Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Бостандық ауданы, Байзақов к., 300 мекенжайында орналасқан, Алматы қаласы әкімінің аппараты «Алматы қаласы әкімі аппаратының жанындағы «Алматы қаласының Құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Кәсіпорынның негізгі қызметі түрлі авариялық және төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтерді көрсету болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білім және экономика саласында кәсіпорынның бағытына сәйкес басшы лауазымдарда мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтіл болуы тиіс.
Директор кәсіпорын қызметінің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық заңнамасына сәйкес басшылық етеді. Кәсіпорын қызметінің саясатын, қызметінің стратегиясын және оларды жүзеге асыру механизімін анықтайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) еркін үлгіде жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының көшірмесі;
6) белгіленген нысандағы денсаулығы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың, ғылыми мақалаларының көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары және т.б.).
Әңгімелесу қашықтықтан онлайн тәртібінде ZOOM қосымшасы арқылы өтеді.
Аталған құжаттар, хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде, мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 471 каб. ұсынылуы тиіс.
Анықтама үшін телефон: 271-66-88.