Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 маусымдағы № 2/341 қаулысына өзгерістер енгізу туралы жобасын талқылау

Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы электрондық үкімет порталында Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 маусымдағы № 2/341 қаулысына өзгерістер енгізу туралы жобасы жарияланғанын хабарлайды.

Құжат Мемлекет басшысының қолайлы әрі эстетикалық тұрғыдан тартымды қалалық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ «Алматы – ешқашан ұйықтамайтын қала» тұжырымдамасын дамытуға бағытталған тапсырмаларын іске асыру мақсатында жүзеге асырулуда.

Шешім жобасында қазіргі заманғы мегаполистерді дамыту үрдістері қалалық инфрақұрылым сапасын арттыруды, сәулеттік ортаның көрнекі үйлесімділігін қамтамасыз етуді, бірыңғай дизайн-код қалыптастыруды және қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Осыған байланысты қолданыстағы талаптарды тұрақты даму қағидаттарына сәйкестендіру және нормативтік реттеуді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Ұсынылып отырған өзгерістер:

– қалалық инфрақұрылым объектілеріне қойылатын талаптарды жүйелеуге;

– қаланың сәулеттік келбетінің эстетикалық тұтастығын қамтамасыз ету;

– шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасауға;

– қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға;

– Алматы қаласының заманауи әрі серпінді дамып келе жатқан мегаполис ретіндегі имиджін нығайтуға бағытталған.

Аталған өзгерістерді қабылдау тиісті саланы реттеуде жүйелі тәсілді қамтамасыз етуге, қалалық ортаның сапасын арттыруға және қаланың орнықты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған өзгерістерді іске асыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады және көзделген қаражаттан тыс қосымша бюджеттік шығыстарды талап етпейді.

Жобаны 2026 жылғы 10 сәуірге дейін  «Ашық НҚА» порталында талқылауға қатысуға шақырамыз: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15792137.

Дата публикации
27 марта 2026