
Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!
Сіздерді көргеніме қуаныштымын!
Біздің кездесулеріміз аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша оң нәтиже беруде. Бүгінгі таңда Сіздер көтерген мәселелердің 80%-тен астамы (122 мәселенің 102-і орындалды) шешілді.
Сіздердің өтініш-тілектеріңізді ескере отырып, қала әкімдігі қызметінің нәтижелері туралы толығырақ айтып өтейін.
БІРІНШІ. Сумен және канализациямен қамтамасыз ету
Бүгінде Наурызбай ауданы үшін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету ең өзекті мәселе болып қалуда.
Бұл проблеманы шешу үшін, Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта 2 су жинау құрылғысы, 104,2 км инженерлік желілер қарқынды салынып жатыр, сондай-ақ насос станциялары бар қосымша магистралды су құбырын жобалау басталды.
Анықтама үшін: 5 шағын ауданда (Жайлау, Қарғалы, Құрамыс, Тастыбұлақ, Таужолы) ұзындығы 195 км (50%-де 50%) су құбыры мен канализация желілері салынды.
Ақсай су жинағышы бойынша жер қазу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл объектіні 2025 жылдың III-ші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған және 100 мың тұрғынымызды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақжар су жинағышы іске қосылғанға дейін Ақжар шағын ауданының тұрғындарын баламалы түрде сумен қамтамасыз ету үшін Qazaq Stroy осы жылдың қыркүйек айында жаңа магистралды су құбырын жобалауға кірісті. Оны 2023 жылдың маусым айының соңына дейін салып бітіруді жоспарлап отыр. Бұл 35 мың адамды сумен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ Қарағайлы, Тастыбұлақ шағын аудандары және Ақжар микро ауданының қалған 30 көшесі бойынша 267 км желі (135 км су құбыры және 132 км канализация) салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталып келеді.
Биылғы қараша айында Ақжар және Қарағайлы шағын аудандары бойынша жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан және конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін құрылысты 2023 жылдың II-ші тоқсанында бастау жоспарланған.
Тастыбұлақ бойынша жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың наурыз айында сараптамаға жіберіледі.
Бұл проблеманың тамыры тереңде жатыр. 2019 жылы мердігер ұйым «Алматы ИнжСтрой» жаңа су құбыр желілерін жүргізу кезінде болат құбырларды диаметрі
600 миллиметр (ұзындығы 5 км) шыны-пластик құбырға ауыстырған, оларды пайдалану кезінде авариялар жиі орын алды.
2019 жылдан бастап осы учаскеде 28 авария тіркелген (биыл 15 авария).
Аталған проблеманы шешу үшін Алматы қаласының әкімдігі уақытша су құбырын жүргізу туралы шешім қабылдады.
Бұл ретте, менің тапсырмаммен 19-шы қазанда мердігер ұйым Qazaq Stroy «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенін тұрақты сумен жабдықтау үшін ұзындығы 400 метр (100 метрі салынып қойды), диаметрі 325 миллиметр уақытша су құбырын жүргізуге кірісті. Жұмыстарды осы қараша айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Бұл мақсатқа Алматы қаласы әкімдігінің резервінен
102 млн. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, мердігер ұйым «Алматы ИнжСтройға» қатысты тиісті материалдар қылмыстық іс қозғау үшін заң қорғау органдарына берілді.
ЕКІНШІ. Электр желілерін салу және модернизациялау
Ауданды тұрақты электрмен қамту үшін мынадай шаралар қабылдануда.
Наурызбай ауданындағы (Қарағайлы, Рахат, Тастыбұлақ және Шұғыла микро аудандары) қалған 59 көшені жарықтандыру жұмысын 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.
ҮШІНШІ. Жол инфрақұрылымы мен қоғамдық көлікті дамыту
Анықтама үшін: Ақжар шағын ауданында жалпы ұзындығы 45 км болатын 89 көшеге жаңадан жол салу жоспарланған.
Осы учаскеде жаңа №44 автобус іске қосылды.
Сондай-ақ, биылғы қараша айының соңына дейін Төле би көшесінің Алатау даңғылынан Жүнісов көшесіне дейінгі бөлігін салып аяқтаймыз.
Анықтама үшін: Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін 270 жер учаскесі алып қоюға жатады, оның 59-ы сатып алынды және 93-і бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Анықтама үшін: №31 және №67 Карьерная көшесімен Барлық базарынан Абай саяжайларына дейін, №110 Момышұлы метро станциясын қамти отырып, № 78 Алатау, Абай даңғылдары бойымен және № 44 Алатау даңғылымен «Алма Сити-5» кешеніне дейін.
ТӨРТІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
Білім беру
Ауданда оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында биыл мынадай жұмыстар жасалып жатыр.
