
Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың
Жетісу ауданының тұрғындарымен
кездесуде сөйлейтін сөзі
10.11.2022 ж.
Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары!
Сіздерді өздеріңіздің аудандарыңыздағы кезекті кездесуде көргеніме қуаныштымын!
Алдыңғы кездесулеріміздің қорытындысы бойынша мен
89 тапсырма бердім. Бүгінгі таңда олардың 90%-ке жуығы
орындалды (78-і орындалды). 11 тапсырма бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Жетісу ауданын одан әрі дамыту бойынша қабылданған шаралар мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтейін.
БІРІНШІ. Инженерлік желілерді жаңғырту
Құлагердегі жылу желілерін реконструкциялау осы қазан айының соңында аяқталды, құбырлар жер астына ауыстырылды, асфальт қалпына келтірілді, ескі жерүсті құбырлары бөлшектеп алынуда.
Қазірдің өзінде 800 тірек орнатылып, 15,8 км кабель тартылды.
Палладин – Павлодарская – Сельская – Боралдай көшелеріндегі жұмыстар осы жылдың соңына дейін, Кемел шағын ауданындағы жұмыстар – 2023 жылдың сәуір айында аяқталады.
Бұл 4 000-нан астам абонентті үздіксіз электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы жылдың соңына дейін Жетісу ауданындағы
6 көшедегі жарық жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.
ЕКІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
Білім беру
Осы қыркүйек айында №148 мектепте 300 орындық қосымша құрылыс салу басталды. Жұмыстар келесі оқу жылының басында аяқталады. Сондай-ақ, қазан айында №101 мектептің акт залын салу басталды, ол да 2023 жылдың тамыз айында аяқталады.
Биылғы қазан айында №112 мектепке 300 орындық, №103 мектепке 200 орындық қосымша құрылыс салу жобаларына сараптама қорытындысы алынды, құрылысын
2023 жылдың І-ші тоқсанында бастау жоспарланған.
Қазан айында № 80 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды, жұмыстар 2023 жылдың ІV-ші тоқсанында аяқталады.
«Айнабұлақ-4» шағын ауданында 160 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Құрылысы келесі жылдың маусым айында аяқталады.
Осы жылдың маусым айында жеке меншікте болған екі қабатты әкімшілік ғимарат сатып алынды. Қазіргі уақытта 280 орындық балабақшаны күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау желтоқсанда аяқталып, құрылысы 2023 жылдың I-ші тоқсанында басталады. Бұл мектепке дейінгі мекемеге Ратушный-Қазыбаев-Серіков-Рысқұлов көшелерінде тұратын балалар бара алады.
Денсаулық сақтау
Дене шынықтыру және спорт
Жетісу ауданында балалар мен мектеп оқушыларын жаппай спортпен шұғылдануға тарту мақсатында осы жылдың наурыз және қазан айларында Кемел шағын ауданында ауысымына 94 келушіні және Айнабұлақ шағын ауданында 100 келушіні қабылдайтын 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
Сондай-ақ, осы жылдың 14-ші қарашасынан бастап Құлагер шағын ауданында ауысымына 150 келушіні қабылдайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады (қазіргі уақытта осы кешенде ресейлік релоканттарға арналған халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан).
ҮШІНШІ. Жол инфрақұрылымы және қауіпсіздік
Сіздердің өтініштеріңіздің негізінде Көкжиек шағын ауданында тротуарлар мен арықтармен бірге жолдарға жөндеу жүргізілді.
Қараша айының соңына дейін 2-ші Гончарная көшесінде орташа жөндеу аяқталады.
№46 маршрут 1 км-ге ұзартылды (Кемел шағын ауданында Есімхан көшесінен Арлан көшесіне дейін) автобустар саны 10-нан
12-ге көбейді.
Сонымен қатар 8 маршруттың (№40, 41, 70, 135, 52, 56, 69, 80) жылжымалы құрамы толық жаңартылды.
Қолданыстағы 490 камераға есептелген 86 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніне қосымша 2023 жылдың I-ші тоқсанында 399 камераға арналған 85 «Сергек» кешені орнатылады.
Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін Жетісу ауданында камералардың санын 996 бірлікке дейін көбейтеміз.
ТӨРТІНШІ. Көшелерді су басу мәселелерін шешу
Өткен кездесулерде Жетісу ауданының тұрғындары жеке секторды, атап айтқанда Рабочий кентіндегі су басу мәселесін көтерген болатын.
Аудан әкімдігінің күшімен Брюсов көшесіндегі үйлерді үнемі су басу проблемасы жойылды.
Қосымша 16 мекенжайда ұзындығы 7,1 км арық реконструкцияланды.
Сонымен қатар ауданда қатты жауын жауған кезде тұрақты су басатын 8 учаске бар. Төтенше жағдай желісі бойынша бұл проблеманы шешу үшін ұзындығы 7,2 км арық желісін салу,
2,2 км коллекторды қалпына келтіру және 2,5 км Есентай каналында тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Келесі жылы Экология және қоршаған орта басқармасының желісі бойынша ұзындығы 27 км болатын 27 учаскеге арық желілерін салу жоспарланған.
БЕСІНШІ. Жайлы қалалық орта
2022 жыл Жетісу ауданында қоғамдық кеңістіктерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша рекордтық жыл болды.
Көкмайса шағын ауданындағы Есентай өзенінің жағасындағы қараусыз қалған аумақ та жақсарды. Экология және қоршаған орта басқармасының жобасы бойынша бұл учаскеде Есентай өзенінің бойымен 16 гектар жаңа серуендеу аймағы құрылды.
Аталған парктерде жастар арасында көше спортын насихаттау мақсатында Алматы қаласының Скейтбординг федерациясының қатысуымен және оның ұсыныстарын ескере отырып салынған, ауданы 1500 шаршы метрден асатын скейт-алаңдар орнатылды. Стритбол, баскетбол, волейбол және заманауи воркаут алаңдары да жабдықталған.
Бұл алаңдар Жетісу ауданының жастары үшін нағыз тартылыс орталықтарына айналды.
Айнабұлақ паркінде қалалық скейтбординг федерациясын ұйымдастыру кезінде скейтбордтан қалалық жарыстар өткізілгенін атап өткім келеді.
Бұл жобалар Великолукская көшесінде жаңа қоғамдық кеңістік құруға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ осы кезеңде жаңа спорт алаңдары, оның ішінде Жангелдин және Ратушный көшелерінің бойындағы скверлерде 6 теннис және 6 шахмат үстелдері орнатылды.
Аталған жоба бойынша аудан тұрғындары 2023 жылға қоғамдық кеңістікті абаттандыру және көгалдандыру, балалар мен спорт алаңдарын жөндеу және орнату үшін 129 өтінім берді, оның ішінде 18 жоба алдын ала іріктелді.
Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары!
Енді Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.
Назарларыңызға рақмет!