V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, VII сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
- V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1067 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістертер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесі, аталған шешімнің қосымшасына сәйкес келесі редакцияда мазмұндалсын:
- Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Ә. Жүдебаевқа жүктелсін.
- Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.