Алматы қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі туралы ереже

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының

2026 жылғы «___» ________ №___ бұйрығына

2 қосымша

 

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының

2024 жылғы 18 маусымдағы № 5/б-к бұйрығына

18 қосымша

 

 

Алматы қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Алматы қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Алматы қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да заңнамалық актілерді, Мемлекет басшысының жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларын, мәслихат шешімдері мен Алматы қаласы әкімінің өкімдерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында қала әкімінің және қала әкімдігі аппаратының құқық қорғау және арнаулы органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың, нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша қалалық құрылымдардың қызметін үйлестіру.

Функциялары:

  • қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі актілерінің, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жобаларын дайындау;
  • Алматы қаласының әкімі, оның орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы арқылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, Парламент аппаратымен, орталық атқарушы органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ведомстволарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық комиссияның, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Антитеррорлық комиссияның, Мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін үйлестіру бойынша ведомствоаралық штабтың, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның, Дағдарыстық жағдай туындаған немесе оның туындау қаупі болған кезде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру бойынша өңірлік жедел штабтың қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының жұмысына жәрдемдесу;
  • құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қалалық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;
  • құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аудан әкімдері аппараттарында, қалалық қызметтер мен бөлімшелерде іс-шаралар жоспарларының және хаттамалық шешімдердің орындалуын үйлестіру;
  • Алматы қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардан және өзге де уәкілетті органдардан құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күресті және құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жұмысты ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша келіп түсетін ақпарат пен өзге де материалдарды талдау. Оларды орындау нәтижелері бойынша ақпарат дайындау;
  • Бөлім құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларды қарау;
  • Қазақстан Республикасы прокуратурасы және әділет органдарының актілерін қарау, олар бойынша тиісті жауаптар дайындау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

  1. Міндеті: терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және ықтимал қауіптердің салдарын барынша азайтуға әзірлікті қамтамасыз ету мақсатында террористтік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру.

 

Функциялары:

1) объектілер туралы ақпаратты олардың террористтік тұрғыдан осал объектілер критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарау және талдау;

2) Тізбені әзірлеу және оны қала әкімдігінің бекітуіне енгізу;

3) Тізбені ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарымен келісу;

4) Тізбеге енгізілген объектілерді өзектендіру және мониторинг жүргізу мәселелері бойынша атқарушы органдар мен аудан әкімдері аппараттарының қызметін үйлестіру.

  1. Бөлім қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

1) Бөлімнің жұмыс бағыттарына сәйкес келетін мәселелерді талқылау кезінде қала әкімдігінің кеңестері мен отырыстарына қатысу;

2) әкімге, оның орынбасарларына және қала әкімі аппаратының басшысына Бөлімнің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

3) өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату;

4) Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының келісімімен құқықтық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, Алматы қаласы әкімінің және әкімдігінің актілері жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін тарту;

5) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласының әкімі, оның орынбасарлары, қала әкімі аппаратының басшысы жанындағы кеңестерге қатысу.

Міндеттері:

6) Бөлім қызметкерлері өз қызметін жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ осы Ереженің нормаларын басшылыққа алуға міндетті.

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

  • Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзіне жүктелген негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  • Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын оның басшысы басқарады.
  • Бөлім басшысы Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.
  • Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін құрылымдық бөлімшенің бас мамандарының бірі атқарады.
  • Бөлімнің атынан Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.

 

Дата публикации
19 августа 2026