«Алматы қаласы спортының басым түрлерінің тізбесін
бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/574 қаулысының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының
27-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Алматы қаласы спортының басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/574 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 1443 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Алматы қаласының Спорт басқармасы» комуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.