Алматы қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі туралы ереже

Алматы қаласы әкімі

аппараты басшысының
2026 жылғы «___» __________
№ _____ бұйрығына

қосымша

 

Алматы қаласы әкімі

аппараты басшысының
2024 жылғы 18 маусымдағы
№ 5/б-к бұйрығына

9 қосымша

 

 

Алматы қаласы әкімі аппаратының

өтініштерді қарауды бақылау бөлімі туралы

ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Алматы қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін (бұдан әрі - ӘРПК), «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы», «Масс-медиа туралы» Заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын (бұдан әрі – № 976 ҚР Президентінің Жарлығы), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы №10 регламентін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 1 маусымдағы № 22-01-38.16 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу және оларды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жолдау қағидаларын (бұдан әрі – Президент Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу қағидалары), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын, сондай-ақ басқа заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары, мәслихаттың шешімдері және Алматы қаласы әкімінің өкімдерін, өзге де заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерін, Әкім аппараты туралы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.

 

  1. Бөлімнің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеттері:

1) Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарауына бақылауды жүзеге асыру;

2) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің келіп түскен өтініштеріне талдау жасау, жүйелі мәселелерді анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

3) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын ұйымдастыру;

4) Алматы қаласы әкімі аппаратының жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығының (бұдан әрі – АҚО) қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

5) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Азаматтардың өтініштерімен жұмыс бөлімінің және орталық мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау шеңберінде берген тапсырмаларын (бұдан әрі – Тапсырма) уақтылы және толық орындауын бақылау;

 

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттемелері:

1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдар мен мекемелермен қызметтік хат алмасу жүргізу;

2) Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарынан және басқа ұйымдардан қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрау және алу;

3) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Әкім аппараты басшысының қарауына ұсыныстар енгізу;

4) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептік алқалы іс-шараларға, жиналыстарға қатысу;

5) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Әкім аппаратының бөлімдерімен, ЖАО, ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген өзге де міндеттемелерді сақтау;

8) өз қызметкерлерін біліктілігін арттыру курстарына жіберу өту және (немесе) тағылымдамадан өткізу арқылы кәсіби деңгейін көтеру.

 

  1. Функциялар:

1) жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің: электронды форматта, қағаз жеткізгіште, оның ішінде пошта байланысы арқылы, сондай-ақ АҚО өз қолымен жеткізілген өтініштерін қабылдауды және тіркеуді бақылау;

2) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінен келіп түскен өтініштерін тіркеуді және алғашқы бағытталуын жүзеге асыру;

3) ЖАО мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға келіп түсетін өтініштерді контент-талдау жасау, халықтың проблемалық мәселелерін анықтау, қала басшылығы үшін тиісті ақпарат (шолу, қызметтік жазбалар және т.б.) дайындау, қажет болған жағдайда басшылықтың бақылауына қою;

4) жергілікті атқарушы органдардың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау кезінде ӘРПК нормалары мен талаптарының сақталуына бақылауды және мониторингті жүзеге асыру;

5) қала басшылығының бақылауына алынған жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері бойынша берілген жауаптардың және қабылданған шаралардың сапасына талдау жасау;

6) Алматы қаласы әкімінің, әкім орынбасарларының, әкім аппараты басшысының, оның орынбасарларының, аудан әкімдерінің, олардың орынбасарларының, сондай-ақ Алматы қаласы басқармалары басшыларының және олардың орынбасарларының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекіту;

7) Алматы қаласы әкімінің, әкім орынбасарларының, әкім аппараты басшысының және оның орынбасарларының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау тізімін қалыптастыру;

8) Алматы қаласы әкімінің, әкім орынбасарларының, әкім аппараты басшысының және оның орынбасарларының, сондай-ақ ӘРПК сәйкес қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті әкім аппаратының өзге де қызметкерлерінің жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін кесте бойынша және кестеден тыс жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу;

9) Алматы қаласы әкімінің халықпен кездесулер өткізгеннен кейін жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес халықтың проблемалық мәселелерін қалыптастыру;

10) азаматтардың жеке қабылдауларының және халықпен есептік кездесулерде, сондай-ақ осы кездесулер шеңберінде өткізілетін қабылдауларының және қойылған сұрақтардың бөлек есебін жүргізу;

