Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасы Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.
Алматы қаласы мәслихатының шешім жобасы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді, өйткені бұрын қабылданған және әділет органдарында тіркелген нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау жөніндегі үлгілік қағидалар негізінде әзірленген. Қағидаларды жаңа редакцияда баяндау қажеттілігіне байланысты Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешімін күші жойылды деп тану және Қағидаларды жаңа редакцияда бекіту ұсынылады.
Алматы қаласы мәслихатының шешімі жобасын 2026 жылғы қыркүйектің соңына дейін күші жойылды деп тану, әділет органдарында тіркеусіз Алматы қаласы мәслихатының жаңа шешімін одан әрі қабылдау мақсатында әзірленді. Күтілетін нәтиже – жергілікті нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету. Мерзімі – шешім қабылданып, қолданысқа енгізілгеннен кейін.
Шешім жобасында Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1750 болып тіркелген);
2) Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 169 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы
8 желтоқсандағы №73 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1793-02 болып тіркелген);
3) Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 207 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы
8 желтоқсандағы №73 шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1810-02 болып тіркелген);
Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді.
Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15898005 сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.