2025 жылы дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы

Басқарманың негізгі қызметі конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге, діни радикализм мен экстремизмді насихаттауға қарсы іс-қимыл жасауға, мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған.

 

Діни ахуал туралы

Қалада 17 конфессияны қамтитын 190 діни бірлестік тіркелген.

Анықтама: 56 - мешіттер, 23 – православтық шіркеулер, 8 – католиктік шіркеулер, 89 – протестанттық діни ғимараттар, 5 – Ехоба куәгерлерінің ғимараты, 1 – жаңаапостолдық шіркеу, 1 – Кришна санасы қоғамы, 1 – Синагога,
1 – Бахаи қоғамы, 1 – Вон-буддистердің діни ғимараты, 1 – Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелері шіркеуі, 1 - Мун шіркеуі және 2 – методисттік шіркеуі.

Барлығы 121 діни ғимарат жұмыс істейді.

Анықтама: 56 мешіттер, 20 православтық шіркеулер мен соборлары,
3 католиктік шіркеулер, 1 синагога, 1 Вон-буддистердің діни ғимараты,
34 протестанттық конфессияларға тиесілі діни ғимараттар, 4 - Ехоба куәгерлерінің ғимараты, 1 - жаңаапостолдық шіркеу, 1 Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелері шіркеуі.

Қала тұрғындарының негізгі бөлігі мұсылмандар мен православтық христиандардан тұрады. Қаладағы дін ұстанатын халықтың жалпы саны 132 мыңнан аса адамды құрайды. Мешіттерге тұрақты түрде 80 мыңнан астам адам, православтық шіркеулерге 20 мыңға жуық адам келеді. Протестанттар саны – 30 мың адам, барлық шіркеулер мен қауымдар, діни жиналыстарға (діни ғимараттарға) тұрақты қатысатындарды қосқанда католиктер – 500 адам, еврейлер – 200 адам, буддистер – 100 адамнан аспайды.

Алматы қаласында 4 діни оқу орны тіркелген («Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті; ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру институты; «Әбу Ханифа» колледжі (медресе); Православ шіркеуінің Алматы рухани семинариясы),
7
ғибадат бөлмесі және діни әдебиетті таратуға арналған 31 арнайы орындар жұмыс істейді.

132 миссионер тіркелген.

 

Негізгі бағыттар:

 

  1. Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету

«Діни бірлестіктер басшылары клубы» аясында 20 іс-шара (форумдар, спорттық жарыстар, экологиялық акциялар мен сенбіліктер, мәдени-ағартушылық жобалар және т.б.) өткізілді. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайту болды.

 

  1. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы

Қала тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 69 маманнан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды. Аталған топпен тәуекел аймақтары бойынша нысаналы аудиториялар арасында 108 455 адамды қамти отырып, 2 553 іс-шара өткізілді.

 

  • БАҚ-та және интернет кеңістігінде контрнасихат жұмысы туралы

          Басқарма тарапынан танымал әлеуметтік желілерде (Instagram, TikTok, VK, Facebook, Telegram) жалпы аудиториясы 109,5 мың адамды құрайтын 11 ресми аккаунт белсенді түрде ілгерілетілуде.  

2 922 материал жарияланды (41 млн қаралым, 1 172 341 лайк, 136 337 пікір, 372 280 репост).

          Қосымша, «KCell», «Beeline», «Altel/Tele2» операторлары арқылы ҚР заңнамасының талаптары туралы ақпаратпен 1,6 млн абонентке SMS-хабарламалар жолданды.

 

Әкімшілік құқық бұзушылықтар:

 

Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 және 490-баптары (діни қызмет саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзу) бойынша 10 жеке және
2 заңды тұлғаға қатысты 12 әкімшілік іс қозғалды.

Қарау нәтижесінде 9 әкімшілік іс бойынша құқық бұзушыларға жалпы сомасы 257,5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, ал 3 іс қысқартылған тәртіпте қаралып, нәтижесінде ескерту түріндегі жаза тағайындалды.

 

 

Дата публикации
02 февраля 2026