Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының Аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2022 жылғы 3 желтоқсанда 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға қатысты мәселелер бойынша Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың оларға қойылатын Қазақстан Республикасының Конституциясымен және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасынан және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамалары негізінде, кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау үшін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына ұсынылған кандидаттардың құжаттарын қарастыра отырып,  Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы мынаны анықтады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат:

 

  1. Жаниязова Жарқын Лепесқызы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 2 және 3-тармақтарында, 51-бабы 4-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 4 және 70-баптарында белгіленген талаптарға сәйкес.
  2. Ильяшев Әлнұр Қайратұлы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 2 және 3-тармақтарында, 51-бабы 4-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 4 және 70-баптарында белгіленген талаптарға сәйкес емес.

       Тиісті хаттамаларға Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының    мүшелері қол қойды.

Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

2022 жылғы  3 желтоқсан

Дата публикации
05 декабря 2022
Дата обновления
05 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы