Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е. А. Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі баяндамасы

Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

Сіздермен қайта кездескеніме қуаныштымын!

Бүгінгі таңда Сіздер көтерген сұрақтардың 85%-ті орындалды (88-дің 76-сы орындалды).

Енді Алматы қаласы әкімдігінің қабылдаған шаралары және Сіздердің ауданды одан әрі дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлап өтейін.

 

БІРІНШІ. Инженерлік желілерді модернизациялау

 

Электроэнергетика

Бүгінгі таңда 58,5 км электр желілері ауыстырылды және ауданның биылғы жылға жоспарланған барлық 10 тарату (жоспар 10) және 50 (жоспар 50) трансформаторлық подстанциясы модернизацияланды.

Бұл аудандағы электр желілерінің орташа тозу деңгейін 70-тен 61%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

2023 жылы жұмыстар жалғасып, тағы 97,5 км желі жаңартылады. Ауданның 3 тарату және 145 трансформаторлық подстанциясы реконструкциядан өтеді.

Сумен қамту

       Абай даңғылынан Есенжанов көшесіне дейінгі Тұрғыт Озал көшесінің (317 м) су құбыры желілері реконструкцияланды және осы жылдың 15 қарашасына дейін Ислам Каримов көшесінің Төле би мен Артем көшелерінің арасындағы бөлігіндегі жұмыстар аяқталады (120м).

            Бұдан басқа, «Жайлы» тұрғын үй кешінінің иесіз канализация желілері және «Панорама» тұрғын үй кешенінің канализациялық сорғы станциясы сенімгерлік басқаруға қабылданды (энергетика және сумен жабдықтау басқармасы).

Жылумен жабдықтау

         Абай даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі Досмұхамедов көшесінің (225м) және Бөгенбай батыр – Радостовец көшелеріндегі ауланың жылу желілері (190м) модернизацияланды.

 

       ВТОРОЕ. Дорожно-транспортная инфраструктура

Развитие и модернизация улично-дорожной сети

       По просьбе жителей в августе т.г. было внедрено одностороннее движение по 3 улицам: Есенжанова и Шакарима (11 августа т.г) между улицами Тлендиева и Брусиловского, и на ул. Артема (30 августа т.г) от Брусиловского до Тургут Озала.

       Для улучшения эксплуатационных характеристик дорог проведен средний ремонт 16 улиц общей протяжённостью
13 км и до 15 ноября т.г завершится ремонт ещё 2 улиц
(ул. Казыбек би – 883 м и ул. Айтеке би - 272м).

       За счет строительства 1,3 км тротуарной сети повышена безопасность пешеходов по 16 адресам, а также отремонтировано 900 м тротуаров на 8 участках.

       В этом году обезопасили наиболее оживленные дорожные участки путем строительства 6 регулируемых светофорных переходов (5 вдоль ул. Байсеитова: -Кабанбай батыра, -Богенбай батыра, -Курмангазы, -Шевченко, –Гоголя и на Абылай хана - Алимжанова) и дополнительно обустроенных 4 новых пешеходных перехода.

 

       ЕКІНШІ. Жол-көлік инфрақұрылымы

Көше-жол желісін дамыту және жаңғырту

       Тұрғындардың өтініші бойынша осы жылдың тамыз айында Есенжанов пен Шәкәрім (осы жылдың 11 тамызы) Тілендиев пен Брусиловский көшелерінің арасында және Артем көшесінде (осы жылдың 30 тамызы) Брусиловскийден Тұрғыт Өзал көшесіне дейін 3 көшеде бір жақты қозғалыс енгізілді.

Жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 13 км болатын 16 көшеге орташа жөндеу жүргізілді және осы жылдың 15 қарашасына дейін тағы
2 көшедегі жөндеу жұмыстары аяқталады (Қазыбек би көшесі –
8 83 м және Әйтеке би көшесі - 272м)
.

       1,3 км тротуар желісін салудың арқасында
16 мекенжайдағы жаяу жүргіншілер өткелінің қауіпсіздігі арттырылды, сондай-ақ 8 учаскедегі 900 м тротуар жөнделді.