Жыл соңына дейін тағы 2 мектеп ашылады. Атап айтқанда, қараша айында Қалқаман микро ауданында 1 500 орындық және желтоқсанда «Алма Сити – 5» аумағында 1 200 орындық мектеп (сатып алу процедуралары жүріп жатыр).
Сонымен қатар Шұғыла шағын ауданында Qazaq Stroy компаниясы «Әлем Сити» (дайындығы - 60%) және «Алма Сити – 4» (10%) аумағында 2 400 орындық 2 мектеп салып жатыр. Құрылыс 2023 жылдың III-ші тоқсанында аяқталады.
Жыл соңына дейін Шұғыла шағын ауданында № 174 мектепке 375 орындық қосымша құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталып, мемлекеттік сараптамаға жіберілетін болады. Сараптама қорытындысы шығып, конкурстық процедуралар аяқталғаннан кейін 2023 жылдың II-ші тоқсанында құрылысын бастау жоспарлануда.
Құрамыс шағын ауданындағы 1 500 орындық және Шұғыла шағын ауданындағы 2 000 орындық 2 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2023 жылдың I-ші тоқсанында мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Құрылысы 2023 жылдың III-ші тоқсанында басталады.
Сондай-ақ Шұғыла шағын ауданындағы ескі №15 мектеп-интернат және «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінің аумағындағы 2 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жариялау үшін құжаттама дайындалуда.
Сондай-ақ Шұғыла шағын ауданында 320 орындық жаңа балабақша құрылысы басталды. 2023 жылдың шілде айында аяқталады.
Жаңа жобаларды әзірлеу жалғасуда.
«Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің аумағында 320 орындық балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасының құнына қатысты ескертулерді назарға ала отырып, 2023 жылғы ақпанда мемлекеттік сараптамаға қайта жіберіледі (2023 жылғы сәуір, құрылыс-монтаждау жұмыстары – 2023 жылдың III-ші тоқсанында басталады).
Сонымен қатар Құрамыс шағын ауданындағы 320 орындық, Шұғыла шағын ауданындағы 320 орындық және Қалқаман шағын ауданындағы 240 орындық 3 балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде (мемлекеттік сараптама – 2023 жылдың III-ші тоқсаны, құрылыс-монтаждау жұмыстары – IV-ші тоқсанда басталады).
3) Тұрғындардың өтініші бойынша балаларды қосымша оқытумен қамту үшін Шұғыла микро ауданында апта сайын 5 мыңнан астам бала қатыса алатын көпсалалы инновациялық шығармашылық орталықтың (Оқушылар сарайының) құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Объектіні 2023 жылдың II-ші тоқсанында ашу жоспарланған (50%).
Денсаулық сақтау
Ауданда, әсіресе жоғарғы бөлігінде емханалардың жетіспеу мәселесі өзекті болып тұр. Аудан халқының жыл сайын 10-12 мың адамға өсетінін ескере отырып, қала әкімдігі
2 жаңа емхана (500 келушіге арналған) және 1 отбасы-дәрігерлік амбулатория (200 келушіге арналған) салуды жоспарлауда.
Шұғыла микро ауданында 500 келушіге арналған жаңа емхана салу үшін жер учаскесін ресімдеу және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялау үшін құжаттама дайындалуда (әзірлеу мерзімі – 2023 жылдың I-ші жарты жылдығы).
Құрылысты мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, конкурстық процедураларды өткізгеннен кейін
2023 жылдың II-ші тоқсанында бастау жоспарланған.
БЕСІНШІ. Жайлы қалалық орта
Биылғы қараша айының соңына дейін Райымбек даңғылындағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінен Ақсай өзенінің арнасына дейін ұзындығы 1 400 м және Сәбденов көшесіндегі арық желісін абаттандыру аяқталады.
Сондай-ақ, жоспарланған 11 км болатын 7 көшеден Карьерная, Дәулеткерей және Егінсу атты 3 көшенің арық желілері салынды. Қалған Рымжанов, Аспандияров, Айболит, Сейтбеков атты 4 көшенің жұмыстары осы жылдың қараша айы соңына дейін аяқталады.
2023 жылдың I-ші тоқсанында 369 камераға есептелген қазіргі 36 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніне (21-желілік учаскелерде, 15 - көше қиылыстарында) қосымша 205 камераға есептелген 20 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (19 – желілік учаскелерде, 1 – жол қиылысында) орнатылады.
Барлығы 21 қоғамдық кеңістік учаскесі (скверлер, балалар алаңдары, аулалар) және жол инфрақұрылымы бойынша 26 жоба (жолдар, тротуарлар, арықтар, көпір өткелдері, суару жүйесі) абаттандырылды.
Келесі жылы дауыс беру қорытындысы бойынша берілген 129 ұсыныстың ішінен 1,8 млрд. теңгеден астам сомаға (1 млрд. 864 млн. теңге) 45 жоба алдын ала іріктеп алынды.
Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!
Енді Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.
Назарларыңызға рақмет!