Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» жобасына түсіндірме хат

Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 9 наурыздағы №1/76 «Алматы қаласы мемлекеттік басқару органдарының кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес қазіргі уақытта «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» КММ «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ болып өзгертілді.

Осыған байланысты Басқарма «Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасын әзірледі (Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы», 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 «Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» шешімдері), онда өзгерістер енгізу көзделеді («Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» деген сөздер «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын), сіздің бекітуіңізге енгізіледі.    

Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» жобасына түсіндірме хат
Дата публикации
09 января 2023