm@saylau.kz