Алматы қаласы Бостандық ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес қарастырылған.

Аталған заңның 4 және 48-баптарына сәйкес, халықтың денсаулығына және санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатына қауіп төнген жағдайда, азаматтардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылған кезде, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен желілерінде, оның ішінде сумен жабдықтау жүйелерінде апаттар орын алған кезде, сондай-ақ салдарын штаттық режимде жою мүмкін болмай, қосымша күштер мен құралдарды тарту қажеттілігі туындаған жағдайда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін.

Бостандық ауданының бірқатар шағын аудандарында орталықтандырылған сумен жабдықтаудың ұзақ уақыт болмауына және халықтың қалыпты тыныс-тіршілік жағдайының бұзылуына байланысты, 2026 жылғы 12 ақпанда әкімдік жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялады.

Шешім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданды. Сонымен қатар, аталған шағын аудандар тұрғындарының көптеген өтініштері мен халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің жоғары әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, аудан әкімдігі жедел әрекет ету, қажетті ресурстарды тарту және жағдайды тұрақтандыру бойынша бірінші кезектегі шараларды қабылдау мақсатында төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15762856

Дата публикации
13 февраля 2026