Қайырлы таң, құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!
Бүгінгі кездесуімізде жүздесіп отырғаныма қуаныштымын!
Бостандық ауданы қарқынды дамып келеді және инвестиция тарту бойынша жетекші орын алады. 2024 жылдың 7 айында ауданға 150 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды.
Әрбір 5-ші шағын және орта бизнес субъектісі Бостандық ауданында жұмыс істейді. Жыл басынан бері олардың саны 8% ұлғайып, 5 мыңнан астам аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.
Салық түсімі 34% ұлғайып, 320 млрд. теңгеге жуықтады.
Аудан бюджеті 2024 жылы 13,1 млрд. теңгеге өсті. 2024 жылдың маусым айында бюджет тағы да 32% ұлғайтылып, 29,1 млрд. теңгені құрады. Аталған қаражат инженерлік желілерді модернизациялауға, көлік инфрақұрылымы мен қоғамдық кеңістіктерді көріктендіруді дамытуға бағытталды.
БІРІНШІ. Бостандық ауданының инженерлік инфрақұрылымын дамыту аудан әкімдігімен бірлескен жұмысымыздың басты бағыттарының бірі болып табылады.
Осы жылдың қазан айында 1 км су құбыры және кәріз желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтаймыз.
Бостандық ауданның жоғарғы бөлігі тұрғындарын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету ең маңызды сұрақтардың бірі болып отыр. Биыл қыркүйек айының соңына дейін «Ерменсай» шағын ауданының тұрғындарын ауыз сумен қамту үшін қуаттылығы тәулігіне 9 мың. м3 құрайтын су алу ғимаратының құрылысы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады деп күтілуде. ҚМЖ мерзімі – 2025 жылдың 2 тоқсаны.
«Нұрлы тау» шағын ауданында 62 км сумен жабдықтау және 34 км кәріз жүйелері құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жуық арада аяқталады, 2024 жылдың қарашасында мемлекеттік сараптамадан шығуы күтілуде.
Осы жобалар Бостандық ауданының жоғарғы бөлігінің 25 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері әкімдік қызметтерімен 1 800-ден астам жарық шамдары ауыстырылып, тұрғындардан келіп түскен 2 мыңнан астам өтініштері орындалды.
Осы жылғы қыркүйек айының соңына дейін жалпы сомасы 250 млн теңгеге Алмагүл, Орбита 1, 2 ықшам аудандарында, сондай-ақ Тлендиев көшесі бойымен Жандосов көшесінен «Акварель» ТҮК дейін қосымша 267 жарық бағандарын орнату аяқталады.
Ескерткіштердің көрнекі эстетикалық сәулеттік келбеті мен ерекшеліктерін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың соңына дейін 9 тарихи-мәдени мұраға түнгі жарықтандыруды орнату жоспарланған.
ЕКІНШІ. Жол-көлік инфрақұрылымын модернизациялау ауданды дамытудың басымды аспектілерінің бірі болып табылады.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарының аясында 69 көшеде 22 мың шаршы метр жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жылғы қараша айының соңына дейін қосымша 8 мың шаршы метр жол жабындысына жөндеу жүргіземіз.
ҮШІНШІ. Сапалы әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылуда.
Осы жылдың соңына дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобаясының аясында 4 000 орынға арналған
2 жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде. Розыбакиев көшесінде орналасқан 1 500 орындық мектеп құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Егізбаев көшесіндегі 2 500 орындық екінші мектеп құрылысы 2025 жылдың мамыр айында аяқталады.
Осы жылы ауданның 2 мектебінде сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жоспарланған. Тамыз айында сомасы 2 млрд. теңгеге №70 мектебінде құрылыс жұмыстары аяқталды. 2024 жылы қазан айында сомасы 2,4 млрд. теңгеге №138 гимназиясында жөндеу жұмыстарының аяқталуы жоспарлануда.
Биыл қыркүйек айында №189 және №191 жалпы білім беру мектептеріне күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары басталды. Аяқтау мерзімі 2025 жылдың тамыз айы. Аталған мақсатқа 4,2 млрд. теңге қарастырылған.
2024 жылдың 4 тоқсанында 450 орынға арналған жапсарлас ғимарат салу арқылы №73 мектепке сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізуді бастаймыз.
Орбита-3 шағын ауданында орналасқан бұрынғы балалар үйінің орнына жалпы сыйымдылығы
480 орындық 2 балабақша ашу бойынша реконструкция жұмыстары жалғасуда. Құрылысты аяқтау мерзімі 2025 жылдың наурыз айы.
Сонымен қатар, биыл шілде айында №81 балабақшаға сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды, 2024 жылдың 4 тоқсанында №87, 89 және 137 балабақшаларға күрделі жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Аталған мақсаттарға 5,5 млрд. теңге қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың соңында аяқталады.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында №4 емхананың және №12 емхананың күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
Осы жылдың тамыз айында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының емханасына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Аяқталу мерзімі 2025 жылдың ақпан айы.
ТӨРТІНШІ. Қалалық жайлы ортаны дамытудың аясында сіздің аудандағы қоғамдық кеңістікті абаттандыруға айрықша назар аударылуда.
Осы жылдың қыркүйек айында 70 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар басталды. Оған осы жылдың мамыр айындағы бюджетті нақтылау кезінде қосымша 400 млн. теңге бөлінген. Жұмыстар 2024 жылдың қараша айында аяқталады.
Сонымен қатар, Желтоқсан көшесінің Абай мен Сәтбаев көшелерінің аралығындағы бөлу жолағын абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталатын болады.
Осы жылы жаяу жүргіншілер серуендейтін және саябақ аймақтарын жайластыру, балалар, спорт алаңдарын жөндеу және ауданды абаттандыру бойынша 50 жаңа жобаны іске асыру үшін 2,8 млрд. теңге бөлінді.
Осы жылдың қыркүйек айының соңына қарай Байзақов және Тұрғыт Озал көшелерінің арасындағы Абай даңғылының бөлу жолағының жаяу жүргіншілер серуендейтін аймағын абаттандыруды, сондай-ақ 12 учаскеде автоматты суару жүйесін салу жұмыстары аяқталады.
37 жобаны жүзеге асыру 2024 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!
Назарларыңыз үшін рахмет!
Енді сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.