2025 жыл қорытындысы бойынша есеп Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы

Электрмен жабдықтау

 

Алматы қаласының электр энергетикасын дамыту және сыртқы жарықтандырудың сенімділігін арттыру мақсатында 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы электрмен жабдықтау саласында 5 жобаны іске асыруды аяқтады. Пайдалануға енгізілген объектілердің жалпы құны 6,79 млрд теңгені құрады.

Іске асырылған жобалар аясында 2025 жылы 238 км электр желілері салынды және қайта жаңғыртылды. Бұл электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, тарату желілерінің шамадан тыс жүктелген учаскелеріне түсетін жүктемені төмендетуге, сондай-ақ тұтынушылар үшін электр энергиясының сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша қаладағы электр желілерінің тозу деңгейі 64,5 %-дан 63,3 %-ға дейін төмендеді, бұл электр желілік инфрақұрылымның техникалық жай-күйінің кезең-кезеңімен жақсарып келе жатқанын және оны жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін растайды.

Есепті жылы төмендегі электрмен жабдықтау объектілері аяқталды:

  1. Алматы қаласының Алатау ауданы индустриялық аймағында орналасқан «Энергостроитель» және «Теплоэнергетик» ПКСТ объектілерін электрмен жабдықтау;
  2. Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан Шолохов көшесі, 2д мекенжайы бойынша қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып, А литеріне жапсарлас салынған нарықты қайта жаңғырту (сыртқы электрмен жабдықтау желілері);
  3. Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан «Коктем» санаторийі ауданының тұрғын үйлерін (ТП-5193) электрмен жабдықтау;
  4. Қазыбаев көшесі, 6, 10, 10а, 11, 12 үйлерді электрмен жабдықтау;
  5. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының тарату электр желілерін салу.

2026 жылы жалпы сомасы 8,4 млрд теңгені құрайтын электрмен жабдықтау бойынша 9 өтпелі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 2026 жылы жалпы құны 40,7 млрд теңгені құрайтын электрмен жабдықтау саласындағы 12 жаңа жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы көзделген. Аталған жобаларды іске асыру мерзімдері 2026–2027 жылдарға жоспарланған.

Осы іс-шараларды іске асыру электр желілерінің тозу деңгейін кезең-кезеңімен төмендетуге, электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және қалалық инфрақұрылымның орнықты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жарықтандыру

 

2025 жылы Алматы қаласында жарықтандыруды қамту аясын кеңейтуге де, оның сапасын арттыруға да бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді. Қала аумағындағы бұрын жарықтандырылмаған 1 189 учаскеде сыртқы жарықтандырудың жаңа желілері салынды, нәтижесінде 16,5 мыңнан астам жарық нүктесі орнатылды. Қосымша түрде қалалық инфрақұрылымның 420 нысанына сәулеттік жарықтандыру орнатылды.

Сонымен қатар қолданыстағы жүйені жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылды: сыртқы жарықтандыруды басқарудың 635 шкафы ауыстырылды, 70 км сыртқы жарықтандыру желілері жаңартылды, сондай-ақ 80-нен астам көшеде 15,5 мыңнан астам шам ауыстырылды. Жалпы алғанда 32 мыңнан астам жарықтандыру шамы орнатылып, жаңғыртылды.

Бұдан бөлек, қызмет көрсету шеңберінде 36,5 мыңнан астам жарықтандыру шамы ауыстырылды. Іс-шараларды іске асыру барысында тұрғындармен белсенді өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді. 2025 жылы сыртқы жарықтандыру мәселелері бойынша азаматтардан түскен 14,2 мыңнан астам өтініш қаралды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылмен салыстырғанда көше жарықтандыруына қатысты өтінімдер саны 2 есеге қысқарды, бұл жарықтандырудың сенімділігі мен сапасының едәуір артқанын көрсетеді.

Қосымша түрде Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша аумақтық дамудың халықаралық бюросы — «Atlas Global KZ» ЖШС Алматы қаласының орталық бөлігінің және негізгі магистральдарының Жарықтық мастер-жоспарын әзірледі (Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 3/635 қаулысымен бекітілген). Аталған құжат жарықтық ортаны қалыптастыру саласында бірізді сәулеттік және техникалық шешімдерді енгізуді көздейді және Алматының үйлесімді, заманауи әрі қауіпсіз түнгі келбетін қалыптастыруға бағытталған.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде қаланың көше-жол желісі сыртқы жарықтандырумен 100% қамтылды, бұл қауіпсіздік деңгейін арттыруға және қалалық ортаның визуалдық тартымдылығын едәуір жақсартуға ықпал етті.

Сонымен қатар, 2026 жылы сыртқы жарықтандыруды басқарудың 238 тозған шкафын ауыстыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде орнатылған 5 000–6 000 К (суық) түсті 10 мыңнан астам шамды 4 000 К (жылы) түсті шамдарға алмастыра отырып, сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту жұмыстары жалғастырылады. Сондай-ақ 500-ден астам ғимаратта сәулеттік-декоративтік жарықтандыру орнату бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр.

 

Сумен жабдықтау және су бұру

 

  1. Алматы қаласы 6 негізгі су көзінен сумен қамтамасыз етіледі: Үлкен және Кіші Алматы өзендері, Ақсай, Қарғалы өзендері, сондай-ақ Алматы жерасты су көздері (219 ұңғыма) және Талғар кен орындарының жерасты су көздері (143 ұңғыма).