       Биылғы жылы 6 реттелетін светофор өткелін салып (5 Байсейітов: - Қабанбай батыр, - Бөгенбай батыр, - Құрманғазы, - Шевченко, –Гоголь көшелері және Абылай хан - Әлімжанов көшесінің бойымен), қозғалыс ең көп жол бөліктері қауіпсіз етілді және қосымша 4 жаңа жаяу жүргіншілер өткелі жайластырылды.

 

 

 

 

Қоғамдық көлікті дамыту

Тұрғындардың өтініш-тілектерін ескере отырып,
2 маршруттың қозғалыс схемасына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ жақын орналасуын қамтамасыз ету үшін әкімдік тағы 8 остановканы жайластырып, Розыбакиев көшесіндегі остановка №3 қалалық емханаға жақынырақ ауыстырылды.

Анықтама үшін: Тілендиев көшесімен Абайдан Төле би көшесіне дейінгі
№ 132 және Әуезов көшесімен Райымбектен оңтүстік бағытты қамти отырып
№ 88 маршруттар бойынша өзгерістер енгізілді.

 

ҮШІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

  1. Орта білім беру саласында оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім беру объектілерін жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Биылғы жылдың басында 2 мектептің (№34 және 144 гимназиялар) 850 орындық 2 қосымша құрылысы пайдалануға берілді. Енді 10-шы қарашада Қабанбай батыр көшесінде 850 орындық «Prometheus school» жеке меншік мектебі ашылады.

№ 15-ші гимназияны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 2023 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі.

Келесі жылдың III-ші тоқсанының басында №136 және
58-ші
мектептің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізіп,  сейсмикалық күшейту үшін жобалау-сметалық құжаттама  әзірленетін болады.

  1. Балаларды мектепке дейінгі біліммен барынша қамту үшін биыл Алмалы ауданы бойынша 225 орындық 5 жеке меншік балабақша ашылды.

№ 7 балабақшаны сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталды.

Жобалық қуатты 75 орынға ұлғайта отырып, №43 балабақша ғимаратының бұрын жеке меншікте болған бөлігі сатып алынды.

2023 жылдың II-ші тоқсанында күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді бастау жоспарланған.

Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Мәуленов- Әйтеке би көшелерінің қиылысында бұрын жалға берілген балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, сейсмикалық күшейту үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді,
2023 жылдың 3-ші тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі (жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы
2023 жылдың сәуір айында шығады).

 

  1. Егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуетін іске асыру мақсатында қазан айында Мәуленов көшесі, 46а мекенжайында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» тағы 1 филиалы ашылды.

Амангелді көшесіндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қалалық емханасының ғимаратын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жоба 2023 жылдың                                   II-ші тоқсанында дайын болады (сараптама 2023 жылдың 2-ші тоқсанында шығады).

Сондай-ақ, ескі ғимаратты бұза отырып, Әйтеке би көшесіндегі ревматологиялық орталықтың орнына 500 келушіге арналған жаңа емхананың жобалау-сметалық құжаттамасын  әзірлеу басталды. Жобалау-сметалық құжаттама  2023 жылдың IV-ші тоқсанында дайын болып, құрылысы 2024 жылдың көктемінде басталады.

 

       ТӨРТІНШІ. Көшелерді су басу проблемаларын шешу.

Үнемі су басатын жерлерді болдырмау аясында аудан бойынша 12 учаске анықталды.

4 учаскедегі жұмыстар Әйтеке би көшесінің Назарбаев даңғылы, Абылай хан даңғылы және Панфилов көшесімен қиылысындағы, сондай-ақ Масаншы көшесінің Мақатаев көшесімен қиылысындағы учаскелер коллекторына қосыла отырып аяқталды.

Жыл соңына дейін Мақатаев көшесінің бойындағы жалпы ұзындығы 3,6 км коллектор қалпына келтіріледі. Райымбек даңғылының бойынан қосымша 2,3 км жаңа арық желісі мен
1,6 км канал саламыз.

Осы айда әкімдік 2024 жылдың соңына дейін жұмыстарды аяқтап, 52 учаскеде 34 км арық желісін реконструкциялауды және салуды бастайды.

