Алматы - Қазақстанның экономикалық орталығы. Алматы қаласы ЖӨӨ көлемі бойынша елімізде 1 орынға ие (2019 жылы 20,9%), сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту орталығы болып табылады. Қалада 2019 жылы жан басына шаққанда ЖӨӨ 7 651,8 мың теңгені құраған. Алматы қаласының ЖӨӨ құрылымы әлемнің көптеген дамыған қалаларына ұқсас, мұнда сауда қала экономикасының 35,7%-дан астамын, ал қызметтер секторы тұтас алғанда - 30%-нан артығын құрайды. Өнеркәсіптің үлесіне Алматы қаласының ЖӨӨ небары 4,8% ғана тиесілі, оның көп бөлігі тағам өнеркәсібі түрінде.