Алматы қаласы әкімі аппаратының инспекторлық жұмыс бөлімі туралы ереже

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының

2025 жылғы «____» __________ №____

бұйрығына 1 қосымша

 

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының

2024 жылғы 18 маусымдағы №5/б-к

бұйрығына 1 қосымша

 

 

Алматы қаласы әкімі аппаратының

инспекторлық жұмыс бөлімі туралы ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Алматы қаласы әкімінің аппаратының инспекторлық жұмыс бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Алматы қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларын, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.

 

  1. Бөлімнің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері

 

  1. Бөлімніңміндеті:

1) ауданның даму мәселелерін үйлестіру және аудан әкімдері аппараттарының, қалалық басқармалар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысын бақылау. Алматы қаласында барлық деңгейдегі сайлауды өткізуді үйлестіру.

  1. 5. Құқықтары мен міндеттері:
  • мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және мекемелермен Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
  • Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
  • әкімге, әкімнің орынбасарларына, аппарат басшысының орынбасарына және аппарат басшысына құрылымдық бөлімшелердің қызметін және құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес келетін мәселелерді талқылау кезінде Алматы қаласы әкімі және оның орынбасарлары, аппарат басшысы өткізетін кеңестерге, Алматы қаласы әкіміне тікелей бағынатын Алматы қаласы әкімдігінің отырыстарына қатысу;
  • Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдерімен, басқарма және аппарат бөлімдерінің басшыларымен өзара іс-қимыл жасау;
  • Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының келісімімен инспекторлық қызметті жүзеге асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін тарту;
  • атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша аппарат басшысының орынбасарына, аппарат басшысына есептер ұсыну, олардың ішінде көрсеткіштердің орындалуы, жүйелі бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар, тапсырмалардың орындалуы және аудан әкімдері мен басқарма басшыларының қызметінің тиімділігіне баға беру;
  • аудан әкімдерінің, олардың орынбасарлары мен аппарат қызметкерлерінің қатысуымен кеңестер өткізу;
  • қолданыстағы заңнама талаптарын, сондай-ақ осы Ереженің нормаларын сақтау;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді сақтау.
  1. 6. Функциялары:
  • Алматы қаласы әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Бөлімнің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларды қарау;
  • Алматы қаласының экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуы процестерін мониторингтеу, талдау және болжау;
  • Аппарат басшысына және қала әкіміне құрылымдық бөлімшелер ұсынған ақпараттың шынайылығын және қойылған міндеттерге сәйкестігін бақылау;
  • Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, қоғамдық және бағынысты ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру;
  • қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер және тұрғын үй қатынастары, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, автожолдар, табиғатты пайдалану, энергетика және коммуналдық шаруашылық, экономика, қаржы және өзге де салалар бойынша жұмыстарды инспекциялау;
  • Алматы қаласы аудан әкімдері аппараттарының және басқармаларының қызметіне талдау жүргізу және анықталған кемшіліктерді жою мен жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • қала әкімі мен аппарат басшылығына арналған анықтамалар, талдамалық материалдар, шолулар және есептер дайындау;
  • түсетін ақпаратты жүйелеу және талдау, жиынтық кестелер мен есептік нысандарды қалыптастыру;
  • қызметтік жазбалардың жобаларын, сондай-ақ кеңестерге, отырыстар мен жұмыс кездесулеріне арналған материалдарды дайындау;
  • кеңестердің ұйымдастырылуы мен үйлестірілуін қамтамасыз ету, соның ішінде ақпарат жинау, күн тәртібінің жобаларын әзірлеу және қатысушылар тізімін қалыптастыру;
  • қала әкімі мен аппарат басшылығы тапсырмаларының орындалу мерзімдерін есепке алу және бақылау;
  • жиынтық есептер дайындау үшін сұрау салу және құрылымдық бөлімшелерден шұғыл ақпарат жинау;
  • Алматы қаласы әкімі аппаратының және бағынысты ұйымдардың қызметін инспекциялау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. 7. Бөлімнің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. 8. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
  3. 9. Бөлім басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге
    асырады және Бөлімге жүктелген жоғарыда аталған міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы әкім аппаратының басшысына Бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
  5. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін бөлімнің бас инспекторы орындайды.
  6. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

 

 

Дата публикации
23 августа 2026