VII сайланымның Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының хаттамасы

Тұрақты комиссияның отырысын Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Жүдебаев Арман Әділханұлы жүргізді.

Қатысқан депутаттар:

Болат Нұрмырзаұлы Садықов, Алмат Тұрысбекұлы Қодасбаев, Райхан Чантқызы Бөлекбаева, Гүлжан Мырзалықызы Бекенова, Жансая Даниярқызы Әбдумәлік, Серік Аманжолұлы Есматов.

Шақырылғандар: Мамай Қаниұлы Ахетов – Алматы қаласы әкімі аппараты Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының басшысы.

 

Күн тәртібі:

 

  1. «Алматы қаласы Наурызбай аудандағы көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы».

 

Баяндаушы: Мамай Қаниұлы Ахетов – Алматы қаласының әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының басшысы.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, халықтың пікірін ескеру үшін Алматы қаласының әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы бойынша қажетті материалдарды Алматы қаласы мәслихатының қарауына енгізді.

Тыңдалды: Алматы қаласы әкімі аппараты Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының басшысы М.Қ. Ахетов:

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша «Ақжар» шағын ауданындағы:

Карьерная көшесін – Қилыбай Медеубеков көшесі;

 

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша «Наурыз» шағын ауданындағы:

         Интернациональная көшесін – Саламат Мұқашев көшесі беруін ұсынды.

VII сайланымның Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:  

  1. Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстары келісілсін.

2. Алматы қаласының әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының басшысы М.Қ. Ахетов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, жеті жұмыс күннің ішінде Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясының хаттамасын Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін, сондай-ақ тиісті ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

Шешім бірауыздан қабылданды.

VII сайланымның Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының хаттамасы
Дата публикации
13 апреля 2021