Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы «Электрондық үкімет» порталында 2026 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулы жобасы жарияланғанын хабарлайды.
Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген « «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидалаларына сәйкес әзірленген.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне субсидиялар қайта өңдеуге жіберілген өнімдерді, сондай-ақ жабық жерде өсірілген көкөніс дақылдарын қоса алғанда, басым дақылдар бойынша шығындарды ішінара өтеу үшін беріледі.
Барлық мүдделі тұлғаларды «Ашық заңды тұлғалар» порталын мына сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15786224 талқылауға қатысуға шақырамыз.