Тәуліктік жалпы су тұтыну көлемі 700 мың м³-ті құрайды, ал қуаттылығы тәулігіне 1,3 млн м³ (резерві – тәулігіне 600 мың м³).

Анықтама үшін: су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 4 024 км.

Мемлекет басшысының Алматы қаласының барлық аудандарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында, 2025 жылы қала әкімдігі тарапынан 330,7 км су құбыры желілері салынды және 60 км желі жаңғыртылды. Бұл орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділік деңгейін тұрғындардың 99,9%-ына дейін жеткізуге және желілердің тозу деңгейін 51%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазіргі уақытта 2 су қабылдау нысанының («Ақсай», «Ерменсай») құрылысы жүргізілуде және 1 су қабылдау нысанының («Барлық») жобалануы жүзеге асырылуда.

«Ақсай» су қабылдау нысанын іске қосу 2026 жылғы мамырға жоспарланған. «Ерменсай» су қабылдау нысанының құрылысын аяқтау 2026 жылғы қараша айына жоспарланып отыр.

«Барлық» су қабылдау нысаны бойынша 2026 жылғы желтоқсанға дейін мемлекеттік сараптамадан өте отырып, жобалауды аяқтау жоспарланған.

Жалпы қуаттылығы тәулігіне 90 мың м³ болатын барлық су қабылдау нысандарын пайдалануға беру Бостандық, Алатау және Наурызбай аудандарының 245 мың тұрғынын сумен қамтуға мүмкіндік береді.

 

Сондай-ақ, 2026 жылы 285,1 км су құбыры желілерін салу және 36,9 км желіні жаңғырту жоспарланған. Қабылданған шаралар су бұру желілерінің тозу деңгейін 49%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

  1. Су бұру жүйелерін дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. 2025 жылы су бұру желілерінің 306,4 км құрылысы жүргізіліп, 5,5 км желі жаңғыртылды. Бұл желілердің тозу деңгейін 49,5%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді (2024 жылы – 54,4%, яғни 4,9%-ға төмендеді).

Сонымен қатар, 2026 жылы су бұру желілерінің 275,3 км құрылысын салу және 11,9 км желіні жаңғырту жоспарланған. Қабылданған шаралар су бұру желілерінің тозу деңгейін 48%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: су бұру желілерінің жалпы ұзындығы 2 285 км-ді құрайды.

Наурызбай ауданының толық қосылған аумақтарын су бұрумен қамтамасыз ету мақсатында (шамамен 195 мың тұрғын, оның ішінде Алматы қаласының 175 мың тұрғыны және Алматы облысының 20 мың тұрғыны) ұзындығы 34,9 км болатын Батыс кәріз коллекторының құрылысы жүргізілуде.

Су бұру жүйелерін одан әрі дамыту бойынша жұмыстар жалғасады және Алматы қаласы әкімдігінің тұрақты бақылауында болады.

 

Жылумен жабдықтау

 

2025 жылы жалпы ұзындығы 39 км болатын 61 нысанда жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:

  • Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы – ұзындығы 4,7 км болатын 10 нысан;
  • «Алматы жылу желілері» ЖШС – ұзындығы 34,3 км болатын 51 нысан.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін басталды.

Жоғарыда аталған жұмыстарды іске асыру нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2,2%-ға төмендеп, 56,1%-дан 53,9%-ға дейін азайды.

Сондай-ақ, «АЖЖЭ» ЖШС-мен бірлесіп 17 қазандықты қайта жаңарту және 68 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстардың нәтижесінде қазандықтардың тозу деңгейі 3,5%-ға төмендеді.

Қайта жаңартудың негізгі мақсаты – ресурсты қалпына келтіру және физикалық тозуына байланысты жылу желілерінің жұмысын жақсарту.

Жүргізілген іс-шаралар Алматы қаласының тұрғындарын сапалы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жылу шығынын, тозу деңгейін және апаттылықты азайтуға мүмкіндік берді.

Аталған жұмыстар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және коммуналдық саланы орнықты дамытуға бағытталған қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

 

 


Газбен жабдықтау

 

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ АлӨФ-ның 2022–2026 жылдарға арналған инвестициялық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Тараз Агро Пром Сервис» ЖШС мердігерлік ұйымы жоспарланған 31,7 км газбен жабдықтау желілерінің 30 км-ін (жылдық жоспардың 90%) қайта жаңарту жұмыстарын орындады.

2025 жылы «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ АлӨФ тарапынан жаңа газ желілерінің құрылысы жүргізілген жоқ. Қазіргі уақытта 2027-2031 жылдарға арналған инвестициялық даму бағдарламасына енгізу мақсатында жобалар пулын қалыптастыру, сондай-ақ қолданыстағы газ желілерін техникалық тексеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алматы қаласы Наурызбай ауданын салу үшін газбен жабдықтаудың магистральдық желілерін салу» жобасын іске асыруда. Жобаны «AKBARS STROY Ltd» ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асыруда, жалпы ұзындығы 6,7 км газ желісі салынуда. Жоба аясында 3 мыңға жуық тұрғын («Alma City», «Елім-ай 4» тұрғын кешені, «Елисей алаңдары» коттедж қалашығы) газбен қамтылып, көппәтерлі тұрғын үйлердің (КТҮ) құрылысын одан әрі дамыту перспективасы көзделген.

Сондай-ақ, «Халық» қайырымдылық қорымен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын азаматтардың тұрғын үйлерін газбен жабдықтауға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы аталған санаттағы 49 тұрғын үй газ желілеріне қосылды.

 

 

 

Дата публикации
03 февраля 2026