Алматыда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметі үшін төлемақыға берілетін жеңілдіктер тәртібіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Бұл 2024 жылы 15 сәуірдегі №111 қалалық мәслихат шешіміне түзету енгізу туралы болып отыр. Аталған құжат әлеуметтік осал топтарға қалдықтарды басқару қызметі үшін төлем жасау кезінде жеңілдік беру тәртібін реттейді. Бұл туралы қаланың Экология және қоршаған орта басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері айтты.
Өзгеріс 2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы жаңашылдықтарға байланысты енгізілмек. Атап айтқанда, өзгеріс қосылған құн салығы мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға дейін артуын көздейді.
Ұсынылып отырған түзету жаңа салықтық талаптарды ескере отырып, нормативтік-құқықтық базаны жаңартуға және әлеуметтік осал топтарға берілетін жеңілдік тетігін сақтауға бағытталған.
Құжат қабылданған жағдайда қолданыстағы нормалардың заңнамаға сәйкестігі қамтамасыз етіліп, қатты тұрмыстық қалдықты басқару саласындағы әлеуметтік қолдау шаралары жалғасады.