11) «e-Otinish» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – «e-Otinish» АЖ) «Азаматтарды қабылдау» модульінде жеке қабылдау бойынша өтініштердің орындалуына, оның ішінде қабылдау карточкаларын толтыру және жеке қабылдау хаттамаларын енгізуге мониторинг жүргізу;

12) аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының және олардың орынбасарларының бекітілген кестелерге сәйкес жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру мен өткізуге мониторинг жасау;

13) Әкім аппаратында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау жөніндегі бөлімінің меңгерушісімен бейнеконференцбайланыс форматында жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын ұйымдастыру;

14) Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратына қоғамдық-саяси ахуал туралы ақпарат беру және анықтамалық материалдар дайындау;

15) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау жөніндегі заңнаманы және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

16) «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесі арқылы өтініштерді қарау нәтижелері бойынша жауаптарға өтініш берушілердің қойған бағаларына мониторинг жасау;

17) ҚР Президентінің № 976 Жарлығы, Президент Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес тапсырмалармен жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

18) тапсырмаларды уақтылы тіркеу мен бағыттаудың, тапсырмалардың жауапты орындаушы мен бірлесіп орындаушыға жетуінің аралық кезеңдерінің сақталуын бақылау;

19) келіп түскен тапсырмалар бойынша Алматы қаласы әкімінің бұрыштамасын (фишкасын) дайындау;

20) тапсырмалардың толық, уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі ЖАО қызметін талдау және бақылау, өзара іс-қимыл жасау, қажет болған жағдайда сапасыз жауап жобасын қайта пысықтауға жіберу;

21) ҚР Президентінің № 976 Жарлығына және Президент Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жыл сайынғы жиынтық есептік ақпаратты дайындау (31 наурыздан кешіктірмей);

22) тапсырмалардың орындалуына жүйелі ішкі бақылау мен мониторингті ұйымдастыру, тапсырмалардың орындалу барысы туралы қажетті ақпаратты (оның ішінде жұмыс тәртібімен) ұсыну, қажет болған жағдайда ақпаратты қайта тексеру, сондай-ақ бақылаудан уақтылы алу;

23) «e-Otinish» АЖ «Басқа МО-ға Тапсырма/Сұрау» модульінде қалыптастырылған әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне берілген ішкі шығыс тапсырмалар мен сұраулардың орындалуына, сондай-ақ оларды бақылаудан алуға бақылауды жүзеге асыру;

24) Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларын тапсырмалардың орындалу сапасы мәселелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;

25) «e-Otinish» АЖ Бірыңғай білім базасының толтырылуына және өзектілігіне мониторингті жүзеге асыру;

26) азаматтар жиі қоятын сұрақтар туралы ақпаратты әкімдіктің ресми интернет-ресурсында өзекті ақпарат жариялау үшін Әкім аппаратының баспасөз қызметіне ұсыну;

27) қалалық АҚО мен 8 аудандық АҚО қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;

28) АҚО қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығына және «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі жұмысқа мониторинг жасау;

29) АҚО қызметкерлерінің жұмыс тиімділігіне белгіленген стандарттар мен регламенттерге, алгоритмдерге сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жасау, кейін олардың қызметіне берілген ұсынымдар мен бағалауды, басшылыққа енгізу;

30) АҚО жұмысын жақсарту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;

31) АҚО қызметкерлеріне оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсету;

32) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдеріне консультациялық көмек көрсету;

33) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ЖАО мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың атқарушылық тәртібін бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде тәртіптік жауапкершілік туралы ұсыныстар енгізу;

34) «e-Otinish» АЖ «Петициялар» бөліміне ЖАО жолданған петициялардың бар-жоғына мониторинг жасау, петицияларды тіркеу және бағыттау;

35) барлық келіп түскен петицияларды саны, көтерілетін мәселелердің сипаты, қарау мерзімдерінің сақталуы және петицияларды қарау кезіндегі ӘРПК талаптары бойынша жинақтау және талдау және бірінші басшыны хабардар ету;

36) жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету, семинар-тренингтер өткізу;

37) Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

38) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, петицияларды қарау;

39) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар, талдаулар, ақпараттар, талдамалы анықтамалар және т.б. дайындау.

 

  1. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру

 

  1. Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ие болады.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлімнің басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  4. Бөлімнің басшысы Әкім аппаратының басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
  5. Бөлім басшысы осы мақсатта:

1) Бөлімнің бас инспекторлары мен бас маманының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлім атынан құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
19 августа 2026