 

БЕСІНШІ. Жайлы қалалық орта

  1. Алматы қаласы әкімдігі жыл соңына дейін 2 қоғамдық кеңістікті: «Қазақстан-Британ техникалық университетінің» төмен жағындағы скверді және К. Байсейітова атындағы жаяу жүргіншілер көшесін жаңғыртуды аяқтап, Құрманғазы – Абылай хан – Шевченко – Панфилов көшелерінің бөлігінде тағы бір паркті ашады.
  2. Жыл басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 25 үйдегі 60 лифт жабдығы ауыстырылып, 4 үйдің жалпы мүлкі (шатыры, қасбеті және т.б. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қайтарымды негізде) жөнделді.

2022 жылдың соңына дейін қосымша 2 үйде тағы 3 лифт ауыстырылады және 8 үйде ортақ пайдаланылатын мүлік жөнделеді.

Бүгінгі күні әкімдік 2 ауланы (Чайковский көшесі, 25 және Шагабутдинов көшесі, 45) күрделі жөндеуден өткізді, қалған 3 аула (Абай даңғылы, 163, Түркебаев көшесі, 42, Төле би көшесі, 273/4) осы жылдың 15 қарашасына дейін аяқталады.

Биыл 40 шағын қабатты тұрғын үйдің фасады жөнделді және 15 қарашаға дейін қалған 4 фасад (жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен) жөнделеді.

  1. Алмалы ауданы қаланың тарихи орталығы ғана емес, сонымен қатар оның ең жасыл аудандарының бірі болып табылады. Ауданның жасыл қоры шамамен 223 мың ағашты құрайды, оның 25%-ті апатты немесе ауыр жағдайда.

       Жасыл қорды жасарту және жаңарту бағдарламасы шеңберінде 5 400 ағаш санитарлық мақсатта кесілді. Аула аумақтарымен бірге ортақ пайдаланылатын жерлердегі
 авариялық жағдайдағы 660 ағаш
кесілді.

       Жыл соңына дейін тағы 490 авариялық жағдайдағы ағаш кесіледі.    

       Кесілген ағаштардың орнына Алмалы ауданының аумағында 100 көшет отырғызылып, қараша айының соңына дейін олардың жалпы саны 2,5 мыңға дейін жеткізілетін болады.      4. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы жылдың соңына дейін: адамдар көп жиналатын орындарға (118 камера), аулаларға (200 камера) және көше қиылыстарына (223 камера)
541 бейнекамера орнатылады.

       Қолданыстағы 947 камераға есептелген 177 «Сергек» автоматтандырылған-бағдарламалық кешеніне қосымша (44 – желілік учаскелерде, 133 – көше қиылыстарында) 400 камераға есептелген 38 «Сергек» автоматтандырылған-бағдарламалық кешені (22 – желілік учаскелерде, 16 - көше қиылыстарында) орнатылады.

       Жалпы, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Алмалы ауданындағы камералардың жалпы санын 1 469 бірлікке дейін көбейтеміз.

  1. Биыл Әкімдік тұрғындардың өтініштері бойынша жарық орнатылмаған жерлерге қосымша 40 көше жарықтандыру тірегін орнатып, 6 көшенің (Астана алаңы, Панфилов, Арбат, Байзақов, Моңғол, Әйтеке би көшелері, Желтоқсан көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін) ескі жарықтары жаңартылды және осы жылдың соңына дейін тағы 2 көше: Розыбакиев және Байтұрсынов жаңғыртылады.
  2. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша Сіздердің аудандарыңызда 800 млн. теңге сомасына 39 жоба (100%) орындалды.

       Автосуғару жүйесімен жабдықтау жұмыстары аяқталды. «АРО», «АЗТМ» 2 сквері, сондай-ақ Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін Гагарин, Байтұрсынов көшесінен Шәріпов көшесіне дейін Бөгенбай батыр және Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін Қарасай батыр көшелеріндегі бульварлар кешенді түрде көгалдандырылды.

Сондай-ақ 8 қоғамдық және 21 аула орындары абаттандырылды (1 спорт және 1 балалар алаңы, 1 иттерді серуендетуге арналған алаң, 3 көмілген қоқыс алаңы салынды,
2 алаңның резеңке жабыны жаңартылды және 21 аула жөнделді).

       2023 жылға дауыс беру қорытындысы бойынша берілген 171 ұсыныстың ішінен 800 млн. теңге сомасына 18 жоба алдын ала іріктеп алынды.

      

Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

Енді Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Назарларыңызға рақмет!

 

Дата публикации
03 ноября 2022
Дата обновления
03 ноября 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы